Сифонды клизманы қоюдың ерекшеліктері
Сифонды клизманы қою үшін сыйымдылығы 0,5-2 л воронка, резеңкелі иілгіш ұштық немесе ұзындығы 20-30 см резеңкелі ішек түтігі жалғанған, диаметрі 1 см-ден кем емес, ұзындығы 1-1,5 м резеңкелі ұзын түтікті қолданады. Ұзын ішек түтік және резеңкелі ұштықтың орнына жуан асқазан зондын қолдануға болады.
Сифонды клизманы қою техникасы
Резеңкелі ішек түтігінің немесе жуан асқазан зондының вазелинмен майланған ұшын тік ішекке 20-30 см тереңдікке енгізеді.Сифонды клизманы жүргізу іс-әрекеті асқазанды жуумен бірдей. Воронканы түтікшенің ұшына жалғап, пациенттің жамбасынан шамалы жоғары деңгейде еңкейте ұстап, жууға арналған сұйықтықтарды - таза қайнаған су, перманганат калиийдің әлсіз ертіндісін, 2 % гидрокарбонат натрий ерітіндісін құяды. Воронканы науқастың денесінен 50 см биіктікке көтереді, сол кезде су ішекке қарай ағады. Воронкадағы су оның тарылған бөлігіне келгенде оны науқастың денесінен төмен деңгейге түсіреді, осы кезде воронка ауа көпіршіктері және нәжіс қалдықтары араласқан, ішектен шыққан жуынды суға толады. Воронканы төңкеріп, ішіндегі суды төгеді, осы жуу процедурасын воронкадағы жуынды су тазарғанша бірнеше рет қайталайды.
Бір сифонды клизмаға 10-12 л су қажет болады.
Достарыңызбен бөлісу: |