Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2



Pdf көрінісі
бет38/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2

33
Psychology
“Young Scientist”

#5.2 (109.2)

March 2016
дерде орын алуы, оның шет ел музыкасын орындау сәтінде 
сондай деңгейде қолданылғандығы, әбден тозығы жеткен 
тудың қолданыста жүргендігі сияқты мәселелер қозғалып 
отырылады. Бұл да туды қастерлеу архетиптінің көрініс 
болып есептеледі.
Демек, біздің туымыздағы Көк түс, үш жақты пси-
хоаналитикалық, әскери және бейбітшілік қауіпсіздік-
терімен келіп тоғысады: тудың тарихи тұрғыдан әскери 
қауіпсіздіктің нышаны болуы, екіншіден, сол тудың көне 
тәңіршілдік рухын қайталап тұруы, үшіншіден тудың қа-
стерлі болуы. Осы үшеуі қосыла келе, санаға ықпал 
өрісін күшейтеді, ол әрине, ұлттық қауіпсіздікті сақта-
удың терең қатпарлы психотехникалық ұстанымдарын 
құрай алады, бүгінгі сыртқы саясаттағы әскери қа-
уіпсіздікке тікелей байланысты болғандықтан, оның иде-
ялық-руханияттық жақтарымен келіп тоғысады деп айта 
аламыз. Демек, ол жай ғана архетип емес, «ұлттық қа-
уіпсіздік архетипі» бола отырып, «ұлттық қауіпсіздікті 
сақтаудың психоаналитикалық жолы» екендігін баса ай-
тқымыз келеді [1].
Сондай-ақ ұлттық дүниетанымды зерттеуші Саркулова 
өнердегі бөрі архетипіне тоқталып, оның қазіргі заманғы 
бейнелеу ерекшеліктерін атап көрсетсе, кейбір отандық 
зерттеушілер Бөрі тотемінің жауынгерлік рух үшін аса 
қажетті атрибут болғандығын, оның табиғаттағы өмір-
шеңдігін, қайсарлығын, өжеттігін, төзімділігін т. б. қаси-
еттерін түркі халқы өздерінің мінез-бейнелеріне көшіріп 
алып, содан жаугершіл, өршіл халық болып қалыптасқан-
дығын айта келе, Кеңес дәуірі тұсындағы «Қап, бәлем, 
қоян» мультфильмі қазақтардың осы бөрілік рухты жа-
сыту үшін қолданған психотехникалық өзіндік бір құралы 
екендігін баса айтады [2].
Демек, бөрі архетипі қазірдің өзінде де бейнелеу 
өнерінде, музыкада, әдебиетте т. б. рухани өмір салала-
рында көрініс тауып келеді. Демек, бөрі көне дәуірлерде 
қатерлердің алдын алуды, жауынгерлік рухты берген 
болса, бүгінгі күнгі бөріге деген бейсаналы құмарлық 
көріністер де осы көне рухты сақтап қалуға, оны қайта оя-
туға деген ұмтылыс және ол да көне замандардағы ұлттық 
қауіпсіздікті сақтаудың бүгінгі күнгі нышандарының 
елесін береді. Бұл да психоаналитикалық тәсіл.
Сондай-ақ, бүгінгі таңдағы «Тау архетипі» 
Қ. Оразқұлова атап көрсеткендей, ол өзінің ауқымын 
тұтас руханият пен дүниетаным аясына паш етіп ке-
леді [3].
 
Бұл тек қазақтарға ғана емес, жалпы адамзатқа 
тән архетиптердің бірі. Себебі, Тау қашанда, әсіресе, 
алғашқы қауымдық құрылыс кезінде, адамдар таудағы үң-
гірлерді мекен еткен болса, ол қауіпсіздіктің басты шарты, 
адамдарды әр түрлі табиғи және өзге қауымдастық тара-
пынан болатын қатерлерден сақтап отырған.
Үңгір кейіннен де, тауға барып паналайтын қорғаныш 
орындары болған. Сондықтан бүгінгі күнгі тау архетипінің 
басты нышаны осы қауіпсіздік сезімдерден тамыр тартады. 
Демек, Тау тек қана эстетикалық құбылыс емес, алдымен, 
түптөркіні қауіпсіздікті қамтамасыз ететін обьект болып 
табылады. Тау архетипі мен тауға жасырыну, оған бекініп 
жату соғыс жағдайларында бүгінгі күні де кездесіп оты-
ратын құбылыс болып табылады. Сонымен қатар тау белгілі 
бір деңгейде шекараны қамтамасыз етудің және бекітудің де 
өзіндік бір үлгісі болған, ол таулы жерлерде өмір сүрген ха-
лықтарда анық байқалады. Мысалы, бүгінгі қазақ-қытай 
шекарасының таумен бөлінуін атап өтуге болады.
Демек, бүгінгі таңда да Тау архетипін жандандыру, бел-
гілі бір деңгейде адамға ішкі сенімділік сезімін орнықты-
руға жәрдемдесетін, қауіпсіз көңіл-күй орнатуға ықпал 
ететін өзіндік бір құрылым болып табылады. Яғни, ішкі 
психологиялық тұрақтылық пен қорғанышты сезіну де, 
түптеп келгенде, бұқаралық сипат алатын жағымды таза 
бейсаналы құбылыс деп айта аламыз.
Осыған байланысты біз, этноархетиптердің ұлттық қа-
уіпсіздікті сақтаудағы бейсаналы психоаналитикалық тетік 
екендігі туралы тұжырым жасаймыз. Нақтырақ айтқанда, 
архетиптердің оянуы, бейсаналы болғанмен, табиғи қа-
жеттілік қана емес, ұлттың бар болуының, өміршеңді-
гінің өзіндік бір маңызды тетігіне айналған, сондықтан да, 
архетиптер қашанда ұлттық қауіпсіздіктің алдын алудың 
болмай қоймайтын тетігі болып шығады.
Қорыта келе, қауіпсіздікті сақтау, әсіресе, сыртқы 
саясат пен ішкі саясаттағы «Елдік ұраны» психологи-
ялық-психоаналитикалық тетіктер арқылы да реттелетін 
жүйе екендігі баса айтуымызға болады. Социологиядағы 
психологиялық мектеп өкілдері де қоғамдық құбылы-
стардың барлығы психикаға байланысты екендігін баса 
айтады. Әрине, біз бұл тұста, қауіпсіздіктің барлығы 
тұтасынан психологиялық тетіктер арқылы реттелуі тиіс 
деп кесіп айта алмаймыз, дегенмен, ұлттық қауіпсіздікті 
сақтаудың осындай терең психоаналитикалық және жай 
ғана психологиялық тетіктері бар екендігін ұсына отыра, 
болашақта оны жандандыратын арнайы әлеуметтік 
құрылымдар болуы тиіс. Сондықтан, олардың қызметтері 
туралы мынадай нақты ұсыныстар береміз:
1. Саясаттанушы-психолог мамандар даярлануы тиіс 
немесе саясатанушылар психологияны өте жетік мең-
герген болуы қажет. Тым болмаса, психолог мамандар 
мен саясаттанушылардың бірлескен ғылыми бағдар-
ламасы, ғылыми қауымдастықтары т. б. қалыптасса игі 
болар еді. Әрине, маман дипломаттар елімізде жоқ емес, 
бірақ олардың таза тәжірибелік екендігін есепке алсақ, 
теоретик мамандар да қажет, сондықтан, мысалы, «ха-
лықаралық қатынастар» мамандығы сияқты оларды да 
оқу орындарында даярласа игі іс болар еді.
2. Қоғамдық психологияны тиянақты зерттеп отыру 
да маңызды істердің бірі. Әрине, әлеуметтанушылардың 
сұрау салуы, ҰҚК-нің сарапшылары сияқты әлеуметтік 
зерттеу құрылымдары бар. Бірақ, оларға жетіспейтіні, 
шынайы ақиқатты аша алмау, сұрау салушылардың тым 
аз болуы, күштеуге көп жүгіну т. б. Қоғамдық психология 
ауытқып отырады, ал оның динамикасы толық зерттелмей 
келеді. Мысалы, биылғы, 2016 жылғы теңгенің деваль-
вациясы тұсында да әлеуметтік оптимизм сәл бәсеңдеді. 
Егер ол ұлғайып кетіп, халықтың ашу-ызасын туғызатын 
болса, ішкі тұрақсыздық пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет