Интерактивтік технология әдісі
Жансугирова Гульжан Орынбасаровна, техника ғылымдарының магистрі;
Жансугирова Айжан Орынбасаровна, оқытушы
Абылай хан атындағы колледжі (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
Қ
азіргі білім беру саласындағы оқытудың озық тех-
нологияларын толық меңгермейінше сауатты,
жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа техноло-
гияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік
адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көп-
теген адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,
өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдасты-
руына көмектеседі. Бұл технологияның өзін оқытушы
түрліше (орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бой-
ынша немесе шығармашылықпен) іске асыруы мүмкін.
Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық
компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер
етеді, сонымен бірге студенттің әрекеті — оның қабыл-
дауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады. Бү-
гінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пай-
далану тәжірибелеріне еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе,
42
Педагогика
«Молодой учёный»
.
№ 5.2 (109.2)
.
Март, 2016 г.
технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педа-
гогикалық нәтижеге бағытталған және оқытудың жаңа
технологияларын мемлекеттік стандартқа және білімдік
өзгерістерге қарай топтастыруға болады. Педагогикалық
технология негізінде оқу циклін қайта жаңарту идеясы
алынған [3]. Оның мазмұнына: 1) оқытудың жалпы мақ-
сатын қою; 2) жалпы құрылған мақсатты нақтыланды-
руға көшу; 3) студенттердің білім деңгейін алдын ала
(диагностикалық) бағалау; 4) оқу әрекеттерінің жиын-
тығы (бұл кезде жедел кері байланыс негізінде түзету
жүргізілуі тиіс); 5) нәтижені бағалау енеді. Жаңа оқыту
технологиясы, тұлғаның танымдық қабілеттерін және
танымдық үрдістерді: яғни, жадының (ес) алуан түр-
лерін — есту, көру, қимыл және т. б. ойлауды, ынтаны,
қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық
жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қа-
уіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қа-
рым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық
қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік
қорын (ауызша және жазбаша тілінде) дамытуға бағыт-
талуы. Интерактивті оқытудың басты мақсаты — білім
алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таба білуге
үйрету. Еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап
алған қазіргі заманда жастарды өз бетінше шешім таба
білуге үйрету заңды құбылыс. Бұл күнделікті аудитория-
дағы жұмыстарға да қатысты: студент сабақ кезінде мей-
лінше белсенділік танытуы тиіс. Осындай, білім алушы-
лардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын
әдістемелік амалдың бірі интерактивті әдіс болып та-
былады [2]. Интерактивті әдіс кезінде: — сабақ үстінде
білім алушылар мен оқытушылар арасында тығыз қа-
рым-қатынас орнайды. Ондай қарым-қатынас білім
алушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін
табуға тырысқан кезде қалыптасады; Онда білім алушы-
лардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға тал-
пынғаны маңызды болады. Себебі интерактивті оқы-
тудың басты мақсатының өзі сол — білім алушыларды
өз бетінше ой қорытып, жауап табуға уйрету. Интерак-
тивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын
қамтиды. Мұнда студенттердің бұған дейін алған өмірлік
тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып табылады.
Бұл әдісте білім алушы мыналармен қарым-қатынасқа
түседі [4]: 1) оқытушымен (сұраққа жауап берген кезде);
2) өзге балалармен (қосақталып жұмыс жасаған кезде);
3) шағын топтармен (топпен жұмыс жасаған кезде); 4)
белгілі бір топпен, аудиториямен (сауалнама алғанда) 5)
кейбір техника түрлерімен (компьютермен интернетке
шыққанда т.
б.). Интерактивті әдістің ерекшелігі —
студент өзгелермен араласу барысында ашыла түседі,
көбірек оқып, тәжірибе жинай білуі керек. Тәжірибе
интеллектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып табылады
және барлық өркениетті азаматтың қажетті құралы
десек те болады. Интерактивті әдістеме білім алушы-
лардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді:
1) олар мол мағлұмат алып, өздері айтқан пікірге логи-
калық түсініктеме беруге жол ашады; 2) өз пікірлерін
терең ойланып айта алатын болады; 3) мәселені талқы-
лаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған
білім қорын пайдалана алады; 4) бір-бірінен жаңа мағұл-
маттар ала отырып, білімін толықтыра алады; 5) шын-
дыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көр-
сете алады; Интерактивті әдісте таным қабілеттерінің
мынадай түрлері қолданылады: 1) фактілерді еске алу;
2) ойлану; 3) алған білімін жаңа жағдайға пайдалану; 4)
талдап, синтездеп үйрену (бір ортақ шешімге жету үшін,
барлық идеяларды біріктіру); 5) баға беру (сапасын
анықтау). Бұл әдіс осылай жастарды жеке тұлғалық қа-
сиеттерінің қалыптасуына жол ашады. Бұл ретте ең ал-
дымен оқытудың формалары мен түрлерін, әдістерін
түрлендіріп, жаңартып отыру, білім беру ісін технологи-
яландыру (озық техникаларды мысалы: ғаламторды, ин-
терактивті тақтаны, электронды оқулықтарды т. б. пай-
далану) керек [1]. Ең бастысы білім алушыларды оқу
әрекетінің субьектісі ретінде дамуын қамтамасыз ету
керек. Олардың оқу әрекеттерін ынталандыруда бар-
лығының көзқарастарына көңіл бөлу керек, пікірлеріне
шынайы қызығушылық танытып, келісуі оларды белгілі
бір шешім қабылдауға мәжбүрлемеу, пікірлерін сынауға,
жоққа шығаруға, кемсітуге жол бермеу керек. Интерак-
тивті әдіс кезінде мыналар ескерілуі керек: — тұлғаның
еркіндігі мен құқықтары сақталуы керек; — тұлғаның
өзін көрсете алуына жағдай жасау керек; — оған өзіндік
даралығын көрсетуге мүмкіндік жасау керек; — педаго-
гикалық қолдау көрсету. Сонымен, интерактивті оқыту
технологиясы — бұл коллективтік, өзін-өзі толықты-
ратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне не-
гізделген процесс. Интерактивтік оқыту технологиясы:
1.жұптасып жұмыс істеу; 2.ротациялық (ауыспалы)
үштік; 3.карусель; 4.шағын топтармен жұмыс; 5.рөльдік
(іскерлік) ойын; 6.дискуссия; 7.дебат т. б. Интерактивтік
оқыту — бұл ең алдымен студент пен оқытушының қа-
рым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып
оқыту болып табылады. Интерактивтік оқыту — бұл та-
нымдық әрекеттің арнайы ұйымдастыру формасы. Ол
толық айқындалған және мақсатын алдын ала болжауға
болатын оқыту түрі. Сабақтағы интерактивтік әрекет
өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушылардың
әрқайсысына қажет міндетті бірлесіп шешуге алып ке-
летін — ұйымдастыру және қарым-қатынас жасауды да-
мытуды ұсынады. Интерактивтік оқыту нәтижесінде оқу
әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, ин-
теллектуалдық, эмоцианалдық және басқа да жақта-
рынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра
алатын, студентке педагогикалық әсерлі танымдық қа-
рым-қатынас құруға кепілдік беретін, оқытушы мен сту-
денттің іс-әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдасты-
руға болатынын айтқым келеді. Оқытудың интерактивті
әдістерінің артықшылығы *тұлғаның қызығушылығын
туғызады; *әрқайсысының оқу процесіне қатысу бел-
сенділігін кеңейтеді; *әрбір тұлғаның сезіміне назар ау-
дарады; *оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейім-
дейді; *тұлғаға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
|