Веб-сайттардың түрлері Интернет-портал — дербес ұйыдардың немесе кор-
поративті құрылым бөлімшелерінің функционалды то-
лыққанды сайттарынан құралған көпкомпонентті тар-
мақтаоған құрылым.
Ақпараттық ресурстар:
— Тақырыптық сайт — сайт, қандай да бір тақырып
бойынша ерекше таршеңберлі тақырыптық ақпарат бе-
ретін сайт.
— Тақырыптық портал — белгілі бір тақырып бой-
ынша толық қамтылған ақпарат беретін өте үлкен веб-ре-
сурс.Тақырыптық сайттарға ұқсас порталдар пайдала-
нушымен өзара әрекет ететін құралдардан тұрады және
пайдаланушыларға портал шеңберінде (форумдар, чаттар)
қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді — бұл пайдала-
нушының болатын ортасы.
Бизнес иелерінің интернет-өкілдіктері (Ғаламтормен
әрдайым тікелей байланысты емес):
— Сайт-визитка — сайт иесі (ұйым немесе жеке
кәсіпкер) жалпы мәліметтерден тұрады. Қызмет түрі, та-
рихы, прайс-лист, байланыс мәліметтері, реквизиттар,
жүру схемасы. Мамандар өз түйіндемелерін салады —
бұл жан-жақты рұқсат карточкасы.
— Көрнекі сайт — кей жайдайда функциясы кеңей-
тілген сайт-визитканы осылай атайды: қызметті жан-
жақты сипаттау, портфолио, пікірлер, кері байланыс фор-
масы және т. б.
- Бірлескен сайт — компания-иесі, қызметтер/
өнімдер, компания өміріндегі оқиғалар туралы толық
ақпараттан тұрады. Сайт-визиткадан және көрнекі
сайттан көрсетілген ақпараттың толықтығымен ерекше-
ленеді, көбінесе контентпен жұмыс жасауға арналған әр
түрлі функционалдық құралдардан (іздеу және фильтрлер,
оқиға күнтізбесі, фотогалереялар, бірлескен блоктар, фо-
румдар) тұрады. Бұл туралы компанияның иесі ішкі ақпа-
раттық жүйелермен ықпалдастырылған болады. Осы
және басқа пайдаланушы топтарға — қызметкерлерге,
дилерлерге, контрагенттерге және т. б. арналған жабық
бөлімдерден тұруы мүмкін [3].
— Өнім каталогы — каталогта тауарлардың/қызмет-
тердің толық сипаттамасы, сертификаттар, техникалық
және тұтынушылық мәліметтер, сарапшылардың пікір-
лері және т. б. болады. Мұндай сайттарда прайс-листта
жариялай алмайтын тауарлар/қызметтер туралы ақпа-
раттар болады.
— Интернет-дүкен — өнім каталогы бар сайт, оның
көмегімен клиент өзіне қажетті тауарға тапсырыс бере
алады. Есептеулердің әр түрлі жүйелері пайдаланылады:
тауарлардың үстеме төлемін жіберу немесе есепті фак-
спен автоматты түрде жіберуден бастап пластикалық кар-
талардың көмегімен есептесуге дейін.
— Промо-сайт — нақты тауарлық марка немесе өнім
туралы сайт, мұндай сайттарда бренд, әр түрлі жарна-
малық акциялар (конкурстар, виктоиналар, ойындар және
т. б.) туралы толық қамтылған ақпарат жарияланады.
— Сайт-квест — өзара байланысқан логикалық жұм-
бақтарды шешу бойынша жарыстар ұйымдастырылатын
Интернет-ресурс.
—
Веб-сервис — қандай да бір тапсырмаларды
орындау үшін немесе WWW желісінің шеңберінде қызмет
көрсету үшін құрылған сайт.
— Жарнама тақтасында тауарды және қызметті сату
немесе сатып алу туралы көпшілікке арналған жарнама-
ларды орналастыруға мүмкіндік болатын ресурс бар, со-
нымен қатар мұнда қысқа мазмұнда қандай да бір ақпарат
қалдыруға болады.
— Сайттар каталогы — бұл сайттар және блоктар жа-
рияланатын ресурс, мысалы, Open Directory Project. Ка-
талогтар ақылы және ақысыз болуы мүмкін. Сонымен
қатар каталогтар сайттар каталогында жарияланған ре-
сурстардың алға жылжуына мүмкіндік береді [4].
Бірнеше HTML-файлдарға арналған стильге тоқта-
латын болсақ, қарапайым тәжірибе ретінде стильдің бір
жеке файлда берілуі болып табылады. Ондай файлдар
үшін CSS кеңейтілімін қолданылады. Мысалы, style.css
файлында мынаны жазуға болады:
BODY {margin-left:40px;}
H1, H2, H3, H4, H5, H6
{
text-align: right;
color: red;
font-family: “Arial Cyr”, Geneva, Helvetica, sans-serif;
}