Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2



Pdf көрінісі
бет42/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2

37
Education
“Young Scientist”

#5.2 (109.2)

March 2016
Мұғалімдердің оқыту технологияларын меңгеруде пе-
дагогикалық кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, олардың 
зерттеушілік жұмыстары, шығармашылық іс-әрекеттері 
пайдаланылады. Барлық жаңа технологияның алдымен 
қоятын мақсаты — оқушының жеке басының дара және 
дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізде-
нуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.
Қазіргі білім беру саласындағы инновациялық техноло-
гияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір тұлға 
болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру 
мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, 
азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің 
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-
тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.
Әдебиет:
1. Бөрібекова Ф. Б., Жанатбекова Н. Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. Алматы: 2014. —360 б.
2. Құрманалина Ш., Мұқанова Б., Ғалымова Ә., Ильясова Р. Педагогика. Астана: Фолиант, 2012. —656 б.
3. Тұрғынбаева Б. А. Дамыта оқыту технологиялары. — Алматы, 2000.
4. Модернизациялық жетілдіру: дүниежүзілік тәжірибе және қазіргі Қазақстан// Республикалық ғылыми-практи-
калық конференция: баяндамалар және баяндамалардың тезистері-Алматы, 1995. —171 б.
Жоғары сынып оқушыларына «Организмдердің көбеюі мен жеке даму» 
тарауын оқытуда педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Абдраманова Гульмира Бостановна, биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;
Ажмолдаева Клара Байжигитовна, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
Е
лімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім 
беру саласына жаңаша қарауда: мұғалімнің оқу — 
тәрбие үрдісін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды, оқушы-
лардан танымдық, шығармашылық потенциялдық дамы-
туды талап етеді. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім 
беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен тех-
нологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. 
Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен 
дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде 
дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке — ақпаратты 
өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам 
қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір 
сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, 
өмір сүретіндер — бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім 
оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. 
Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген бо-
латын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең біл-
гірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық — пси-
хологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік 
және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бұл заман та-
лабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығар-
машылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технология-
лары мен инновациялық әдістерді сабақ үрдісінде тиімді 
пайдалана алатын білігі мен білімі жоғары ұлағатты ұстаз 
болу керек деген сөз.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 
8 — бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — оқы-
тудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпа-
раттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге 
шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, 
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны 
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағыт-
талған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» — деп 
атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің ал-
дына қойып отырған басты міндеттерінің бірі — оқытудың 
әдіс — тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педа-
гогикалық технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің 
алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педа-
гогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім са-
пасын арттыру.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп 
адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. 
Сондықтан, қай елдің болмасын өсіп өркендеуіне, өрке-
ниетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүй-
есінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. Жаңа 
технологияларды сабақта қолданудың тиімділіг қашанда 
алға қоятынымыз анық. Мектеп оқушыларына қазіргі 
заман талабына сай озық технологияларды пайдалану 
арқылы білім беру оңтайлы тәсіл. Нәтижесінде оқушы-
лардың бойында инновацияларды жүзеге асыруға қажетті 
білім мен қабілет қалыптасты, инновациялық іс-әрекетке 
қатысып, жаңалық жасауға және өзгерістер енгізуге деген 
ынтасы артқаны байқалады. Мәселен, «Онтогенез — ор-
ганизмдердің жеке дамуы» тақырыбындағы сабақ қары-
стыруды ұйғардық.
Мақсаты: Білімділік: Организмнің жеке дамуы ту-
ралы және әр кезеңдері туралы түсінік бере отырып, 
оқушыларды өз беттерімен тақырыптағы негізгіні ажы-
рата білуге, білім мен дағдыны жаңа байланысқа кіргізе 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет