Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2



Pdf көрінісі
бет26/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2
термин Ж З хариплери, 2022 халык аралык конф, 2022 халык аралык конф EO
21
State and Law
“Young Scientist”

#5.2 (109.2)

March 2016
ілдік береді» делінген [2]. Осының көрінісі ретінде жоғарғы 
білім беру саласында мемлекеттік қаржыландырудың мөл-
шері көбейтіліп отыратының айтып кету керек. Мысалы, 
2014 жылдың 29 мамырында Мәскеу ұлттық технологи-
ялық университеті Қызылорда қаласында қабылдау емти-
хандарын жүргізіп, 153 бітіруші түлектер бюджет негізінде 
111 бітіруші бюджет емес негізінде оқуға қабылдады. Со-
нымен қатар, Санкт-Петербургтің мемлекеттік табиғи по-
лимерлер технологиялық университеті қабылдау емтихан-
дарын өткізді, соның аясында 137 қатысушылардың ішінен 
41бітіруші мемлекеттік грантқа ие болды. Еліміздің басқа 
ЖООрындарында керекті мамандықтар бойынша Қызы-
лорда облысы акімінің 300 гранты берілді [3].
Сонымен, «Мәңгілік ел» идеясы біздің мемлекеттің 
озық, кушті мемлекет болуына кепілдік береді. Әлемдік 
қауымдастықта бейбітшілік сүйгіш, мейірімді көрші бо-
луға тырысатын мемлекет ретінде тәуелсіз Қазақстанның 
зор болашағы бар, үлкен потенциалы бар деп айтуға бо-
лады.
Қорытындылай келе, өз сөзімді Елбасының 2014 
жылғы 17 қантарындағы Қазақстан халқына жолдаған 
Жолдауындағы айтқан сөзімен аяқтағым келіп отыр.
«Біздер, қазақстандықтар — бір халықпыз!
Мәңгілік Ел — ата-бабаларымыздың сан мың жылдан 
бергі асыл арманы.
Ол арман — әлем елдерімен терезесі тең қатынас 
құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәу-
елсіз Мемлекет атану еді.
Ол арман — тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұр-
пағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің 
іргетасын қаладық».
Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына 
қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі — Мәң-
гілік Елордамызды тұрғыздық.
Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Бола-
шағын баянды етуге арналады.
Ендігі ұрпақ — Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, 
Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы — Мәңгілік Ел!
Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ 
ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана — Мәң-
гілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі 
қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз 
да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің 
қарашығындай сақтай білуіміз керек» [4].
Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол-болашаққа бастар 
жол» атты Жолдауы. 11 қараша 2014 жыл.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясы. 1995 жыл 30 тамыз. — Алматы: Юрист, 2015.
3. Кызылординские выпускники получают образование в России. http://meta.kz/novosti/kazakhstan/.
4. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстандық жол — 2050: Ортақ 
мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» атты Жолдауы. 17 қантар 2014 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет