28
История
«Молодой учёный»
.
№ 5.2 (109.2)
.
Март, 2016 г.
десетін шығыс авторларының кітаптары бар. Бұхарада
болған, Түркістанды жақсы біледі, өзбек тілінде мең-
герген» деп, көтеріңкі көңіл-күйде оралады.
М. Шоқайдың зерттеушілік қызметі әлемнің көптеген
елдерінде Кеңес өкіметінің ұлттық саясаты жөніндегі
қоғамдық сананы қалыптастырады.
Тарихты ол саяси күрестің құралы ретінде ғана пайда-
ланған емес, оның қоғам дамуындағы рөлін аса жоғары
бағалап, «әрбір халық үшін өткені — моральдық күш
алатын және басқа халықтар ортасында өз орнын
анықтауға қажетті қайнаркөз болып табылады» деп атап
көрсетті.
М. Шоқайдың пікірінше, тарих тағылымынан үй-
ренбеу, оны жалған пайымдаулармен улау халықты теріс
жолға салады, бұрынғы кезде орын алған кейбір қайғылы
кезеңдердің қайта оралуына әкеледі.
Әдебиет:
1. Чокаев М. Большевики и восточный вопрос // Шефек. 1921. январь
2. Чокаев М. Нерешительность коммунистов (в восточно-турецкой политике) Там же. 1920.18 октября.
3. Шоқай М. Таңдамалы. 1том. 488-бет.
4. Шоқай М. Таңдамалы. 1-том. 225–226-бб.
5. Мұстафа Шоқай. Шығармаларының толық жинағы. 1-том. А,2012
Сыр елінің демографиялық үрдісі
Оразбақов Айтжан, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент;
Джуманова Жанар Абдыжалеловна, магистрант
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
Қ
азақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев: «Ұлттық қауіпсіздік басым-
дықтарының деңгейіне мықты демографиялық және
көші-қон саясатын шығаруға тиіс. Егер біздің мемле-
кеттік органдарымыз бұған бұрынғысынша немқұрай-
лылықпен қарайтын болса, онда біз ХХІ ғасырдың қар-
саңында Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон
процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретінін
демографиялық «Крест–оппа» жағдайына тап боламыз.
Бұл тенденцияны дереу тоқтатуға тиіс» — деген пікірі
Елбасымыз жолдауында халық санын 25 миллионға же-
терлік дені сау, тұрмысы ауқатты, әрі салауатты өмір
салтын ұстанған, білімі терең, мамандығы ұшталған аза-
маттары мен тұрғындары болуы керек делінген [1].
Егеменді еліміз 1991 жылы тәуелсіздігін алғаннан
кейін, көк байрағын желбіреткен күннен бастап респу-
блика тәуелсіз ел ретінде өзіндік саясат жүргізе бастады.
Соның бірі — Қазақстан Республикасының көші-қон са-
ясаты. Себебі көші-қон үрдістері елдегі мемлекеттік қа-
уіпсіздікке, қоғамдық келісімге, экономикалық және де-
мографиялық жағдайларға әсерін тигізеді. Ал қазіргі
уақытта көші-қон үдерісінің негізі — кеңестік дәуірде қа-
лыптасқан көші-қондық үдерістермен тығыз байланысты.
Сондықтан кеңес кезеңіндегі көші-қон саясатының ерек-
шелігі мемлекеттік деңгейде жүргізілген [2] яғни КСРО
уақытында қоныстанған өзге ұлт өкілдері өзінің тарихи
отандарына көше бастады, ал шетелдердегі қандас ба-
уырларымыз елге қарай көш басын бұрды. Ел басына
қиындық туғанда тарыдай шашылған қазақтың басы бір
Отанда — Қазақстанда тоғыса бастады.
Ел Президенті Н.
Ә. Назарбаевтың өзі қолдау көр-
сеткен көші-қон саясаты іске асып, сол ағылған көш легі
2005 жылға дейін үзілген жоқ. Алайда 2005 жылдан кейін
ғана шекарадан бері ағылған бауырластар арасынан ел мен
жерге сіңісе алмай кері көшкендері де болды. Бірақ, бұл да
отанына оралуды армандаушыларға кедергі бола алмады.
1991 жылдан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде
261 мың 104 отбасы немесе 957 мың 772 этникалық
қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін
алды. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму мини-
стрлігінің баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша бұл
еліміздің тұрғындарының жалпы санының 5,5% құрайды.
Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни,
61,6% — Өзбекстаннан келген, сондай-ақ, 14,2% —
Қытайдан, 9,2% — Моңғолиядан, 6,8% — Түрікмен-
станнан, 4,6% — Ресейден және 3,6% — өзге елдерден
оралған қандастарымыз [3].
Елге оралған қандастарымыздың 55,6% — еңбекке
қабілетті жаста болса, 18 жасқа дейінгілері — 39,9%,
зейнеткерлер — 4,5% құрайды. Еңбекке жарамды орал-
мандардың 8,8%-ның жоғарғы білімі бар болса, 20,6%-
ында орта арнаулы білім бар, 60,8% — жалпы орта білімі
бар азаматтар, ал 9,8%-нің білімі жоқ. 24 қарашада Ел-
басы Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны
жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның көші-қон
мен халықты жұмыспен қамту салаларын әрі қарай жетіл-
діруді жүзеге асыруға бағытталған «Кейбір заңнамалық
актілерге халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» ҚР Заңына қол қойған болатын.
|