Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2



Pdf көрінісі
бет29/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2
термин Ж З хариплери, 2022 халык аралык конф, 2022 халык аралык конф EO
23
State and Law
“Young Scientist”

#5.2 (109.2)

March 2016
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 12 ақпанындағы № 1569 «Қазақстан Республикасындағы 
құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қаулысы.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қырқүйектегі № 949 Жарлығы «Қазақстан Республи-
касының Құқықтық саясат тұжырымдамасы».
5. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамызындағы № 858 «Қазақстан Республикасының 
2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы » Жарлығы.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсанында қабылданған № 986 «Қазақстан Ре-
спубликасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жар-
лығы.
Құқықтық тәртіп пен заңдылық тәуелсіз Қазақстанның 
дамуының негізгі шарттары
Жусупбекова Мадина Қойшибайқызы, доцент, заң ғылымдарының кандидаты
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
Қ
ұқықтық тәртіп пен заңдылық мәселелері ҚР Прези-
денті Н. Ә. Назарбаевтың бағдарламалық құжаттары 
мен мақаларында басты орын алады. Мысалы, Қазақстан 
халқына арналған өзінің Жолдауларында Мемлекет Бас-
шысы құқықтық жүйеге, оның дамуы мен жетілдіруіне, 
адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының 
қорғалуына ерекше назар аударады. Бұл мәселелер ҚР 
Президентімен бекітілген бес институционалдық рефор-
мада және «100 нақты қадам» Улт жоспарында да бел-
гіленген.
2016 жылы 6 қантарда басылымға шыққан ҚР Прези-
денті Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары — қазақстандық 
арманға бастайтын жол» атты мақаласының мәні өте 
зор, себебі онда біздің мемлекеттің әрі қарай даму жол-
дары көзделген. Осы Ұлт жоспарының екінші реформасы 
құқықтық тәртіб пен заңдылыққа арналып отыр, оның не-
гізгі мәні — тәуелсіз сот төрелігі мен Қазақстанның бүкіл 
құқық қорғау жүйесінің тек қана азаматтардың құқықтары 
мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң 
орындалуына және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағыт-
талуы тиістігінде.
Біз бұны дұрыс деп есептейміз, себебі өркениетті 
құқықтық мемлекетте құқықтық тәртіб пен заңдылық 
орын алу керек, онда заңдардың бәрі бұлжытпай орында-
луға тиіс, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары 
толық көлемде қамтамасыз етілуі керек, құқықбұзушылық 
үшін қатан жауапкершілік көзделуі тиіс, заң үстемділігі 
қағидасы іс әрекетін жүргізуі керек.
Тәуелсіздік алғалы бері мемлекетте құқықтық тәртіп 
пен заңдылыққа қатысты бір қатар нормативті-құқықтық 
актілер қабылданды. Олардың ішінде келесілерді атауға 
болады: ҚР Заңдары «Сот жүйесі және соттар мәртебесі 
туралы», «Сот приставтары туралы», «Атқару өндірісі 
және сот приставтарының мәртебесі туралы», «Жоғарғы 
сот кеңесі туралы», «Әділет органдарының кәсіби колле-
гиялары туралы», «Құқыққорғау қызметі туралы», «Ме-
диация туралы», «Сыбайласқа қарсы іс қимылдар ту-
ралы», Жер, Су, Орман, Кеден, Салық, Бюджет, Неке 
және отбасы кодекстері, Әкімшілік құқықбұзушылық ту-
ралы кодексі, Қылмыстық, Азаматтық кодекстері, Қыл-
мыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстері, 
Еңбек кодексі т. б.
Ел Басы белгілегендей, біріншіден, барлық осы 
нормативті-құқықтық актілер сот жүйесіне қоғамның 
сенімін арттыруына ықпал етеді. Әрине, әділдік тек сотта 
болатыны белгілі. Сол себептен, әділдік, кінәлі тұлғамен 
жасалған әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен 
дәрежесін дұрыс бағалауды, ол жағдайды ауырлататын 
және жеңілдететін мән жағдайларды, сотпен кінәліге 
тағайындалатын жазаның турі мен мөлшерін анықтауды 
қамтиды.
Екіншіден, процессуалдық істерге әділетті шешім қа-
былдау үшін сапалы судьялар корпусы жасақталуы керек. 
Ол үшін судьялыққа кандидаттарды іріктеудің қатаң тетігі 
мен оларға қойылатын жоғары біліктілік талаптары заң 
тұрғысынан қарастырылған. Сондықтан соттар қатарына 
үлкен өмірлік тәжірибесі бар және жоғары моральдық 
ұстанымдарға ие ең лайықты әрі барынша дайындалған 
кәсіби шеберлер іріктелінеді. Судьяларды іріктеу мен 
тағайындау үдерістері қоғам үшін мөлдір және ашық бо-
лады.
Сонымен қатар, өзінің аппараты бар, құрамы мен 
өкілеттілігі кеңейтілген автономды мемлекеттік мекемеге 
айналатын Жоғары Сот Кеңесі түбегейлі реформаланады.
Үшіншіден, сот жүйесі үш сатылы болады, яғни, 
бірінші, апелляциялық және кассациялық инстанциялар. 
Сонымен бірге, істердің басым мөлшері бірінші және ап-
пеляциялық инстанцияларда шешілетін болады. Ал, су-
дьяларды және сот мәжілісіне басқа да қатысушыларды 
тәртіпке шақыру мақсатында және сот процессі мен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет