Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет89/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

кесек алтын, құйылған салмақты алтын
деген мәнде 
сындық мағынаға ауысқан. Бұл туралы этнографиялық энциклопедияда да: 
«Алтын тазартылып, өңделіп дайындалған соң әртүрлі құйма түріне енгізіледі 
және олардың атауы түрліше болып келеді: үлкендеуін 
алтын жамбы
немесе 
сом алтын (құйма алтын деп те атаған)
деген»,
– 
деп беріледі [193, 163 б.]. 
Мағыналық дамуы, дыбыстық өзгерісі мұнымен де тұрақтамай, 
сом
түріне 
өзгеріп, ақша атауын алған. А.Егеубаев оны 
сом 
деп дұрыс берген. Кейбір Орта 
Азия елдерінде 
сун
сөзі 
сом
түрінде әлі қолданыста екені белгілі. Қазақстан 
аумағында да кезінде кеңінен қолданылған. Осы 
сун
сөзінен 
сом алтын, сом 
күміс
сөздері шығып, кейін қысқара келіп, 
сом
сыңары ғана айтылып, ол құн, 
ақша атауы ретінде орныққан болса керек. Бұл сөздің ДТС-те мынадай екі түрлі 
мағынасы берілген: SUN І [кит. 

, цунь, tshon, «мера длины», около 3 см] мера 
длины (от кончиков пальцев до локтевою сустава) (МК ІІІ 138); bir sunč budanї tü 
udura jarїp // разделив на равные доли виноградиную кисть в один сун (Rach I 
146
). 
Sun altun слиток золота (МК ІІІ 138)»; SUN ІІ: sun kiš человек с мягким 
характером (МК ІІІ 138)» [188, с. 514]. Мұнда бірінші мағынасы 
сунның 
Қытай 
елінің ұзындық өлшемі екені нақты көрсетілген және оның сандық мәні шамамен 
алынған. Біз бұған толықтай келісеміз. Қазіргі Қырғызстан, Өзбекстанда, тіпті 
Қазақстанның жергілікті диалектілерінде қолданыстағы ақша атауы 
сомның
түп 
төркіні – осы 
сун
деп аталған, ұзындық өлшемін білдіретін қытай сөзі. 
М.Қашқаридың оны қытай сөзі ретінде көрсетпеуі сол тілді білмеуінен және құн 
өлшемі ретінде жалпыға ортақ қолданылуынан болса керек.
Ал қазіргі заман қытай тілінің сөздігінде 
сун
сөздің мағынасы былайша 
түсіндірілген: 
«

cun, 




单位
, 10 

等于


, 10 

等于




市寸合
1

30 

»

[
197, 226 б.] (Ауд.: ұзындық өлшемі, 10 фен (0,333 см) 1 сунге (3,3 см) тең, 10 
сун 1 чыға (33,3 см) тең. 1 сун (қала өлшемі) тең 1/30 (3.3 м)). Яғни 
сун
– қытай 
тілінде де нақты сандық мәні бар, тым ерте заманнан келе жатқан ескі ұзындық 
өлшемдерінің бірі. Оның сандық мәні әр тарихи кезеңдерде, әр патшалық 
тұсында өзгеріп отырған. Түрлі қытай деректерін зерделегенде
сун
өлшемі 
қазіргі метрлік өлшем жүйесімен мынадай шамаларды білдірген: 1,58 см, 2,31 
см, 2,42 см, 2,45 см, 2,96 см, 3,1 см, 3,12 см, 3,27 см, 3,2 см, 3,4 см, 3,55, 3,6 см. 
Әр кезеңде түрлі шамаларды білдіргенімен, бір-бірінен тым алшақ кетпейді, 
1,58-3,6 аралығындағы түрліше ұзындықты білдіреді. Демек ДТС-те дұрыс 
берілгендей, 
сумның
ұзындық мәнін шамамен 3 см деп алуға болады. Кейде 
сун
орыстың ұзындық өлшемі 
дюйммен 
теңестіреді. 
Дюйм
шамамен 2,54 сантиметр 
ұзындықты білдіреді десек, бұл да дұрыс балама.


108 
Сом
сөзінің 
суннан
шыққанына тағы бір дәлел ретінде қытай тіліндегі

 
иероглифінің тағы бір мағынасын айтуға болады. 

 
(сун) қытай тілінде көбіне 
ұзындық өлшемі ретінде емес, тік төртбұрышты заттардың ұзындығы мен енін 
тұтас қосқандағы белгілі стандартты өлшемдерін білдіреді. Мысалы, 1


2,5*3,5 см (сурет, қағаз т.б.). Ал алтын ең қымбат бағалы металл болғандықтан, 
ол құн өлшемі ретінде стандартты ұзындықта (ені мен ұзындығы) құйылады. 
М.Қашқаридың сөздігіндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет