Лейцин «ілдіргіші» бар ақуыздың ДНҚ мен әрекеттесуі
Бұл топқа эукариоттардың көптеген транскрипциялық факторлары кіреді. Транскрипцияның жалпы факторлары РНҚ полимераза ферментінің промотормен байланысуын қамтамасыз ететін ақуыздар. Бұл ақуыздардың өздері де промотормен байланысады. Промоторлық учаскеде бокстар деп аталатын ерекше нуклеотидтер бірізділігі кездеседі , мысалы эукариоттарда ТАТА бокс жиі кездеседі, сонымен бірге сиректеу ГЦ-, ЦААТ- бокстары да белгілі. Әртүрлі промоторларда олардың орналасу реті түрліше; кейбір жағдайларда ГЦ-бокс, ТАТА-боксқа дейін орналасса, екінші біреулерінде керісінше. Промотордың ТАТА–боксымен алғаш ТВР–ақуыз (ТАТА-Binding Protein) байланысады. Бұл бірнеше ТАҒ–ақуыздардың (TBP-Associated Faktors) жалғануын инициациялайды. Бұл ақуыздар (ТВР және ТАҒ ақуыздары), -транскрипцияның жалпы факторлары деп аталады, себебі олар барлық жасушаларда кездеседі және көптеген гендердің экспрессиялануы үшін міндетті түрде қажет. Осы ақуыздар кешенін ТҒ II Д (Transcriptional Faktor D for polymeraze II-) деп те аталады. Осы ақуыздар РНҚ-полимераза ІІ-нің промотормен байланысуы үшін қажет. Промотормен байланысқан ақуыздар кешенін негізгі инициаторлық кешен деп атайды.
Транскрипцияның негізгі инициаторлық кешені
р-53 ақуызы-транскрипция факторы
р-53 ақуызы жасушаның көптеген құбылыстарын реттеуге қатынасады және оның қызметі сан алуан:
1. Жасуша құрылымдарының бұзылыстарына жауап ретінде р-53, не оның гені, активтенеді.
2. р-53 ақуызы 3 топ гендердің белсенділігін реттейді:
а) Р-21, GАDD 45 т.б. жасуша бөлінуін тоқтатын гендерді активтендіреді;
б) апоптозды іске қосатын ВАХ, Killer/ DR5, PIG т.б. гендерді активтендіреді;
в) апоптозды тежейтін BCL2, RELA гендерін репрессиялайды;
г) ангиогенезді тежейтін TSP1, BA11 т.б. гендерді активтендіреді яғни ақуыз р-53 көмегімен жасуша өз құрылымдарының бұзылыстарына төмендегідей жауап қайтарады:
-митоздық циклдың белгілі бір сатысында оның әрі қарай бөлінуін тоқтатып бұзылыстарды жөндеуге мүмкіндік жасайды;
-немесе әрі қарай бөлінуін мүлдем тоқтатып жасуша қартаю кезеңіне өтеді;
-немесе апоптоз іске қосылады да жасуша өліп жойылады.
Р-53 молекуласы 392 аминқышқылдарынан құрылған және көлемі, қызметтері әртүрлі 6 доменнен тұрады (32-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |