Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2



Pdf көрінісі
бет35/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2
термин Ж З хариплери, 2022 халык аралык конф, 2022 халык аралык конф EO
29
History
“Young Scientist”

#5.2 (109.2)

March 2016
Республиканың басқа облыстарымен салыстырғанда, 
Сыр елінің ерекшелігі — халықтың басым көпшілігі өзге 
елдерден көрі, еліміздің басқа аймақтарына көшуінде. Қы-
зылорда облысындағы қазақтар экологиялық, әлеумет-
тік-экономикалық жағдайын түзету үшін Қазақстанның 
басқа қалаларына көшу байқалды. Республикамыздың 
барлық өңірлерінде үйлер мен пәтерлердің қымбаттауы
көптеген облыстарда пәтерлердің бұрынғыдай кезекке 
тұрып тегін берілу жүйесінің тоқтатылып, ипотекалық 
жүйеге көшуі — Сыр өңірі халқының облыстан кетуін 
азайтты.
Қызылорда өңірінде урбандалу үрдісі жылдан-жылға 
дамып халық тұрғындар саны артып келеді. Оның се-
бебі еліміздің экономикасы жақсарып, әлеуметтік қиын-
дықтардың шешіле басталуы болып табылады. Жаңа 
жұмыс орындары ашылып, еңбекақы өсіп, жаңа мек-
тептер мен ауруханалар салынып, бала күтіміне бөлінетін 
қаржылардың өсімі еліміздің халқының санының артуына 
үлкен үлес қосуда. Осындай күрделі өзгерістерден кейін 
Сыр елінің халқының өсімі едәуір алға басты.
Еліміз көпұлтты мемлекет болғанымен, Қызылорда 
облысында қазақтар басым 95,88% құрайды. Бұл басқа 
облыстарға қарағанда ең жоғарғы көрсеткіш. Облысы-
мыздағы өзге ұлт өкілдері 4,22% құрайды, оның ішінде 
орыстар-2,03%, кәрістер-1%, өзбектер-0,19%, та-
тарлар-0,2% және 0,8% басқалары құрайды [4]. Со-
нымен қатар Сыр елінде түріктер, шешендер, украиндер, 
әзербайжандар, башқұрттар, немістер, белорустер, 
гректер, қырғыздар, ұйғырлар т. б. ұлт өкілдері мекен 
етеді.
Халық санының өзгеруі
Облыстағы халық саны 2015 жылдың 1 қарашасына 
ағымдағы деректер бойынша 763,0 мың адамды құрады, 
оның ішінде 39,5 мың адам Байқоңыр қаласындағы Қа-
зақстан Республикасының азаматтарының үлес сал-
мағында. 2014 жылғы осы кезеңімен салыстырғанда ол 
11,7 мы ң адамға немесе 1,5%-ға артты. 2015 жылдың 
басымен салыстырғанда жылдың қантар-қазан айында 
халық саны 9,8 мың адамға өсті
[4].
Елбасшысы 1991 жылғы 31 желтоқсанда жариялаған 
«Атамекенге келемін деуші ағайындарға жол ашық» 
мақаласына (1992 жылдың 1 қаңтарында «Егемен Қа-
зақстан» газетінде жарияланған) биыл 25 жыл толады. 
Ал осы заң жобасы Елбасының сол мақалада айтылған 
тапсырмаларды жүзеге асыруда шетелдердегі қандаста-
рымыздың тарихи Отанына оралуын әрі қарай ынталан-
дырады, сөйтіп, Қазақ көшін жандандырады деп сенеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет