Гиперфуллерендер (гигант фуллерендер, сарымсақ тәрізді құрылымдар) бір-біріне кидірілген дөңгелек формалар түрінде кездеседі. Есептеулер нәтижесінде ең тұрақты көміртек құрылымдары кластердегі атом саны 106-107 болған кезде түзілетіні анықталған.
Фуллерендердің ең кішісі С60, келесісі болады, мысалы, С60@С240@С540@С960@С1500. Мұндай түзілімдердегі радиустар айырымы графиттегі қабатаралық қашықтықтармен шамалас болады (1.28-сурет). 240, 540, 960, 1500 атомдардан құралған гигант фуллерендер икосаэдрлік симметриялы болады. Сарымсақтәрізді құрылымдар аморфты көміртегіне, көміртегінің полиэдрлік графиттелген бөлшектеріне немесе КҚКНТ-ге электрондар ағынымен қарқынды әсер ету арқылы түзілуі мүмкін.
1.28-сурет. Сарымсақтәрізді құрылымның сызбанұсқалық кескіні (r2 - r1 = r3 - r 2 = … = rn - rn-1 ≈ 0,335 нм)
Фуллерендерден кейінгі ғалымдар назарын аударған қосылыстардың бірі – гетерофуллерендер – кейбір көміртегі атомдары алмастырылған сфералық түзілімдер. Гетерофуллерендерге мысал ретінде С59B, (С59N)2 (1.29-сурет), С58B2, С58BN, С69B, С69N және т.б. қарастыруға болады.
1.29-сурет. С59N гетерофуллерені
Сонымен қатар, фуллерендер тәрізді аталған фуллерндерге сәйкес келмейтін фуллероидтар да белгілі. Олар «классикалық» фуллерен каркасына қосымша атомдарды енгізу, каркастан атомдарды үзу немесе каркас байланыстарын үзу арқылы алынады.
С-С байланыстарын метилен тобымен алмастырған кезде гомофуллерендер (1.30-сурет), ал С атомын байланысты сақтай отырып жою арқылы норфуллерендер түзіледі.
Гидростатикалық қысым, фотохимиялық қоздыру және кейбір басқа факторлар әсерінен фуллерендер ковалентті байланыс түзіп полимерленеді. Бүгінде (С60)2 (1.31-сурет), (С70)2, С60·С70 димерлері, (С60)3 тримері, С60 және С70 тізбекті және каркасты полимерлері белгілі.
1.30-сурет. С120 димері
1.31-сурет. Екі метилен көпіршелері бар димер
Фуллерендердің де нанотүтікшелер тәрізді ерекше қасиеттері бар. Олардың ерекшелігі фуллерендер жеке күйінде қолданылмайды, оларды наноқұрылымды материалдар синтездеуге арналған матрица ретінде қолдануға болады. Синтезделініп алынған фуллерендер мен оның негізіндегі жаңа материалдардың жаңа қасиеттері мен олардың қолданылу аймақтарын табу үшін әртүрлі зерттеулер жүргізілуде.
Достарыңызбен бөлісу: |