57
Philology
“Young Scientist”
.
#5.2 (109.2)
.
March 2016
барлығы түбір мен негізге жатыс септік тұлғаларының
жалғануы арқылы жасалған.
Тәуелденген түбірге кіріккен жатыс септік жалғауы.
Естіп ем ел аузынан бір аңызды,
Сол аңыз жүрегімнен жыр ағызды.
Сырламай сол қалпында ұсынайын,
Кешір, дос, олақ айтсақ мына бізді (М. Әлімбаев).
Ол (Құрмаш) басында күмілжіп ештеңе айта қоймап
еді. Ақыры шынына көшті (Қ. Жұмаділов). Дүйсеннің өмір
барысында хат тануының өзі жылдан-жылға дамып, ұлғая
түсті (Н. Оразалин). Енді бір үш-төрт сағаттан кейін ба-
сы-қасында болып, өзі шығарған газеті оқушы қауымның
қолында болады (С. Мәуленов). Ертеңінде ол жұмысқа
шыққан жоқ (Қазақстан мұғалімдері). Затында бұл қорқақ
емес, қорғаншақ, сақтық ойлағыш (М. Әуезов). Бұл
жолмен кезінде кім жүрмеді дейсің (Т. Дәуренбеков). Бұл
жаққа хат-хабар, газет-журнал айында, жылында бір-ақ
келеді десті (Б. Тоғысбаев). Қашанда біреуді күтсең, за-
матында келе қоймайтыны бар ғой (С. Сарғасқаев).
Бұл айдалып кеткенде Құрмаш нағашы апайының қо-
лында қалыпты (С. Сарғасқаев). Берілген сөйлемдер-
дегі қалпында, басында, барысында, басы-қасында, ер-
теңінде, затында, кезінде, жылында, заматында, қолында
үстеу сөздері жатыс септігін тікелей қабылдамастан ал-
дына тәуелдік жалғауының ІІІ жағын қабылдап барып
(қал (ы) п+ы+нда, бас+ы+нда, барыс+ы+нда, ба-
сы-қас+ы+нда, ертең+і+нде, зат+ы+нда, кез+і+нде,
жыл+ы+нда, замат+ы+нда, қол+ы+нда) қалыптасқан.
Жатыс септігінің көнеленіп, түбірмен кірігуі негізінде
тек үстеу сөз таптары жасалады деген бір жақты пікір қа-
лыптасқан (А. М. Щербак, А. Ысқақов, С. Исаев т. б.).
Алайда мысалдарды жинақтап, сұрыптау барысында,
септік жалғаулары арқылы шылау сөздер мен қыстырма
Достарыңызбен бөлісу: |