168
немесе айтуға,
жазуға өрескел саналатын, тіпті кейде қағаз беті де көтере
алмайтын дөрекі сөздерді майдалап, тігісін барынша жатыстырып, келтірінді
мағынада айту» [222, 224 б.].
Мұнда
мөһрлі шұбар хат келу
тіркесінің
«мөлшерлік» мағынасы болмаса да,
алыс жер
(Мекке) мөлшерлік перифразының
мағынасын нақтылай түсуге семантикалық кілт болып тұр.
Екінші мысалдағы
тайғақ кешу, тар жер –
қабыса байланысқан
перифраздық тіркестері. Мұнда
тайғақ кешу
адамның
көрген қиындығын
білдіргенімен, «мөлшер» ұғымын тікелей білдірмейді. Ал
тар жер
перифразы
да «мөлшер» ұғымын тікелей білдірмейді. Бірақ мөлшер мәнді тілдік бірліктер
перифраздардың жасалуына арқау болып отыр.
Тар
сөзі тура мағынасында
«сыйымдылық мөлшері» ұғымын білдіреді. Яғни адам тар жерде (жол, үй,
қуыстың іші т.б.) жаны қиналып, көрген қиындығы өмірдің де қиын-қыстау
кезеңдеріне балама болған. Демек, мұнда да «мөлшер» ұғымы перифраздардың
түзілуіне семантикалық көпір болып тұр.
Тар жер
тіркесін метафора деп те
тануға мүмкін. Бірақ мұндағы тіркестің екі компоненті де
(тар – қиындық, жер
– орын, мекен)
ауыспалы мағынада қолданылады. Сондықтан бұл метафорадан
гөрі перифразға жақын деп білеміз. Көріктеудің екі тәсілі де образды, ауыспалы,
экспрессиялы
болғанымен, айырмашылық бар. Бірінде атаулау басты тірек,
екіншісінде теңеу, ұқсату басты негіз. Перифраз бен теңеу осы екі жерден нақты
ажыратылады.
Есімді мөлшерлік перифраздардың
ендігі бір тобы үш компоненттен
тұрады. Бұлардың бәрі
қабыса
байланысқан тіркестер. Мысалы:
1. Ашу – дұспан, артынан
Түсіп кетсең қайтесің
Түбі терең қуысқа
!..
(Асан қайғы, Еділ бол да,
Жайық бол, 26 б.)
2. Ырысымды сындайын,
Сегіз қиыр шартараптан
іздермін!..
(Шалкиіз жырау, Би Темірге бірінші толғау, 38 б.)
3.
Отының болсын жантақтан.
Қатының болсын қалмақтан,
Қосының болсын қазақтан,
Сегіз қиыр шартарап
,
Төрт құбылаң
түгел боп,
Төріңде отыр, салмақтан
(Бұқар жырау, Ай, Абылай, Абылай, 101 б.).
Бұл мысалдарда
түбі терең қуыс, сегіз қиыр шартарап, төрт құбыла
тіркестері –
мөлшерлік перифраздар.
Олар үш құрамды болып, анықтауыштық
қатынаста қабыса байланысқан. Мұнда алғашқы екі компонент күрделі
анықтауыш, бағыныңқы сыңар да, соңғы компонент – басыңқы сыңар.
Мөлшерлік перифраздар
екі, үш, тіпті көп құрамды болсын, «келтірінді мағына»
болғандықтан, терминдер сияқты бір ұғымды білдіретін
салалас тіркестер
емес,
бағыныңқы-басыңқы қатынастағы
сабақтас тіркестер
деп тану керек сияқты.
Бірінші мысалда
түбі терең қуыс
перифразы «аса қиындық» ұғымын
білдіреді. Бұл перифразда образдылық мән күштілеу. Адамның алапат
қиындыққа тап болуын терең орға, зынданға тасталумен ұқсатып отыр. Мұнда
169
тереңдік
ұғымы душар болған қиындықтың өте салмақтылығына балама болып
тұр. Ал
тереңдіктің
өзі тік бағыттағы «қашықтық мөлшері» ұғымы.
Екінші, үшінші мысалдағы
сегіз қиыр шартарап
–
әлем, дүние
[211, 115 б.],
төрткіл дүние
ұғымдарын білдіреді. Сондай-ақ сегіз бағытты да меңзейді.
Түркілер
жер бетін сегіз бұрышқа, еврейлер алты бұрышқа бөледі. Мұнда үш
компонент мағына жағынан тұтасып, синтаксистік құрылымы да белсенді
қолданыстың нәтижесінде тұрақталып, тұрақты құрылымға айналған.
Достарыңызбен бөлісу: