Молекулалық биология дәрістер жиынтығы Кіріспе


Дезоксиринбонуклеин қышқылы –ДНҚ



бет7/44
Дата09.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#131244
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Байланысты:
molekulalyk biologiya alpamysova gulzhayna
Аналитикалы ойлау, sol3e placement test answers, sol3e placement test answers, Английский
Дезоксиринбонуклеин қышқылы –ДНҚ организдердің басым көпшілігінде (құрамына РНҚ кіретін вирустерден басқа ) тұқым қуудың материалдық негізі болып табылады.ол адамның және барлық басқа организмнің жасушаларында болады. Сонымен бірге ДНҚ кейбір бактериофагтар мен вирустарда да болады. Организмдегі барлық жасуша ядроларында ДНҚ саны әрдайым бірдей болады.
ДНҚ – ұзын макромолекула, оның негізгі құрылыс мүшелері дезоксирибонуклеотидтер болып табылады. Нуклеотид үш құрылымды элементтен: органикалық қосылыстан, көмірсутегінен және фосфор қышқылфынан құралған ДНҚ-да дезоксирибоза деп аталатын көмірсутегімен фосфор қышқылы барлық нуклеотидтерде бірдей; нуклеотидтерде органикалық қосылыстартар бірнешеу: аденин (А), тимин (Т), гуанин (Г) жән цитозин(Ц). ДНҚ молекуласы ширатылған қос тізбекті спираль (лат. «спиралис»- шиыршық сым) тәрізді иірілген. Әр тізбектің нуклеотидтерінің бір-бірімен кезектесіп жалғасқан көмірсутегімен фосфаттың қатары осы спиральдың қаңқасы болып табылады. Шиыршықтың ішкі кеңістігінде бір тізбектің азо ттық негізінде екінші тізбекке сәйкес негіздермен сутегілік байланыстар құрып, бір-бірімен берік ұстасып тұрады. Азоттық негіздердің химиялық құрылыстарының ерекшеліктері бір тізбектің аденині (А) екі сутегілік байланыс нәтижесінде екінші тізбектің тек тиминінен (Т) ғана , ал гуанин (Г) үш байланыс арқылы тек цитозинмен (Ц) ғана біріге алатынн көрсетеді. Яғни, бір тізбектің бойындағы азоттық негіздердің орналасу тәртібін де өтеоңай анықтауға болады. Осындай бірінн бірге сәйкес келетін тізбектерді бір-біріне комплементарлы ( комплементарлы- сәйкес, толықтырушы) деп атайды. ДНҚ- ның шиыршық қаңқасы үнемі қайталанып ротыратын көмірсутк-фосфат тобы болса, оның кеңестігінде біріккен азоттық негіздердің жұбы бірінен кейін бірі тізбектерінің бағыты бір-біріне қарама-қарсы. Спиральдың бір ұшында бір тізбек углеводтың 3- көміртегінің гидроксил тобымен бітсе, екінші тізбек 5-көміртегімен байланысқан фосфатпен аяқталады. Ал спиральдің ол тізбектерінің екінші ұштары керісінше аяқталған, сондықтан ол тізбектердің бағытын былай белгілейді:3→5 және 5→3, яғни олардың бағыты қарама –қарсы деген сөз. ДНҚ молекуласы шиыршығының формасы (сырт пішін) сағат тілінің бағыты бойымен оңға қарай ширатылған, ол бұралған баспалдаққа ұқсайды. Екі жіпшенің арасындағы жұптасқан А-Т жән Г-Ц топтары ол баспалдақтың басқыштары секілді. Шынында да ДНҚ молекуласында ол «басқыштар» бір-біріне оралып спираль болып айналуы шарт екен. Сонымен қатар спираль ішіндегі параллель орналасқан жұп азоттық негіздердің арасында гидрофобтық және дисперсиялық (лат. «дисперсус»- шашылу, ыдырау) күштің әсерімен қосымша байланысты – стэкинг байланысы деп аталады. Мұндай байланыс пуринді азо ттық негіздердің арасында күштірек. ДНҚ- молекуласын спираль күйінде ұстап тұратын осы байланыстар.
Нуклеин қышқылдарында екі түрлі пентозалар табылған. Атап айтқанда ДНҚ және РНҚ –ның арасындағы айырмашылық олардың құрамындағы осы пентозаның сипатымен анықталады. Екі түрлі нуклеин қышқылдардың аты да пентозаның сипатымен анықталады. ДНҚ-да пентоза-2 – дезоксирибоза, ал РНҚ-да рибоза. Айырмашылығы қанатты сақинадағы екінші орында гидроксилдік топтың болуы н болмауына байланысты.
Нуклеин қышқылдарының құрамына азоттық нгегіздер (пуриндер жән пиримидиндер), қант (дизоксирибоза немесе рибоза) және фосфаттық қалдық кіреді.
Бақылау сұрақтары

  1. Пуринді және пиримидинді негіздер?

  2. Көмірсу компоненттері?

  3. Нуклеин қышқылдарының молекулалық гибридизациясы?

  4. Нуклеин қышқылдарының макромолекулалық құрылысы қандай?

  5. Нуклеозидтер, нуклеотидтер дегеніміз не?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет