ретінде жұмсалатын сөздердің жасалатыны анықталды. Қазақ тіліндегі шылау сөздер зерттелуінің ғасырға жуық
тарихы бар. Осы уақыт арасында шылаулар сипаттамалық
тұрғыдан да, тарихи сипатта да қарастырылып, іргелі ең-
бектер жазылуда. Алғаш қазақ тіліндегі шылау сөздерді
таптастыру А. Байтұрсынұлының еңбегінен басталады.
Автордың «Тіл — құрал» еңбегінде «шылау сөз» жеке
өз алдына қарастырылмай, үстеу, одағай сияқты сөз тап-
тарымен қатар алынған. Ғалым пікірі кейінгі жылдары
Қ. Жұбанов, Ғ. Бегалиев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов
сияқты ғалымдар еңбектерінде шылаулардың морфологи-
ялық сипаты мен түрлеріне қатысты мәселеде жалғасын
тапқан. Профессор Р. Әмір жалғаулық шылауларды зерт-
теудің жеке нысаны ретінде алып, даму, қалыптасу ерек-
шеліктеріне тоқталған [2]. Автор жалғаулық шылаулардың
ерекшелігін ғана сөз етеді. Қазақ тілінің тарихи синтаксисін
зерттеген ғалымдар Т. Қордабаев пен Е. Ағманов шылау
сөздердің тарихи сипатына тоқталып өтеді. А. Ысқақов мор-
фология еңбегінде шылау сөздердің белгілеріне тоқталып,
мағыналық топтарын жіктеп берді. Синтаксис маман-
дары М. Балақаев пен Т. Сайрамбаев шылау сөздердің
синтаксистік ерекшеліктеріне назар аударды. Ғалымдар
пікірлерін шәкірттері ары қарай дамытып, жалғастырып
келеді. Қ. Қадашева көмекші сөздердің қатарында шылау-
лардың да сөйлем мүшелерін ұйымдастырудағы ерекшелі-
гіне тоқталса [3], Ғ. Иманалиева шылау сөздердің сөз тір-
кесі синтаксисі мен сөйлем синтаксисіндегі қызметтерін
зерттеген [4]. Қ. Молгаждаров шылау сөздердің тарихи
қалпын түркі тілдерімен салыстыру негізінде диссертация
қорғады [5]. Бұл еңбектерде септік жалғаулары арқылы қа-
лыптасқан шылау сөздердің тілде тұрақталуы назардан тыс
қалған. Мысалы, Екі-үш ай шамасында ол орысша еркін
сөйлейтін болды (Б. Соқбақбаев). Әкесі қасым төре, аға-
лары Есенкелді, Саржанның бұл жөнінде ұстаған жолы
оған жұмбақ (І. Есенберлин) деген сөйлемдердегі шама-
сында, жөнінде көмекші сөздері тек осы септік тұлғасында
ғана жұмсалып, шылау қызметін атқарады.