Молотов-Лучанский В. Б., Туймебаева А. Т., Туймебаев А. А. Клиникаға кіріспе



бет9/36
Дата25.12.2021
өлшемі0,55 Mb.
#104833
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
Байланысты:
KLINIKA 1170 A KIRISPE

Міндетті жағдай: терісі сау тырнақтары боялмаған қол. Алдымен тырнақ астындағы кірді тазалап қолды ағынды сумен жуу.

Дайындық:

1. саусақтағы сақинаны шешіп, терінің бүтіндігін тексеру

2. халаттың жеңін шынтаққа дейін түріп, сағатты

3. шүмекті ашып, судың температурасын ретту (35-40)



Орындау:

  1. Қолды сабындап, су ағатын шүмекті сабындап жуады, (шынтақпен жабылатын шүмек жуылмайды) сабынды таза салфеткаға немесе сабын салғышқа салады.

  2. Ағынды судың астында қолды сабындап алдымен білектің 2/3 бөлігіне дейін, саусақтың арасын мұқият 30 секунд жуады, содан кейін алақанды және қолдың сыртқы бөлігін саусақтармен айналдырмалы қозғалыс жасап жуады.

  3. Қолдағы сабын көбіктерін тазалау үшін қолды ағынды сумен шаяды

Ескерту: қолдың басындағы су шынтаққа қарай ағу үшін саусақтарды жоғары қаратып қолды көтеру керек (қолды су ағатын шүмекке тигізбейді).

  1. Қолды жууды осы тәртіппен қайталаңыз.

Аяқтау:

1. салфетка арқылы шүмекті жабады (шынтақпен жабылатын шүмекті шынтақпен басып жабады).

2. Қолды жеке орамалмен немесе кептіргішпен кептіреді.

Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу.

Қолды гигиеналық тазалау ең нәтижелі болып саналады.



Мақсаты: гигиеналық деңгейде қолды деконтаминациялау.

Көрсеткіш:

  • қолғапты киер алдында және шешкеннен соң;

  • организмнің биологиялық сұйықтықтарымен жұмыс істегенде;

  • иммунитеті төмендеген науқастарды күту алдында.

Жабдықтар: кір сабын, секунд көрсететін тілі бар сағат, жылы ағынды су, пинцет, мақта шариктері, салфеткалар. дез.ерітінді құйылған ыдыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет