Мойынның клиникалық анатомиясы Жалпы деректер



бет19/33
Дата27.05.2020
өлшемі68,04 Kb.
#71269
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
Байланысты:
мойын кітап

Өңешті операциялық ашу

Өңешке операциялық емдеу шараларын мойын тұсында жасауға жататын көрсетілімдерге бөтен заттардың тұрып қалуы, оң тигеннен немесе басқадай жарақаттану, күюден немесе басқа себептерден өңештің тарылуы т.б. жатады.

Операциялық шаралар, әдетте өңешті операциялық ашудан басталады, содан соң жарақаттанудың немесе оның асқынуларының сипаттарына қарай әртүрлі басқадай тәсілдер қолданылады: өңешке тілік жасау және тігу, өңеште тесік жасау (oesophagostomia), өңеш маңы шелмайға дренаж қою т.т.

Науқас шалқасынан жатқызылады: иықтарының астына аса биік емес білік немесе жастық салынады, басы артқа шалқайтылып, оңға бұрылады. Өңештің мойын бөлігі ортаңғы сызықтан солға қарай ығысатындықтан, операция мойынның сол жағынан жасалады, операция жасаушы хирург сол жақтан тұрады.



Ауырсындырмау. Жергілікті анестезия қолданылады. Себебі, бұл әдіс көмейдің қайырылма нервінің ауыр жарақаттануынан дыбыстық бақылау арқылы сақтануға мүмкіндік береді: науқастан операция барысында сөйлеп жатуын талап етеді. Дауыста сәл де болса, сырыл пайда болған жағдайда, қайырылма нервтің өтетін жерлеріндегі тіндермен ерекше сақтықпен жұмыс істеу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет