Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2


қызығушылығын арттыру жолдары



Pdf көрінісі
бет57/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2

қызығушылығын арттыру жолдары
Мырзалиева Гүлназ Әмірбекқызы, информатика пәнінің мұғалімі
№ 264 мектеп-гимназия (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
Қ
азақстандық білім беру реформасының басты мақ-
саттарының бірі — инновациялық технологияларға 
сүйене отырып, оқушының бойында шығармашылық ой-
лауды, бастамашылдықты дамытуға мүмкіндік жасау, 
тұлғаның үйлесімді дамуына қолайлы жағдай туғызу нәти-
жесінде оның өзіндік мүмкіндіктерін жоспарлы пайдалана 
білуіне қол жеткізу арқылы тұлға біліктілігін қалыпта-
стыру.
Білім жүйесі ел өміріндегі стратегиялық маңызды 
сала болып табылатындығы белгілі. Ал, оқу үдерісіндегі 
дәстүрлі әдістердің озық заман талабына жауап бере ал-
майтындығы өзінен-өзі түсінікті. Бүгінгі уақыт талабына 
сай білім беруді одан әрі жетілдіру оқу-тәрбие үдерісіне 
озық тәжірибені, ғылыми жетістіктерді енгізуді талап 
етеді.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ 
тілінде анықтама берген ғалым Н. Нұрахметов. Ол “Ин-
новация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз — білім 
беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қол-
дану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген 
анықтаманы ұсынады. Сонымен қатар оқытудың инно-
вациялық технологиялары негізінде білім беруді жү-
зеге асыру арқылы оқушының қабілетін, өзіндік дамуын, 
біліктілігін қалыптастыру мәселесіне ғалым-педагогтар 


50
Педагогика
«Молодой учёный»
.
№ 5.2 (109.2)
 .
Март, 2016 г.
М. Құдайқұлов, 
Б. Тұрғынбаева, 
М. Жанпейісова, 
Н. Сарсенова да назар аударған [1]. Белгілі ғалым М. По-
ташник «Инновация — оқу бағдарламасын меңгертуде 
мұғалімнің оқытудың жаңа әдістемелері мен технологи-
яларын тиімді игеруі» деген анықтама берсе, Н. Талы-
зина «Инновациялық технологияларды қолданудағы не-
гізгі міндет: сабақ үрдісінде белгіленген мақсатқа жетуде 
ең тиімді әдістерді таңдай білу» деп анықтайды, Э. Род-
жерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация — 
нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс 
“Инновация — арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі 
міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», — 
дейді [2].
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зият-
керлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және 
басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі 
әсерін тигізеді, өзін — өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұй-
ымдастыруға көмектеседі. Инновациялық технология-
ларды қолдана отырып оқыту — бұл таным әрекетін ұй-
ымдастырудың арнаулы формасы.
Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің 
шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. 
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін са-
бақты түрлендіріп өту керек. Осындай жұмыс барысында 
жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесіне сүйене отырып, са-
бақты түрлі іскерлік ойындар, жарыстар түрінде, пәна-
ралық байланыс түрінде, көрнекіліктермен, дидакти-
калық материалдар пайдалана отырып, өтсе балалар 
қызығатын сияқты. Ол үшін оқытудың жаңа технологи-
яларын, қашықтықтан оқыту, ақпараттық — коммуни-
кациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану 
секілді ауқымды мәселелердің өзектілігі артады.
Информатика мұғалімдерінің педагогикалық жұмы-
сына қойылатын талаптарының басқа пәндер мұғалімінің 
жұмысына қойылатын талаптардан гөрі елеулі ерек-
шеліктері, айырмашылықтары бар. Сол талаптарды іске 
асыру — мұғалімнің жұмыстарының мақсаттылығын кү-
шейтіп, сабақтан тыс уақытында нәтижелі әрі құнды ма-
териалдарды ұйымдастыруына мүмкіндіктер туғызады. 
Дидактикалық материалдар информатика оқулығының 
негізінде алынған өзіндік, бақылау және тестік тапсыр-
малардың, пысықтау сабақтарының, қызықты есептердің 
жиынтығы болып табылады.
Дидактикалық материалдарға енетін өзіндік жеке жұ-
мыстар тек оқыту сипатына, жаңа өтілген материалдарды 
пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсыр-
малар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалып-
тастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге 
бағытталған. Бақылау және тестік жұмыстарды жүргізуде 
өзіндік жұмысқа қарағанда уақыт көлемі қатаң ескеріледі. 
Дидақтикалық материалда ұсынылатын тест тапсырмала-
рының сұрақтары өте анық, түсінікті, ой тұжырымын жа-
сауға өте ыңғайлы болуы тиіс.
Тест тапсырмаларды пайдаланып, нәтижесіне талдау 
жасай келе, мынадай қорытынды жасауға болады. Тест 
тапсырмалары оқушылардың қандай материалды игеріп, 
қай материалды қандай тәсілмен түсіндіру қажет екенін 
анықтауға да мүмкіндік береді.
Дидактикалық ойындар
 
— сыныпта жүргізілетін жұ-
мыстардың ең қызықтысы. Ойынның қай түрі болса да, 
оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі. Оқушы-
лардың пәнге қызығуын шығармашылықпен ойлауын 
және білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын 
ойые элементтерінің рөлі зор. Ойын элементтерін пай-
даланудың оқушылар білімін тиянақты етудегі зор мүм-
кіндігін ескере отырып, мен өз іс тәжірибемде бірнеше 
ойын түрлерін қолданамын. Сабақта ойын элементтерін 
қолдану оқушылардың жоғары көңіл күйін туғызады. Ал 
мұның өзі оқушының белсенділігін, дербес ойлануын, қы-
зығуын арттырып, сабақты қабылдауға, барынша қо-
лайлы ықпалын тигізеді. Ойынның қандай түрі болса да 
жалқау, енжар балалардың ынтасын арттырып, білімге 
қызықтырады.
«Информатика» пәнінен 6-сыныпта «Ақпаратты 
қорғау. Вирусқа қарсы програм-малар» тақырыбында 
өткен сабақта оқушылар компьютерлік вирустардың 
түрлерін анықтап, вирустарды жою түрлерін меңгеріп, 
және ақпаратты вирустан сақтау жолдарымен өз бетінше 
жұмыс жасауға дағдыланды. Менің бұл сабағым бұрын 
өтіп жүрген сабағымнан әлде қайда өзгеше болды. Бұл 
сабақтағы мен оқыту мақсатына — оқушылардың сын 
тұрғысынан ойлау қабілетін дамытып, тақырып мәнін өз 
бетімен оқып түсінуін, топпен жұмыс жасауын, өзгелердің 
пікірін тыңдай алып, ол пікірді бағалауын және өзін — өзі 
бағалауға, топпен бағалауға, жұппен бағалау дағдыларын 
қалыптастыруды алдым. Оқушылар терең білім алып, бо-
лашақта пайдалана алатындай және тиісінше сол білім-
дердің ұзақ уақытқа есте сақталуына жағдай жасайтын 
тәсілдерді оңтайлы таңдау болды. Осы мақсатты жүзеге 
асыруда «Ойлан, жұптас, бөліс», тұжырымдамалақ карта, 
«Сәйкесін тап», «Кеңейтілген тапсырма», компьютермен 
жұмыс, әдістерін таңдап алдым.
Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында «Крестиктер 
мен нолдіктер» ойынын қолдандым. Бұл тапсырмада ин-
терактивті тақтадан суреті мен сұрақтар көрсетіледі, осы 
сұрақтардың дұрыс жауабын «Х» — деп, дұрыс емес жа-
уабын «О» — деп белгілеп шығуы керек. Нәтижесінде, 
дұрыс жауап берген оқушыларда үш «Х», үш «О» шығады. 
Сұрақтар күрделірек болғандықтан жетінші, сегізінші, 
тоғызыншы сұрақтарға жауап берген оқушылар саны көп 
болмады, бұл тапсырманы сыныптағы барлық оқушы-
лардың бірдей деңгейде орындамағанын анықтадым. Осы 
тапсырма арқылы дарынды және талатты балаларды, жас 
ерекшеліктеріне сай оқытуда ізденісті дамыта түсуім ке-
ректігіне көз жеткіздім.
Жаңа сабаққа ену мақсатында мен сыни тұрғы-
сынан ойлау қабілетін дамыту аясында «Педагогикалық 
жағдаят» арқылы мынандай ситуациялық сұрақтар 
қойдым: Балалар барлықтарыңда үйде компьютер бар 
ма? Ол компьютермен қандай жұмыс жасай аласындар? 
Қаншалықты көп жұмыс жасайсындар? Компьютер-
лерің жақсы жұмыс жасай ма? Неге кейде әр түрлі жа-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет