Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2



Pdf көрінісі
бет44/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2

39
Education
“Young Scientist”

#5.2 (109.2)

March 2016
тақырыптан әлі оқуым керек, толықтыруым керек десе, 
еттартқышқа салады, яғни жазады (осылайша оқушы-
лардың бүгінгі сабақтан не білім алғандары бағаланады).
«Тазалық» ойыны:
Егер де уақыт қалса, Ой түйін.
• Мен кіммін? (тіршілік иесі, адам, перзент, маман, өз 
отанын сүйетін патриот)
• Бұл өмірде менің орным қандай?
• Өз орнымды адаспай табу үшін не істеуім қажет?
Топпен жұмыс барысында бірін-бірі тыңдай білуге, 
құрмет көрсетуге үйренеді. Сабақта қолданылатын стра-
тегиялар көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты да-
мыған, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары білімді 
жеке тұлға қалыптастыру. Жаңашыл ұстаз болу үшін 
жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерген білімді де тапқыр болу 
керек.
Әдебиет:
1. Бөрібекова Ф. б., Жанатбекова Н. Ж. Қазіргі педагогикалық технологиялар. Алматы, 2014. —360 б.
2. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. Алматы, 2007. —144 б.
3. Таубаева Ш. Т., Лактмoнoва С. Н., Педагoгическая иннoвация как теoрия и практика нoвoведений в системе 
oбразавания: научный фoнд и перспективы развитие. /Книга 1/ — Алматы: Научнo-издательский центр 
«Ғылым» 2001.
Үздіксіз білім беру жүйесінде ересектерді оқыту ерекшеліктері
Абдраманова Гульмира Бостановна, биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;
Оспанова Гульжазира Карсакбаевна, биология магистрі, оқытушы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
ҚР «Білім туралы» Заңының 24 бабында ересектерге 
білім беру қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономи-
калық өзгерістерге сәйкес білімдер мен дағдылардың қо-
сымша көлеміне алуға, ересек адамдардың өмір бойы білім 
аду қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығы 
атап көрсетіледі. Ересектердің білім алу үрдісі тұлға да-
муының басты тұжырымдамасы болып табылатын үздіксіз 
білім беру идеясынан туындайды. Ал үздіксіз білім — бұл 
мемлекеттің стратегиялық идеясы.
Ересектерге білім алу үрдісі — жалпы білім жүйесінің 
бөлінбейтін, маңызды, өзіндік ерекшелігі бар бір бөлігі. 
Ересектердің білімінің басты міндеті — қазіргідей дина-
микалық жылдам өзгеретін қоғамда еркін еңбек ете алу, 
толыққанды өмір сүре алу үшін адамдарды білім, білік, 
дағдымен қамтамасыз етіп, алған білімді өз мәселесін ше-
шуде тиімді пайдалана алудың жолдарын меңгерту. Со-
нымен қатар ересектердің білімі — әр адамға қоғамның 
өзгерістеріне қарай бейімделе алуға, өзінің өмірлік, ру-
хани күштерін өзгерте, сақтай, үстемелеп қоса алуға, өз 
шығармашылық әлеуетін өзінің дамытуына көмектесу.
Ересек адамның өз білім, білік, дағдыларын әрдайым 
жаңартып отыруына, қосымша білім алуына мына төмен-
дегі жағдайлар себеп болады:
— ересек адамның өмірінде ұдайы түйткілді мәселелер 
туындап отыратындықтан, оларды шешу үшін оларға қо-
сымша білім, білік, дағдыларға, іс-әрекет тәжірибесіне 
ие болып, өмір сүру ережелерін ауыстыруға тура келеді, 
олар объективті түрде оқу мотивіне айналады;
— 
кез келген жастағы адамның ақпаратқа деген 
тұрақты сұраныстарының болуы;
— 
жастың ұлғаюына қарай адамның ағзасындағы 
ақпаратты жаңарту үрдісіне жауап беретін танымдық қы-
зметтің әлсізденуі мен нашарлауының салдарын орнын 
толтыратын құрылымдардың табиғи динамикасына қарай 
жасына қарамастан оқуға деген қабілетінің болуы;
— тіршілік әрекеті барысында басқалар үшін де, 
өзіміз үшін де білім алудың мазмұндық негізі бола алатын 
тәжірибе жинастыруға деген қажеттілік.
Ересектерді оқыту мәселесі үздіксіз білім тұжырымда-
масынан туындайды. Үздіксіз білім — толассыз, тоқтаусыз 
білім. Белгілі ғалым Г. П. Зинченконың мақұлдауы бойынша 
«үздіксіз білім» термині ең алғаш рет 1968 жылы білім, 
ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар 
ұйымының (ЮНЕСКО) Бас конференциясының материал-
дарында қолданылды. Ал, 1972 жылы дүниежүзінің барлық 
елдерінде болашақта болатын жаңалықтарға арналған 
«үздіксіз білім» деп аталатын тұжырымдаманы «жетекші 
бағыт беретін концепция» ретінде қабылдау туралы ұсыныс 
«Фор баяндамасында» жарияланды. Бұл ұсыныс осы жылы 
Токио қаласында білім, ғылым және мәдениет мәселелері 
жөніндегі Біріккен Ұлттар ұйымы басшылығының ұйымда-
стыруымен шақырылған ІІІ Халықаралық конференцияның 
Қорытынды баяндамасында қолдауға ие болды. Қазақстанда 
білімнің үздіксіздігі мәселесі С. Мусин, Б. Әлмұхамбетов 
және т. б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Бүгінде әлеуметтік өмірде білім берудің мәртебесі өз-
герді. Соңғы уақыттарда білім беру «білімдік қызмет көр-
сету» аймағына айналғандықтан оған сұраныс пен ұсыныс 
заңдары, бәсекелестік, маркетинг сияқты нарықтық қаты-
настарға тән белгілер де тарай бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет