Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2



Pdf көрінісі
бет67/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
moluch 109.2

58
Философия
«Молодой учёный»
.
№ 5.2 (109.2)
 .
Март, 2016 г.
Ф И Л О С О Ф И Я
Жаһандану жағдайындағы ең маңызды мәселе — рухани қауіпсіздік
Қалдыбай Қайнар Қалдыбайұлы, PhD доктор, аға оқытушы;
Көлеген Гүлбазар Батырханқызы, магистр, аға оқытушы;
Ниязов Нұрдаулет Абилдаевич, магистр, оқытушы
Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ (Түркістан қаласы, Қазақстан)
Т
әуелсіз Қазақстан Кеңестер Одағындағы қайта 
құрулар нәтижелері мен ыдырауынан кейінгі орын 
алған саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдары-
стардан сәтті шыға білгені әлемдік қауымдастыққа аян. 
Әлемнің алпауыт елдеріне ұлттық мүдделеріміздің бәсеке-
лестікке қабілеттілігін мойындатқан еліміздің 25 жыл та-
рихи дамуымыз осы сөзіміздің дәлелі.
Әлемдік тарихи тәжірибе көрсеткендей, ұлттық қа-
уіпсіздікке ерекше ықпал жасайтын факторлар ұлттық 
қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мазмұнына әсер 
ететін әдістемелік аспектілердің болуымен өлшенеді. 
Мұндай үрдістегі жоғары сапалық көрсеткішке жетуге не-
гізгі әлеуметтік топтар мен саяси күштердің түрлі базалық 
құндылықтарының болуы кері әсерін береді.
Жаһандану жағдайындағы ең маңызды мәселе — ру-
хани қауіпсіздік болып отыр. Рухани қауіпсіздік мәселесі 
ХХI ғасырдың соңында көкейтесті мәселеге айналады. Бұл 
мәселе әлі терең зерттелмеген, жүзеге аспаған қоғамдық 
қажеттілік болып отыр.
«Қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудың бірден-бір 
шарты — рухани қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Руха-
нилық — Қазақстанның ұлттық мүддесінің бір бөлігі. 
Оларды қорғау үшін елді әскери, ақпараттық, әлеуметтік, 
экономикалық қауіпсіздікпен қатар жүретін, солардың 
ұйытқысы болатын рухани қауіпсіздікпен қамтамасыз ету 
керек. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігінің ру-
хани негізі — оның тұрақты дамуына түрткі болады. Ру-
хани қамтылмаған елдің мемлекеттік және қоғамдық 
құрылымдарының бұзылуына және халықтың рухани ден-
саулығы құлдырайды. Яғни рухани қауіпсіздік — адамның 
рухани экологиясын қорғау болып табылады. Рухани 
өмір — жеке адамның өзін-өзі тану мен өзін-өзі жасауы. 
Рухани қауіпсіздік — қоғамның ең маңызды өлшемдерін 
қорғайтын шарттар жүйесі. Бұл өлшемдерден шығу қоға-
мының біртұтастығын бұзып, оның рухани-адамгершілік 
негіздерін құртады. Наполеон: «ар-ұяттың төмендеуі — 
мемлекеттің саяси тұтастығын құлдыратады» деген сөз-
дері бекер айтылмаған. Егер ұлттық рухтың ұясы — тіл 
десек, тілінен, ділінен, мәдениетінен айырылған ел, мем-
лекет болудан қалады.
Сондай-ақ, рухани қауіпсіздік — ұлттық қауіпсіздіктің 
ерекше құраушы бөлшегі. Руханилық ұлттық қа-
уіпсіздіктің ұйытқысы.
Рухани қауіпсіздіктің объектісі адамдардың әлемді, 
табиғатты және қоғамдық болмысты қабылдауындағы 
сезімдері, бағыт-бағдарлары.
Рухани қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төмендегі 
шарттарды орындау керек:
1) қазақ тілін дамыту, оны әлемдік тілдер қатарына 
қосу, өркениет тіліне айналдыру.
2) мәдени, рухани-адамгершілік, тарихи салт-дәстүр-
лерді сақтау және дамыту.
3) халықты рухани тәрбиелеу негізінде мемлекеттік са-
ясатты жүргізу» [1].
Ұлттық қауіпсіздік — Қоғамның өмірлік маңызы 
бар барлық жүйесінің қорғалуын, адам және мемлекет, 
олардың мақсаты, идеалы, құндылықтары, сыртқы және 
ішкі қатерден қорғану қажеттіліктері, қарсы тұру қабілеті, 
табиғаттың тосын жағдайларына, бүкіләлемдік және 
ұлттық даму заңдылықтарына дер кезінде бейімделе білу 
қабілетінің базалық түсінігі.
Мемлекеттің қауіпсіздігі ұлттың интеллектуалды по-
тенциалына және ақылымен ерік-жігеріне байланысты — 
деп В. Н. Кузнецов «Әлеуметтік қауіпсіздік» оқу құра-
лында Рессей Федерациясының ұлттық қауіпсіздігін 
ұлттың интеллектуалды дамуымен байланыстырады [2].
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» — деп ата-ба-
бамыз айтқандай, Тәуелсіз Қазақстан жағдайында 
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұлттың интеллекту-
алды серпілісінен бастау алады. 2010 жылғы 29 сәуір-
дегі Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның Ұлт 
Бірлігі Доктринасы » осы мәселені көтереді: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет