35 Education “Young Scientist”
. #5.2 (109.2)
. March 2016
П Е Д А Г О Г И К А Қазіргі білім берудегі инновациялық технологиялардың рөлі Абдраманова Гульмира Бостановна, биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;
Ажмолдаева Клара Байжигитовна, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
Қ
азіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі
жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт
алуда. Бұл оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге
байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы
өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас,
жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа
қоғам талабына сай білім мен тәрбие беруде мұғалім-
дердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагоги-
калық негіздерін меңгеруі — маңызды мәселелердің бірі.
Болашақта өркениеті дамыған елдер қатарына ену
үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанда да-
мыған бәсекеге қабілетті елдің қатарына жеткізетін, тере-
зесін тең ететін ол — білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі
білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технология-
ландыру мәселесін қойып отыр. Инновациялық техноло-
гияларды меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет.
Қазіргі мектеп мұғалімі: жаңаша ойлау жүйесін меңгере
алатын, оқушымен тез тіл табыса алатын, білімді, шебер,
іскер болуы тиіс.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қой-
ылып отырған міндеттердің бірі — оқытудың әдіс-тәсіл-
дерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педаго-
гикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда мектеп
мұғалімдері инновациялық және интерактивтік әдістеме-
лерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың са-
палы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Білім беруде оқушы өзі ізденіп, тақырыпты оқып,
түсініп, тақырып аясын кеңейтсе, жолдастарымен ой
бөлігіне өз білгенін көпшілікке жеткізе алса, онда ұстаз
еңбегінің нәтижесі болғаны, бұрынғы әдепке айналған оқу
үрдісінде — оқушы белсенділік көрсетуге тиіс.
Бүгінгі нарық заманында «Өмір бойы білім алу» әрбір
Қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс», — деп
Елбасы жолдауында көрсеткендей, отандық білім беру
жүйесінің дүниежүзі білім кеңістігіне енуі білім саласына
үлкен өзгеріс, жаңа леп әкелді.
Енді «инновация» ұғымына тоқталатын болсақ, ға-
лымдардың көпшілігі оған әртүрлі анықтамалар берген.
Мәселен, Э. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді:
«Инновация — нақтылы бір адамға жаңа болып табы-
латын идея». Майлс: «Инновация — арнайы жаңа өз-
геріс, Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын,
шешімдерін күтеміз» — дейді.
«Инновация» сөзі — латынның «novis» жаңалық және
«in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның аудармасы
«жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.
Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы
мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. «Инно-
вация» ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениеттанушы-
лардың зерттеуінен пайда болды. Инновация ұғымын әр
елде әртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Ни-
дерланды) бұл термин кең тараған.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ
тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов.
Ол «Инновация, инновациялық үдеріс деп отырға-
нымыз — білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау,
меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек
қызметі» деген анықтаманы ұсынған. «Инновация» сөзі
қазіргі уақытта барлық білім, өндіріс, медицина, техника
салаларында өте жиі қолданылып келеді. Инновациялар
қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып
келе жатса да, педагогикалық категория ретінде ХХ ғасы-
рдың 70–80 жылдарында ғана қолданысқа енгізілді.
Қазіргі инновациялық технологиялар педагогика
ғылымы мен практикасының жетістіктерін, дәстүрлі
тәжірибедегі құнды дүниені, әлеуметтік прогрестің
жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия
жемісін жинақтаушы қызметін атқарады.
Инновациялық білім берудің мазмұнын жетілдіру, оны
инновациялау мәселелерін Ю. К. Бабанский, В. С. Би-
блер, Ю. С. Гершунский, В. П. Кваша, В. С. Лазарев,
В. Я. Ляудис, А. В. Лоренсов, В. М. Полонский, С. Д. По-
ляков, М. М. Поташник, А. И. Пригожин және т. б. қара-
стырған.
Қазақстанда білім беру саласындағы педагогикалық
инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселе-
лерін Ш. Т. Таубаева, Н. Н. Нұрахметов, С. Н. Лакти-
онова, Е. З. Батталханов, Қ. Қ. Қадашева, Т. О. Балық-