Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы


[137, 38  б.]. Ал «Тіл – құралдың» кейінгі басылымдарында (1923-1924) мұны «жарнақ  сан» деп өзгертеді



Pdf көрінісі
бет22/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

 
[137, 38 
б.]. Ал «Тіл – құралдың» кейінгі басылымдарында (1923-1924) мұны «жарнақ 
сан» деп өзгертеді
 
[138, 42 б.]. Бұл тұжырымдардан функционалды 
семантиканың алғашқы негіздері айқын танылады.
Қазақ тіл білімінде 
функционалды грамматика
категорияларын ғылыми 
деңгейде алғаш сөз еткен А.Д.Данияров болды. Зерттеуші 1965 жылы 
«Категория множественности в современном казахском языке» деген тақырыпта 
кандидаттық диссертация қорғап, қазақ тіліндегі көптік категориясын ғылыми 
деңгейде қарастырды. Көптік категориясы мөлшер категориясына ең жақын 
категориялардың бірі саналады. Тіпті кей зерттеушілер көптік категориясы мен 
мөлшер категориясын сан-мөлшер категориясы деп атап, бір категория ретінде 
таниды. А.Д.Данияров аталған диссертациясында көптік семантикасының берілу 
жолдарын лексикалық, морфологиялық, синтаксистік деңгейлерге бөліп, оны 
түрлі мысалдар арқылы дәйектейді. Зерттеуші көптік семантикасының 
лексикалық деңгейдегі берілуін тоғыз топқа бөліп, оған халық, ұлт атауларын, 
мал-жан, жануарлардың атаулары, «сандық» ұғымды білдіретін сын есім 
сөздерді, есептік сан есімдер, күшейткіш үстеулер мен мөлшер үстеулерді 
жатқызады. Морфологиялық деңгейдегі көрінісіне 
-лар, -лер, -тар, -тер, -дар, -
дер
көптік жалғауы мен басқа да көптеген қосымшаларды жатқызады. Сонымен 
қатар жақ, шақ қосымшаларын да морфологиялық деңгейдегі көптік семантика 
беруші формалар деп таниды. Ал синтаксистік деңгейдегі көрінісіне сөздердің 


30 
бірігу, кірігу, қайталану, тіркесу тәсілдері арқылы жасалған әртүрлі мөлшер 
семантикалы сөздерді жатқызады. Зерттеушінің тағы бір ерекшелігі зерттеу 
жұмысында көптік семантикалы өзге түркі тілдерінің материалдарын да 
салыстыра беріп отырады [21]. Қалай дегенмен де бұл алғашқы зерттеулердің 
бірі болғандықтан, аздаған олқылықтар да бар. Зерттеуші мөлшер мәнді тілдік 
бірліктерді тек көптік категория аясында ғана қарастырған. Сондықтан жалпы 
«мөлшер» ұғымының өзге де берілу жолдары назардан тыс қалады. Алайда 
жұмыстың олқылығынан гөрі, жетістіктері, нәтижелері көп. 
Қазақ тіл білімінің теориялық мәселелерінде өзгеше ұстанымдарымен 
ерекшеленетін белгілі ғалым Ы.Маманов бұл тақырыпты арнайы қарастырмаса 
да, тіл білімінің әртүрлі мәселелеріне байланысты зерттеулерінде жанамалай сөз 
етеді. Сын есім, сын есімнің шырай қосымшалары, қос сөздер туралы 
тұжырымдары 
мөлшер 
семантикасының 
грамматикалық 
формалар, 
аналитикалық тәсілдер 
арқылы берілу жолдарымен ұштасып жатады [139, 181 
б.]. Сонымен қатар «мөлшер» ұғымын білдіретін 
оқ, елі
сияқты бірнеше 
сөздердің этимологиясы мен мөлшер семантикалы 
-дай, -дей, -тай, -тей
грамматикалық формалары жайлы құнды пікірлер айтады. Ғалымның қазақ 
тілінің ғылыми грамматикасына қатысты тұжырымдарынан функционалды 
грамматика ұстанымдарын байқауға болады. Десе де мөлшер семантикалы кей 
құрылымдар жайлы тосын пікірлері де кездеседі. Айталық, сын есім тарауында 
кейбір күрделі құрылымдар жайлы былай дейді: «Осылар сияқты бір сөз болып, 
әлі кіріге алмай келе жатқан сын есімдер де бар. Мысалы: 
Жол бойы таяқ 
тастам ел 
(Ғ.Мүс.);
Бір құшақ суық Асқармен бірге кірді
(С.Мұқ.); 
Бір құшақ 
шөптен бір-ақ уыс бар қалғаны
. Осылар тәрізді 
бір асым ет, бір қайнатым шай, 
бір шүйке жүн, бір түйір отын, бір үйір жылқы, бір сауым сүт, бір салым тұз, 
бір тартым жіп, бір дем жер 
деген сөздер кездесе береді. Мұндай сөздер соңғы 
кезде мағынаға ие болып, өмір жаңалығына байланысты, дәуірге сай, 
қажеттілікпен байланысты туған жаңа ұғымдарға жол беріп, өздері кейін қалып, 
ескіріп барады»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет