Құрғақ шарикті алып, оны жайып, ампуланың мойынын толық жабу
Ампуланың мойынын бірінші және екінші саусақтың арасымен қысып абайлап сындыру
Ампуланы үстелге қойып, шприцті алып инесіндегі қалпақты шешу
Сол қолдың екінші және үшінші саусақтарының арасымен ампуланың түбін жоғары қаратып алу
Шприцті оң қолмен ұстап, инесін ампуланың сыртына тигізбей, ішіне енгізу
Шприцтің поршенін баяу төмен тарта отырып, ампуланың ішіндегісін шприцтің цилиндріне жинау
Ампуланы қолданған шариктер салынған астауға салу
Егер шприцтің цилиндрінде ауа көпіршіктері болса, шприцтің порненін өзіңе қарай тарты шприцтегі ауаны баяу итеріп шығару
Есте сақтау! Ауа көпіршіктерін бір-біріне қосу үшін шприцтің корпусын саусақпен соққыламаңыз, ампуланың ішіндегі дәріне ауаға шашпаңыз. Иненің ұшынан тамшы ерітіндіні шығарыңыз
Шприцтің инесін ауыстырыңыз, иненің ұшындағы тесікті шприцтің шкаласына қарай бағыттау
Дәрісі бар шприцті пакетке салу
Пациентті орындыққа отырғызып, алақанын жоғары қаратып қолын жастықшаға қолды сұрау
Инъекция жасайтын орынды қарау, көктамырды анықтап оны пальпациялау
Пациенттің ашық иық сүййегінің ортасын салфетка немесе орамалмен жауып екі ұшын жоғары қаратып бұрауды байлау
Білезік артериясынан пульсті анықтау. Егер пульс анықталмаса бұрауды шешу. Қысқа уақытқа үзіліс жасап, манипуляцияны қайталау
Пациентке саусақтарын бірнеше рет ашып-жұмып, соңынан жұдырығын түюін айту
Инъекция жасайтын орынды спиртке малынған шарикпен 10х10см көлемде сүрту
Басқа шарикпен тек инъекция жасайтын орынды сүрту
Бұл шарикті пациенттің қолында немесе өзіңіздің сол қолыңыздың 4 және5-ші саусақтары арасында қалдыру
Шприцті қорабынан алып, инесінің қалпағын шешу
Иненің тесігін жоғары қаратып, оң қолдың саусақтарымен шприцті қоршай ұстап, сұқ саусқпен иненің муфтасын бекітіп ұстау
Инъекция жасауға таңдалған көк тамырға параллельді етіп инемен теріні тесу, иненің тесігін толығымен терінің астына енгізу
Иненің қозғалу бағытын 45˚-қа өзгерту, иненің ұшын тамырдың қабырғасына жақындату
Көк тамырға пункция жасау, иненің қуысқа енгенін сезу
Инені тамырдың бойымен жылжыту
Иненің тамыр ішінде тұрғанын анықтау үшін шприцтің поршеньін өзіңе қарай тарту
Цилиндрде қан пайда болғанда иықтағы бұрауды тартып шешу
Тамырға дәріні баяу енгізуді бастау
Инъекция жасау кезінде инъекця жасаған орында және пациенттің реакциясын бақылау
Инъекция орнында үрлену пайда болса дәріні енгізуді дереу тоқтатып инені тамырдан шығару
Дәрі енгізудің бұрыс белгілері байқалмаса және пациенттің жағдайы өзгермесе инъекцияны аяқтау
Тамырдан инені шығармай тұрып саусақ арасына қалдырған шарикті алып инъекция жасаған орындағы иненің дистальді бөлігіне қою
Сол қолмен мақтаны инъекция жасалған орында басып тұрып, тамырдан шприцпен бірге инені шығарып
Пациенттен шынтағын бірнеше минутқа бүгіп ұстауын сұрау
Инеге қалпағын кигізбей шприцті арнайы шприцтерді утилизациялауға арналған контейнерге тастау