24 Государство и право «Молодой учёный»
. № 5.2 (109.2)
. Март, 2016 г.
сот қабылдаған шешімнің объективтілігін қамтамасыз
етілуіне байланысты сот залдары сот істерін аудио және
видеожазудың аппаратураларымен жабдықталынады
және жазбаларды қандай да бір тоқтатуға немесе редак-
циялауға мүмкіндік берілмейді.
Төртіншіден, Жоғарғы Сот жанындағы Сот жюриі тү-
бегейлі қайта құрылады, ол азаматтардың судьялардың
іс-әрекетіне арыз шағымдарды қарайды; судьялардың
Этикалық кодексі қабылданады; Жоғарғы Сот жанынан
дауларды, оның ішінде, ірі инвесторлар қатысатын дау-
ларды қарау үшін мамандандырылған алқа құрылатын бо-
лады; қылмыстық іс жүргізу шеңберінде соттарда, оның
ішінде сотқа дейінгі кезеңде, айыптау мен қорғау ара-
сында теңгерім қамтамасыз етілетін болуы тиіс; соттардың
төрағалары басқа судьялар қабылдайтын шешімге ықпал
ету мүмкіндігі мүлдем болмайды; мемлекеттік сот орын-
даушыларын кезең-кезеңімен қысқарту арқылы жеке сот
орындаушыларының институты одан әрі дамытылады.
Бесіншіден, сот төрелігін барынша объективті атқа-
руға мүмкіндік беретін және құрметті зейнетке шыққан су-
дьяларды зейнетақылық қамтамасыз ету бойынша барлық
мәселелерін шешуді қарастыратын заң қабылданады.
Заңдылық пен құқықтық тәртіп сияқты құқықтық
құбылыс тығыз байланысты. Құқықтық тәртіп де-
геніміз қоғамдық өмірді белгілі бір жүйеге, ұйымда-
стырушылыққа, тәртібке келтіруді білдіреді. Мысалы,
осыған байланысты мемлекет Басшысы бізге барлық
құқық қорғау органдары және бәрінен бұрын полици-
яның адамдардың мүддесін қорғау үшін және қоғамдағы
құқықтық тәртіпті нығайту бойынша қызмет етуі қажет
деп тұжырымдады. Ол үшін жергілікті билік органдары
мен жергілікті қоғамдастықтарға есеп беретін жергілікті
полиция қызметі құрылады. Олар қоғамдық тәртіп кү-
зеті, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мен ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбе-
ушілік көрсету мәселелерді жүзеге асырады.
Бұдан басқа, азаматтардың этикалық нормаларды
бұзған полициялардың үстінен түсірген арыз-шағымдарын
қарайтын қоғамдық кеңестер мен өзге де консульта-
тивтік-кеңестік органдар жүйесін құрылады; сонымен
бірге, «Қылмыстық құқық бұзушылық картасы» интер-
нет-порталы құрылатын болады. Ол бойынша осы веб-ре-
сурсқа елдегі барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар
жедел енгізіледі. Бұл жұртшылықтың құқық қорғау ор-
гандары жұмысының тиімділігін бақылауына мүмкіндік
береді. Осымен бірге, бұған дейін заңнан аттап, сол үшін
жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік жағынан көмек көр-
сету мен ықпал ету қарастырылады.
Қорытындылай келе, біздің мемлекет Басшысы бұл
проблемаларды бекер қозғап отқан жоқ деп айтқымыз
келеді. Себебі, заңдылық пен құқықтық тәртібсіз қоғам
алдында тұрған міндеттерді шешу, экономикалық ре-
формаларды нәтижелі жүргізу, адам құқықтары мен
бостандықтарын жүзеге асыру, қылмыспен күресу,
құқықтық мәдениет пен сана сезімді қалыптастыру мүмкін
емес. Ойткені, елде жасалып жатқан өзгерістердің бәрі
адамның өмірі мен тіршілігін жақсарту болып табылады.
Біздің елдің негізгі мақсаты — 30 өркениетті елдің
қатарына еңу болса, қоғамда құқықтық тәртіп пен заң-
дылықты сақтауға және нығайтуға шақырамыз.
Әдебиет:
1. 2016 жылы 6 қантарда басылымға шыққан ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары — қазақстандық
арманға бастайтын жол».