27
History
“Young Scientist”
.
#5.2 (109.2)
.
March 2016
М. Шоқай — тарихшы, публицист
Кыпшақбаев Қанат Зейноллаұлы, педагогика ғылымдарының магистры;
Серкебаев Дәурен Жұбайұлы, заң ғылымдарының магистрі
«Болашақ» университетінің колледжі (Қазақстан, Қызылорда қаласы)
М
ұстафа Шоқай — Түркістан ұлттық қозғалысының
мақсат-міндеттері және оған ниеттес күштерді
анықтаумен бірге, тәуелсіздік үшін күресте қолайлы
жағдайдың қалыптасуына, оған мемлекетаралық қаты-
настардың ықпал ететіндігіне үлкен мән береді. 1931
жылы 16 қазанда В. А. Добровскийге жолдаған хатында
Мұстафа оған былайша түсінік береді: «Бізге қарсы жүз
миллион орыс халқы тұр. Оның ұлттық үстемдігіне қарсы
күресті біз барлық аймақтармен, кавказдықтар, укра-
индықтар және басқалармен тығыз байланыста жүр-
гізуіміз керек. «Интернационалдандыру» тек осы мәнде
ғана маңызды және сөзсіз қажет. Ол — орындалатын
нәрсе және біз оны ұйымдық жағынан іске асырамыз».
М. Шоқай бұл жерде Түркістан мәселесі — Ресейдің, не
Кеңес одағының ішкі ісі емес, ұлттық езгінің қазақ, өзбек,
грузин, әзірбайжан, т.б халықтарға тән екендігі арқылы
оны халықаралық аренаға бірлесіп алып шығу жөнінде
айтып отыр. Дегенмен ол Ұлыбритания, Франция, Гер-
мания, Америка Құрама Штаттары секілді ірі мемлекеттер
тарапынан ұлттық қозғалысқа көрсетілер моральдық қол-
даудың маңыздылығын жоққа шығармайды.
Ол «Яш Түркістанның» беттерінде жарық көрген «Ал-
маниядағы қаржы дағдарысы «, «Ағылшын дағдарысы»,
«Қытайда», « Маньчжурия мәселесі және дүниежүзі
баспасөзі», «Қиыр Шығыста», «Америка мен Кеңес
үкіметінің Жапонияға қарсы жоспары», «1936 жыл ішін-
дегі халықаралық жағдай «, «Алмания, Италия және
Жапонияның Кеңестерге қарсы бағытталған келісімі»,
«Австрия мәселесі», «Халықаралық өмірден Англия —
Италия келісімі» және басқа да мақалаларында халықа-
ралық өмірдің өзекті мәселелеріне талдау жасайды.
М. Шоқай шығармашылығының басты тақырыпта-
рының бірі Кеңес Одағының Түркия және басқа мұсылман
елдері жөнінде жүргізіп келген саясатының екіжүзділігін
әлем халықтарына жария ету болып табылады.
«Түркия — Кеңес достығы», «Большевиктерінің — түрік
достығы «, «Константинопаль және бұғаздар», «Пер-
сияда не болды?», «Большевиктер және Ауғаныстан»,
«Жаңа емес, ескі ұран» атты еңбектерінде Мұстафа
Кеңес өкіметінің Шығыс халықтарына дос болып көрінуге
тырысуы, ондай саясаттың түпкі мақсаты Түркияны әл-
жуаз мемлекетке айналдырып, Ауғаныстан мен Иранды
өздеріне қарату екендігін жазады ол.
М.Шоқай әмбебап ғұлама ретінде өзбек, қазақ, қы-
рғыз, түркімен, тәжік әдебиетіне көңіл бөліп, олардың
рухани жетістіктерін қарастыруға ұмтылады. Түркістан
тұрғындарының ауыз әдебиеті Мұстафа дүниетанымының
бір бұлағы болғандығы, оның өзбек, қазақ, қырғыз ха-
лықтарының өнері мен мәдениеті мәселелері туралы зерт-
теулерді шет жерде жүргенде де назарынан тыс қалды-
рмағаны белгілі. Оның бір мысалы — М. Шоқайдың
1931 жылы «Остойропа» журналында жариялаған «Түр-
кістан әдебиетіндегі өлеңдері» және «Муа» журналын-
дағы «Түркістан әдебиетіндегі өлеңдер» атты мақалалар
туралы пікірлері.
Мұстафа еңбектерінің пәрменділігі — саясат мүд-
десі үшін тарихты зерттеуде қылдай қиянатқа барма-
уында, логикалық ойлау қуаты мен деректік негіздерінің
шынайылығында еді. Ол ақпарат көзі ретінде «Еңбекші
қазақ», «Казакстанская правда», «Қазақ әдебиеті», «Ақ
жол», «Қызыл Өзбекстан», «Жаңа Ферғана», «Азат Бұ-
хара», «Шарк хакиқаты», «Шуралар Туркменстаны»,
«Туркменская искра», «Қызыл Юлдуз», «Авази Тәжик»,
«Рехбер-и-Дониш», «Куртулуш», «Правда Востока»,
«За партию», «Советская степь», «Правда», «Изве-
стия» секілді басылымдардағы ресми материалдарды пай-
даланады.
Мұстафаның Кеңес одағының сыртқы саясаты, әсіресе
неміс-кеңес қатынастары жөнінде жинастырған мате-
риалдары 200 беттен асады, олардың ішінде және шетел
баспасөздерінен қиып алынған А. Канторовичтің, Н. Кор-
неевтің, Карл Радек, Д. Ихок, Иоганн Вальтер, С. Вик-
торов, К. Гофман, Н. Аржанов, А. Трайнин, Б. Сергеев,
т.б авторлардың мақалалары, ТАСС-тың мәлімдемелері
бар.
Мұстафа бір халықты екінші халықтан астам көретін
фашистік Германияның нәсілшілдік теориясына да,
басқа халықтардың орыс ұлтына сіңісіп жоқ болып ке-
туін мақсат тұтатын Кеңес Одағының «интернация-
налистік идеологиясына» да бүкіл жан-тәнімен қарсы
шығады. Ол бірде-бір халықты тегіне, нәсіліне қарап
кемітіп көрген емес, санына, дініне, тіліне қарамастан
барлық халықтарды тең құқылы есептейді. Өмір бойы
езілген, зорлық-зомбылыққа ұшырағандардың жағында
болады. II дүниежүзілік соғыс басталған кезде Мұстафа
және оның жақын серіктері А. Оқтай мен Т. Шағатай
немістер оккупациялаған халықтармен ынтымақта-
стықтарын білдіреді.
М.
Шоқайдың саяси қызметінің де, халықаралық
оқиғаларды зерделеуі мен ғылыми-публицистикалық із-
деністерінің де негізін тарихилық принциптері құрайды.
М. Шоқайдың мәдениеттілігі, кісілік қасиеттері мен
терең ойлылығы зиялы адамдарды өзіне тартып тұратын.
Оның таныстары мен достарының қатары сиремейді,
қайта уақыт өте келе көбейе түседі. 1940 жылы М. Шоқай
шығыстанушы, орысша таза сөйлейтін неміс ғалымымен
танысады. Осыдан кейін ол үйіне: «Онымен кездескеніме
қуаныштымын. Ол егде тартқан, оның үйінде сирек кез-
|