Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2


Бастауыш мектепте зерттеушілік іс-әрекеттің жүргізілуі



Pdf көрінісі
бет61/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2

Бастауыш мектепте зерттеушілік іс-әрекеттің жүргізілуі
Сартаева Назгуль Ташкенбаевна, PhD докторант
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
(Алматы қаласы, Қазақстан)
Б
астауыш сынып оқушыларының зерттеушілік 
іс-әрекеті қазіргі мектеп бағдарламаларында 
маңызды рөлге ие. Мұның себебі зерттеушілік іс-әре-
кетті бала қабілетін ашу, үйлесімді тұлға етіп тәрбиелеу 
мен дамытудың мықты құралы деп тануда деп білеміз.
Зерттеушілік іс-әрекет — алдын-ала шешімі белгісіз 
және ғылым саласындағы зерттеулерге тән мәселені қою, 
тақырыпты теориялық зерттеу, зерттеу әдістерін таңдау, 
практикада жүзеге асыру, өз бетінше ақпарат жинау, оны 
талдау және қорытынды шығару сияқты негізгі кезеңдерден 
тұруды болжайтын оқушылардың шығармашылық, зертте-
ушілік міндетті шешумен байланысты іс-әрекеті [1, 9].
Бастауыш мектептегі зерттеушілік іс-әрекетінің мақсаты: 
бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік әрекетін жү-
зеге асыру және зерттеушілік қабілеттерін дамыту арқылы 
интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін дамыту.
Міндеттері:
- балалардың шығармашылық зерттеушілік белсен-
ділігінің дамуына ықпал ету;
- оқушыларда зерттеушілік әрекет оқу әрекетінің же-
текші тәсілі мен өмір сүру стилі ретіндегі түсінікті қалып-
тастыру;
- оқушылардың іргелі және қолданбалы ғылымға 
деген қызығушылығын тудыру;
- баланың қоршаған ортаны өз бетінше тану 
ұмтылысын қолдау;
- танымдық қабілеттері мен шығармашылық қиялын 
дамыту;
- ұйымдастырушылық-коммуникациялық 
дағды-
ларын дамыту [2].
Зерттеушілік іс-әрекетінің басты идеясы: оқушыларға 
білім алудың, ойлауын дамытудың, білім беру үдерісінде 
субъективті жаңа білім алу негізінде тұлғалық түғырын 
белсендірудің әмбебап тәсілі ретінде зерттеушілік дағды-
ларын меңгеру мүмкіндігін беру.
Зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыруға қажет білік-
тіліктер:
1. Өз жұмысын ұйымдастыра алу біліктілігі (жұмыс 
орнын дайындау, жұмысты жоспарлау);
2. Зерттеушілік сипаттағы біліктілік пен білім (зерттеу 
тақырыбын таңдау, зерттеу құрылымын, зерттеу әдістерін, 
ақпарат іздеу және т. б. құру);
3. Ақпаратпен жұмыс жасау біліктілігі (ақпарат түр-
лері, ақпарат көздері, ғылыми мәтін, термин, түсінік, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет