31
Political Science
“Young Scientist”
.
#5.2 (109.2)
.
March 2016
П О Л И Т О Л О Г И Я
Ұлт жоспары — қазақстандық арманға бастайтын Жаңғырту жобасы
Насимов Мурат Орленбаевич, саяси ғылымдарының кандидаты, доцент;
Паридинова Ботагоз Жаппаровна,
философия магистрі, аға оқытушы
«Болашақ» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
М
емлекет басшысының «Ұлт жоспары — қа-
зақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы
сараптамалық дәрежесі жоғары және жаһандық әлем-
дегі қиындықтарды жеңуге үлес қосатын еңбек деп түсі-
неміз. Еңбектің негізгі идеясы қазақстандық арманның
басты мақсаты жүзеге асырылып жатқан 2050-Страте-
гиясының негізгі бағыттарын мол жетістіктермен жетуді
көздеп отыр. Жаңа арманымыз Бес институттық рефор-
маның негізгі жолдары саналатын 100 нақты қадам — Ұлт
жоспарын жүзеге асырудың Жаңғырту жобасында жатыр.
Мақалада айтылған бес институттық реформаны жү-
зеге асыру жөніндегі мақсат-міндеттер Қазақстанның
әлемдегі аса дамыған 30
мемлекеттің қатарына қо-
сылуына қол жеткізудің нақтылы түрде іске асырудың
жоспары болып табылады. Өйткені бұл Жоспар қа-
зақстандықтардың қажеттіліктері мен мүддесіне негіз-
делген және құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның
дамуына септігін тигізеді.
Жалпы «100 қадам» кешенді бағдарламасы еліміздің
үйлесімді дамуы мен жаңғыруына мүмкіндік береді.
Біздің
мемлекеттілігіміз негізінде құрылған демократиялық
қағидалар маңыздылығы дәлелденген тапсырмалар мем-
лекет дамуын жүзеге асырады.
Әлемдік қауымдастыққа мәлім, Ұлт көшбасшы-
сының қазақстандық тәжірибеге сәтті енгізген демо-
кратиялық және нарықтық реформалары елімізді да-
мыта түсіп, қарқынды
әлеуметтік-экономикалық даму,
қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етті.
Мұның барлығы әлемдік қаржылық-экономикалық дағда-
рысы барысында сыннан өтіп, Қазақстанның берік те нық
тұрақтылығын көрсетті. Сонымен бірге, 2007–2009 жыл-
дардағы дағдарыс барысында еліміз жағымсыз фактор-
лармен күрес
сабақтарын игеруімен қатар, тұжырымда-
малық дамудың жаңа мүмкіндіктерін игере алды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген
біртектілік пен біртұтастықты нығайту және дамыту, Қа-
зақстан халқы Ассамблеясын 2025 жылға дейін дамыту
және дене тәрбиесі мен спортты 2025 жылға дейін дамыту
Тұжырымдамалары ел азаматтарының ұлтжандылығын
дамытуға әсер етуімен қатар,
алдағы уақытта эконо-
микалық көрсеткіштерге зор ықпал жасайтындығына
сенімдіміз.
Көптеген сарапшылар бағдарламалық мақаланы
еліміздің экономикасы, мемлекет пен қоғамды өзгертуге
қажетті мақсат пен міндеттерді нақты айқындап берді деп
есептейді. Әсіресе, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті
нығайту және дамыту бағытын көздеген мына сөздері:
«Біз, қазіргі қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік көпэт-
носты қоғамымыздың нақты
жоғары өмірлік құндылығына
айналды» нақты тарихи шындық болып табылады.
Тәуелсіздік жылдарында отандастарымыз ата-баба-
ларымыздың қиындықтарды жеңу және отансүйгіштік
сезімі тәжірибесі негіздерін бойына жинады. Әлемдік
қаржы дағдарысына қарамастан, Ұлт көшбасшысы бел-
гілеп берген дамудың жаңа бағыттары еліміздің әрі қарай
өркендеуіне жол ашады. Өйткені, қазіргі қазақстандық
қоғам мүшелерінің тәжірибесі жетілген әрі сауатты және
Мемлекет Басшысының бастамаларын қолдайды.
Мақалада Елбасы реформалар табысы ұлт бірлігіне
бастайтын жол екендігін айтады. Қазақстандық этно-
стардың Біртұтас Ұлтымызға
тамаша артықшылықтар бе-
ретіндігін айта келе, көпэтностық еліміздің ортақ ұлы қа-
зынасы екендігіне баса назар аударады. Ал өз кезегінде,
Қазақстан халқы Ассамблеясы — қазақстандық біртек-
тіліктің негізі.
Ағымдағы жылы Отандастарымыз Елбасы ұсынған Ұлт
жоспарын орындауға көшті. Бағдарламалық құжат ұлттық
құндылықтарымызға негізделгендіктен және баршамызға
түсінікті болғандықтан біздің қоғам институттық рефор-
маларды жүзеге асыруға дайын.
Халқымыз Жаңғырту
жобасынан мемлекеттілігіміз беки түсетініне, еліміздегі
жаңғыру үдерісі тұрғындардың өмір сапасының жоға-
рылап, әл-ауқатын өсіретіндігіне сенеді.
Отандастарымыз қазіргі кезеңдегі ауыртпалықтарға
қарамастан, Ел Президенті қойған міндеттерді орындай
алатынына сенеміз. Нәтижесінде өркендеген, гүлденген,
дамыған және қауіпсіз елімізді келер ұрпаққа қалды-
рамыз.