Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет21/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

 
 
 


29 
4) Функционалды (жұмсалымды) тілтанымдық бағыттағы зерттеулер. 
Тіл бірліктерін жұмсалым барысында, сөйлеу актісінде, тілдесім үдерісінде, 
мәтін ішінде тану соңғы жылдары әлемдік лингвистикада етек алған бағытқа 
айналды. Еуропа ғылымында бұл өткен ғасырдың ортасынан бастау алса, қазақ 
лингвистикасында соңғы он-он бес жыл көлемінде туып, қарқынды дами 
бастады. Тілді мағынадан формаға қарай зерттеуді нысан еткен бұл бағыт тіл 
табиғатын тануда бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктер тудырды. Қазақ 
лингвистикасында функционалды бағыттың тууы М.М.Копыленко және бүгінгі 
қазақ лингвистикасының жетекші ғалымдарының бірі З.Қ.Ахметжанованың 
есімімен байланысты. Ғалымның жетекшілігінде бір топ шәкірттері бір-бір 
категорияны арнайы қарастырып, осы саланың дамуына айтарлықтай үлес қосты. 
Мөлшер категориясы функционалды бағытта да зерттеу нысаны етілді. 
Қазақ тіл білімінде мөлшер мәнді сөздер жайлы тұңғыш рет ғылыми тұжырым 
айтушы – А.Байтұрсынұлы. Ғалым мөлшер семантикалы сөздерді көбіне үстеудің 
қатарына жатқызады. Бұларды 
өлшеулік үстеулер
деп атай келіп, былай дейді: 
«
Сынның я істің шамасын көрсететін сөздерді өлшеулік үстеу дейміз. Өлшеулік 
үстеу болатын зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздер. Бұлардың да 
үстеу екен-еместігін сұраудан айырамыз. Өлшеулік үстеу сұраулары: Қанша? 
Неше есе? Осы сұрауларға жауап болмаған сөз өлшеулік үстеу болмайды» [19, 
116 б.]. Ғалым кейбір сан есім, сын есім, есімдік сөздер мен синтетикалық 
формалардың да мөлшер семантикасын білдіретінін айтады.
 
Бұл сөздер тобын 
үстеу орнына жүретін сөздер дей келіп, олардың мәнмәтіндік қолданысына
функционалды ерекшелігіне қарай семантикасы ауысатынын айтады. Сондай-ақ
 
есептік, реттік сан есімдерді сипаттай келіп: «Нәрсенің бүтінін емес, бөлімінің 
санын көрсететін сөздер бар: олар «темілдік» деп аталады. Темілдік сан: 
жарты, 
жарым, ширек.
Қазақтың тілінде темілдік санның есімі тіпті аз», – дейді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет