Мақсаты:механикалық тәсіл арқылы қолдағы микрофлораны жою. Пациент және персоналдың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Көрсеткіш: қолды әлеуметтік өңдеу қолды тазалаудың ең қарапайым әдісі, қолғаппен және қолғапсыз емдік емшараларды жүргізер алдында, сонымен қатар одан кейін де жүргізіледі; тамақтану алдында және кейін; әжетханадан кейін; науқастың биологиялық сұйықтығымен қолы былғанбаса да пациентті күтуге қатысқаннан кейін.