мата ақша
қолданыста болғанын түсіндіреді. Әрі жоғарыда түрлі ғылыми әдебиеттерден
келтірілген деректегідей, мата тек қана айырбас үшін жүретін тауар емес, кәдімгі
ақшаның қызметін атқарған. Себебі, ұзындығы шамамен 3 метр, ені жиырма
сантиметрлік мата мардымды керекке жарай қоюы екіталай және ол әр жеті
жылда қайта жинап алынып, жуылып, қайта ұйғыр ханының таңбасы басылуы
оның ақша қызметін атқарғанын нақтылай түсіндіреді. Егер айырбас тауары
десек, кез келген асыл маталар, ұйғыр ханының таңбасынсыз-ақ, айырбас тауары
бола алар еді. Демек,
қамдұ
– арнайы жасалған мата ақша. Оның белгілі құндық
мөлшері бар. Бұл тәжірибе ұйғырдан басқа да түркі ұлыстарында, сауда-саттық
өркендеген Жібек жолы бойындағы ірі қалаларда қолданылған болса керек.
Мата ақшалардың болғандығы
пұл
сөзінен де айқын көрінеді.
Пұл
ерте
кезеңдерде де, қазір де ақша ұғымын білдіретіні белгілі. Ал осы
пұл
сөзінің өзі
орта ғасыр (мүмкін одан да бұрын) ақша қызметін атқарған
бұл
сөзінен
дыбыстық өзгеріске түсіп қалыптасқан. Бұл туралы этнографиялық
энциклопедияда былай деп беріледі:
«Бұл / пұл –
дәстүрлі ортада тұтынылған
қымбат, қалың мата түрлерінің жалпы атауы.
Бұл (пұл)
атауы ертеде аса қымбат
жібек түрлерінің айырбас элементі ретінде ақша құралы қызметін
атқарғандығына байланысты шыққан. Түркі, парсы тілді халықтарда ақшаны
пұл
деп атау қолданыста әлі бар (қ. Ақша). Кейбір өңірлерде атаудың
бұл
деген
мағынада қолданылуы бағасын арттыру мәніндегі
«бұлдау, бұлдану»
сөздеріне
негіз болған» [194, 553 б.]. Мата, бөз – ұқсас заттарды білдіретін синонимдік
атаулар. Мата ақшалардың бірде
қамдұ
, бірде
бұл
аталуы олардың бірнеше түрде
болғанын және кең таралғанын түсіндірсе керек.
Бұл /пұл
деп аталатын мата ақша
кейінгі кезеңдерде де кеңінен танымал болған. Қазақ хандығының алғашқы
кезеңдеріне жататын толғауларда да кездеседі. XV
–
XVI ғасырлардағы Шалкиіз
жыраудың «Би Темірге бірінші толғау» атты толғауында мынадай жолдар бар:
«
Сен – алтынсың, мен – пұлмын, Сен – жібексің, мен – жүнмін».
Мұнда жырау
алтын ақша мен мата ақшаның,
пұл/бұлдың
құнын, қасиетін салыстыру арқылы
сұлтан мен өзінің әлеуметтік орнын образды бейнелеп отыр.
Бұл
сөзінің әуелде
мата атауы болып, кейін ақша қызметін атқарғаны туралы белгілі ғалым
Ж.Манкеева да: «Кездеме, матаның мағынасындағы
бұл//пұл
атауы келесі жолда
сұлама
сөзімен ұйқасып,
бұлама
түрімен айтылып тұр деп жорамалдауға
болады»
[194, 117 б.] десе, Дулат ақынның «Тәтті менен дәмдіні, қолында бұлы
бар жейді» деп келетін өлеңіндегі «бұл» сөзі туралы:
«Бұл арада бұл төлемақы,
ақша мағынасында қолданылып тұр», –
дейді [194, 125 б.]. Демек, мата ақша –
түркі дүниесінде ертеде-ақ пайда болған және ғасырлар бойы кең қолданыс
тапқан құн өлшемдерінің бірі.
М.Қашқари сөздігінде кездесетін ақша, құн өлшемінің келесі бірі –
бенек.
Аталған сөздің Қашқари сөздігінде екі мағынасы берілген:
Бенек // дән; ұрық
(арғу және бір тайпалар тілінде); Бенек // бақыр; ақша
(МҚ, Т
1
-444). Соған
қарағанда, сөздің алғашқы мағынасы – дән, ұрықша. Ал дән түйірінің кішкенелік
мағынасы алынып, ұсақ монеталарға қолданылған болса керек. Бұл сөз ДТС-те
де осы мағынада түсіндіріледі [188, с. 94].
Бенек
қазіргі қазақ тілінде
105
кездеспегенімен, қазіргі түрік тілінде кездеседі. Түрік тілі сөздігінде екі
мағынасы берілген: «1. isim Herhangi bir şey üzerindeki ufak leke, nokta, puan
(Burunlar koyu renkte beneklerle kaplıdır - S. Birsel); 2. gök bilimi Güneş lekeleri
yöresinde görülen, parlak taneciklerden ve parlak damarlardan oluşmuş bölüm, fakül»
[195]. Яғни бірінде кез келген кішкене дақ, нүкте мағынасында, ал екіншісі, күнге
қараған кездегі көзде білінетін кішкене дақтар, ноқаттар. Бұл Қашқари
сөздігіндегі
Достарыңызбен бөлісу: |