Молекуласы футбол добының формасына, ал С



бет4/7
Дата12.10.2024
өлшемі330,37 Kb.
#206247
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4 лекция

Тотықсыздану. Фуллерен молекуласы 12 электронға дейін қосып алып, аниондарын түзуге қабілетті. Тотықсыздану электрон донорлармен әрекеттескенде (сілтілік және сілтілікжер металдар, ауыспалы металдардың комплексті қосылыстары), сонымен бірге электрохимиялық әдіспен және фотохимиялық әдіспен жүзеге асырылады. Фуллерендердің тотықсыздандырғыштары ретінде көптеген органикалық қосылыстар қолданылады.
Ерітінділерде тотықсыздандыру барысында , , және тұздары алынған.
Фуллерендердің металдармен қосылыстарын фуллеридтер деп атайды. Бүгінде фуллерендердің сілтілік металдармен MC60, M3C60, жоғары қысымда толық қайта топтасу нәтижесінде түзілетін M4C60 пен M6C60 қосылыстары алынған.
Нуклеофильді қосылу реакциялары. Мұндай реакцияларға бірнеше топтардың жалғану реакцияларын жатқызуға болады: көміртекқұрамды нуклеофильдердің (гидроалкилдеу, гидроарилдеу, циклопропандау, цианидтердің жалғану реакциялары), аминдердің, гидроксидтердің фосфорқұрамды нуклеофильдердің қосылуы. Нуклеофильді қосылу кезінде 1,2- қосылу реакциялары жүзеге асады.
Көп тараған нуклеофильді қосылу реакцияларына циклопропандау реакцияларын жатқызуға болады және бұл реакция Бингель реакциясы деп аталады.





Полимерлену. C60 молекулалары бір-бірімен (2+2)- циклоқосылу механизмі бойынша бірігіп, төртмүшелі цикл түзе алады. Димерлер әртүрлі әдістермен алынуы мүмкін: C60 молекуласын УК- немесе ИҚ- сәулелендіру арқылы, C60 молекуласына жоғары қысыммен әсер ету арқылы және т.б. Димерлер бензолда, толуолда және басқа еріткіштерде ерімейді, кубтық торларындағы параметрлер де аздау болады.
(2+2)- циклоқосылу реакциялары Стоун-Уэльс механизмі бойынша жүреді. Бұл гипотетикалық механизм фуллерендер мен нанотүтікшелер үшін ортақ болып табылады және бұл кезде байланыстардың қайта топтасуы олардың үзілмей тек қана айналуы нәтижесінде жүзеге асады (4.13-сурет). Мұндай байланыстардың айналуы өзге айналу түрлерімен салыстырғанда энергетикалық тиімді болып табылады.
Жоғары қысым мен температураның әсерінен көптеген бірөлшемді және екіөлшемді полимерлер түзілуі мүмкін. Бірөлшемді (тізбекті) полимерлер орторомбалық фаза ретінде 370 К температурада, 8 ГПа қысымда алынған. Бұдан жоғары температураларда екі түрлі екіөлшемді (қаббатты) полимерлер түзіледі: төмен қысымда тетрагональді фаза, жоғары қысымда – орторомбалық фаза ретінде түзіледі (4.7-сурет).
Полимерлену материалдардың электрондық құрылысы мен оптикалық қасиеттеріне көп әсерін тигізеді. Мықты коваленттік байланыстың түзілуі мен π- электрондар санының азаюы фуллериттердің электрондық қасиеттерін өзгертеді. Фуллерендер полимерленгенде кейбір қасиеттерін сақтайды, ал полимерлерде жаңа қасиеттер пайда болады.



а б



в

4.7-сурет. C60 полимерлері: а - тетрагональді, б - ромбоэдрлік құрылымды, және в- орторомбалық құрылымды






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет