Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2



Pdf көрінісі
бет43/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2

38
Педагогика
«Молодой учёный»
.
№ 5.2 (109.2)
 .
Март, 2016 г.
отырып тереңдету. Білім көздерінің ақпаратты — ком-
муникативтік технологиямен ұштастыра отырып оқушы-
ларды шығармашылық жұмысқа жетелеу;
Дамытушылық: Ақыл — ой әрекетінің дамуына оқушы-
ларды пәнге қызықтыра отырып, қазіргі заманауи мәселені 
көтеріп қана қоймай, шығармашылық қабілеттіліктерін 
және ғылыми — тәжірибелік, зерттеушілік қабілеттерін 
арттыруға мүмкіндік ашу; қазіргі таңда етек алып отырған 
әлеуметтік проблемаларды қозғау, әрі Адамдағы постэм-
бриондық кезеңді ән арқылы ұғындырып, балалық шақ, 
жастық және қартаю кезіндегі дамудың маңызын ашу;
Тәрбиелік: Көрсетілген сюжеттер арқылы оқушы-
лардың болашақтағы іс — әрекеттеріне жауапкер-
шілікпен қарауға, адамгершілік, саяси тұлға болып қа-
лыптасуына, белсенділік, орындаушылық, өз — өзіне 
баға беруге қабілетті, ынталы, шешім қабылдағыштық 
пен қатар адамға қатысты сезімталдық мінездерінің қа-
лыптасуына тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: Топтау, ой шақыру, еркін микрофон, 
слайд
Пәнаралық байланыс: Биология, әдебиет, ән
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Оқушыларды топтарға бөлу, суреттер арқылы (бір-
жасушалы ағзалар: амеба, жасыл эвглена, кірпікшелі 
кебісше, хламидоманада;
Ұлпалар: эпителий, бұлшықет, жүйке жасушасы — 
нейронның; жыныс жасушалары: аталық және аналық 
жасушаларының суреттері беріледі). Оқушылар осы су-
реттерге қарап, жасушалардың бөліну түрлеріне қарай 
топтарды таңдайды.
І топ «Амитоз»
ІІ топ «Митоз»
ІІІ топ «Мейоз»
Топ басшылар сайлау және топ атауын қорғау
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Тез, шапшаң» Ой шақыру
1. Аталық пен аналық жыныс жасушасының қосылуы.
2. Қосарланған ұрықтануды ашқан ғалымдар.
3. Ұрықтану дегеніміз не?
4. Аналық жыныс жасушаларының даму атауы.
5. Қосарланып ұрықтану дегеніміз не?
6. Жыныс жасушаларында және ұрықтанған жұмы-
ртқа жасушасында хромосома жиынтығы қандай болады?
7. Аталық гаметалардың дамуы.
8. Эндоспермнің дамуы қалай барады?
9. Эндоспермнің триплоидтің табиғатын қай ғалым 
ашты?
10. Сперматогенез және овогенез сызбасын тақтағы сыз.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сперматозоид пен овоцит жасушаларының қо-
сылуынан ЗИГОТА пайда болады. Ұрықтың әрі қарай 
дамуы ОНТОГЕНЕЗ деп аталады. тура даму
Онтогенез 1. Эмбриондық 2. Постэмбриондық
түрленіп даму
ІҮ. Мәтінмен жұмыс, мәтінді оқу. «Экипаж» ойыны 
арқылы мәтінді талдау.
Оқушылар карточка таңдап алады (сайлау, делегат, 
барлығы, сенім):
1 — Сайлау карточкасын алған топтан мұғалім бір 
оқушыны сайлайды.
2 — Делегат карточкасын алған топтан оқушылар өз 
ішінен бір-екі оқушыны дайындап, делегат ретінде сабақ 
айтуға жібереді.
3 — Барлығы карточкасын алған топтың барлығы сөй-
лейді.
4 — Сенім карточкасын алған топтан топ жетекшісі 
оқушылардан сұрайды, бағалайды, мұғалім cенеді. Топ 
мүшелері сөйлеп болған соң, бағалары бағалау парағында 
ұпай арқылы қойылады.
Ү. Қорытынды жасалғаннан соң оқушылар тақтаға 
шығып, топ мүшелеріне басқа топтар дайындаған қа-
рама — қарсы сұрақтар қойылады.
1 — топқа сұрақтар.
1. Зигота дегеніміз не?
2. Бөлшектену кезеңінің қандай ерекшелігі бар?
3. Бөлшектенудің ересек жануарлардың жасушала-
рының митоздық бөлінуінен айырмашылығы қандай?
2 — топқа сұрақтар.
1. Ұрық жапырақшалары дегеніміз не?
2. Эмбрионды даму кезіндегі жасушалардың жіктелуі 
деген не?
3 — сұрақтар.
1. Онтогенетика нені зерттейді?
2. Мезодерма қабатында қандай мүшелер түзіледі?
Қарама — қарсы сұрақтан соң оқушылар бағалау па-
рағын толтырады, қорытындыланады.
ҮІ. Келесі кезең эссе жазбас бұрын оқушыларға 
«Туылмаған сәбидің күнделігінен» атты видео сюжет көр-
сетіледі. Содан кейін эссе жазуға уақыт беріледі.
ҮІІ. «Постэмбриондық даму» мәтінімен танысу, тірек су-
реттермен жұмыс (слайд арқылы дамудың 3 жолы көрсетіледі: 
тура даму, шала түрленіп даму және толық түрленіп даму).
ҮІІІ. Соңғы «Қарт сөзі» атты МузАРТ тобының әні 
тыңдалады. Оқушылар түйінді сөздерін жеткізеді (балалық, 
жастық, қарттық шақ — постэмбриондық даму туралы).
ІХ. Оқушылар білімін және сабақтағы белсенділігін 
бағалау парақшасы арқылы бағалау.
Х. Үйге тапсырма беру: § 35–36. Онтогенез — орга-
низмдердің жеке дамуы. Адам ұрығының дамуына зиянды 
әдеттердің әсері.
Адам тұлғасының қалыптасуына кері әсерін тигізетін 
жат қылықтар (жұптық жоба)
ХІ. Сабақ соңындағы кері байланысты «Тазалық» 
ойыны түрінде өткізу. Оқушыларға бір парақтан беріледі, 
онда мына суреттер бар: чемодан, қоқыс жәшігі, ет-
тартқыш. Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша алған ке-
ректі ақпараттарды чемоданға сақтайды, ал аса қажет бол-
маған, артық дүние болса қоқыс жәшігіне салады, бүгінгі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет