Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет46/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

анта /йа/ қғару 
(МЧ, 41)
// содан соң; анта йана түсіп 
(МЧ, 34)
// 
содан кейін; анта кісре 
(КТү., 5, 34; МЧ, 10, 12) 
// содан соң; анта ынағару 
(МЧ, 
10)
 // содан кейін; анчып секізінч 
(МЧ, 40)
 // содан кейін 
т.б. 


58 
Бұл тіркестерде
 анта 
(сол)
 
сілтеу есімдігі белгілі уақыт кезеңі мен кеңістік 
орынды нұсқау мағынасын білдірсе, 
қғару, кісре, ынағару 
сөздері сол нұсқалған 
уақыт кезеңінен кейінгі тұтас уақыт пен кеңістікті көрсетеді. Ал екі сөз тіркесіп 
келіп, белгілі процестің басталу уақыты мен оның жүзеге асу уақытының 
созылыңқылық мөлшерін білдіреді. Бұл туралы Қ.Малғаждаров былай дейді: 
«
Кісре
септеулігі барыс, жатыс септікті есімдік және есім сөздермен тіркесіп 
келіп мезгілдік қатынасты білдіреді», – десе [180, 23 б.], О.Бегжан: «Анта кісіре 
(одан кейін) тіркесі арқылы мезгіл мағыналы пысықтауыш жасалады», – дейді 
[181, 130 б.]. Мұндағы 
мезгілдік қатынас
немесе 
мезгіл пысықтауыш
дегендер 
іс-әрекеттің уақытқа қатысын, уақыттың созылыңқылық, кезеңдік мөлшері 
семантикасы дегенді білдіреді. Бұған байланысты ескерткіштерде мынадай 
қолданыстар кездеседі: 
1) Йабғу атады, анта кісре қаным учды, қара будун ... қылынмыс ... 
санчдым...
(МЧ, 12)
// Жабғы атады, содан кейін әкем қаған ұшты /өлді/ қара 
халық бағынды жеңдім
;
 
2) Анта кісре інісі қаған болмыс ерінч. Оғлы та қаған болмыс ерінч, анта 
кісре інісі ечісін тег қылындадуқ ерінч оғлы қанын тег қылынмадуқ ерінч 
(КТү., 
5)
 // Содан соң інісі қаған болды. Ұлы да қаған болды. Содан соң інісі ағасындай 
болмады, ұлы қандай /әкесіндей/ болмады

Қандай да бір іс белгілі уақыт шегінде орындалады және оның басталу, 
аяқталу сәті болады. Осы уақыт шегі, кезеңдері белгілі тілдік құралдар арқылы 
беріледі. Бірінші мысалда 
анта кісре
тіркесімі Мойын-Чордың йабғу (жабғы)
 
атанғаннан кейінгі уақыт кезеңі ұғымын білдіреді. 
Анта
сөзі дәл сол шақты 
(уақытты) білдірсе, 
кісре 
сөзі сол кезеңнен басталған жаңа уақыт мөлшерін 
тұтастай білдіреді. Алайда бұл уақыттың ұзақтық (жалғасу) мөлшері нақты 
белгісіз. «Сол істен кейінгі уақыт» ұғымын жалпылама білдіріп, басталу 
межесінен тым алшақ кетпейтін уақыт мөлшерін қамтитыны анық. Әкесінің 
ұшуы (қайтыс болуы), қара халықтың бағынуы, 
йабғу 
атана салып бірден, яғни 
бір сәтте болмайтыны айқын, ол белгілі уақыт аралығында біртіндеп жүзеге 
асады. Бұл аралық процестің созылу уақыты болып, уақыт мөлшерін құрайды 
және тілдік құрылымға айналады. Екінші мысалда берілген 
анта кісре 
тіркесімі 
де бірінші мысалмен ұқсас. Қаған болудан бастау алған уақыт мөлшері биліктің 
келесі қағанға ауысу сәті арқылы екі кезеңге бөлініп, қағандық биліктің уақытпен 
өлшенген тұтас дәуірін білдіреді.
Жалпылау есімдіктері жеке тұрып та, өзге сөздермен тіркесіп келіп те, 
«мөлшер» ұғымын білдіреді. Ескерткіштерде жалпылау есімдіктері арқылы 
жасалған мынадай «мөлшер» мәнді бірліктер кездеседі: 
қамуғы 
(КТү., 13)
 // бәрі; 
қоп келті 
(Тон., 46)
 // түгел келді; төрт булуң қоп 
(КТү., 2) 
// төрт бұрышың 
бәрі; қоп 
(КТү., 14)
 // бәрі; қоп 
(КТү., 2)
 // бәрін; қоп 
(Тон., 46)
 // түгел 
т.б.
 
Жалпылау есімдіктері
заттар мен іс-қимылдың тұтас барысын, мөлшерін 
қамту мағынасын білдіреді және шет-шегін көрсетеді. Зат пен іс-қимылдың 
шегін, жалпы мөлшерін көрсету – ол да «мөлшер» ұғымына жатады. Жалпылау 
есімдіктері жеке тұрып та «мөлшер» ұғымын білдірсе, сөздермен тіркескенде 
жалпылауыш шаманың дерегі нақтыланады. Яғни ол нақты нені жалпылап
шегін көрсетіп тұрғаны айқындала түседі. Көне түркі ескерткіштерінде де 
жалпылау есімдіктері мөлшерлік семантиканы беруге ұтымды қолданылған.
Мысалы: 


59 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет