Мұнан шығатын қорытынды: молекулалардың абсолют мәндегі жылдамдықтары негізінен ең үлкен ықтималды мәндерге жақын интервалда жатуы керек.
(2.45) теңдеуін бойынша интегралдағаннан соң нөлге теңестіріп, функциясының экстремальды нүктесін табамыз:
(2.46)
функциясының максимум мәніне сәйкес келетін бұл жылдамдық ең жоғарғы ықтималды жылдамдық деп аталады.
Мысалы, оттегі молекуласында қалыпты жағдайда ең жоғары ықтималды жылдамдығын анықтайық:
Ал оттегінің жылдамдық интервалындағы молекулаларының таралуы төмендегідей:
Жылдамдық интервалы, м/с
|
Молекулалар саны, %
|
100 кем
|
1,4
|
100-200
|
8,1
|
200-300
|
16,7
|
300-400
|
21,5
|
400-500
|
20,3
|
500-600
|
15,1
|
600-700
|
9,2
|
700 аса
|
7,7
|
Бұл таблицадан молекулалар санының көбісі ең жоғарғы ықтималды интервалындағы жылдамдықтарға ие болатындығын көреміз.
Газ молекулаларының жылдамдық бойынша таралу сипаты газ температурасымен қатар оның молекулалық массасына да байланысты болады. Температураны ұлғайтып немесе молекуласын азайтқанымызда, функциялық максимумы оңға ығысып, максимумы төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |