117
1)
Қатыңда йир өпарлар жүмла шахлар
(МН, А/206)
//Барлық шаһтар сені
көргенде құрмет көрсетіп, жерді сүйеді;
2)
Тәлім бағлығ қабуғ дәвләтдін ачлур
(ХШ, 74в-21)
// Барлық байлаулы есік
дәулетпен ашылар;
3)
Тамам беһиштлариңни арайиш (шырай, сән) бергил
(АХ, 197, 26-28)
//
Барлық пейіштеріңе сән беріңдер;
4)
Һамма фаришталар мендин йүз үкүрдилар
(АХ, 220, 11-13)
// Барлық
періштелер менен жүз бұрды.
Берілген мысалдарда жалпылау есімдіктердің қай-қайсы да белгілі
кеңістіктегі заттардың сандық, көлемдік шамасын тұтасымен көрсетеді және әр
ескерткіште әртүрлі сөз қолданылғанына қарамастан, бір-біріне семантикалық
балама бола алады.
Қыпшақ ескерткіштерінде мөлшер семантикасы мөлшер үстеулер арқылы
да беріледі. Мөлшер үстеулердің саны жағынан ең көбі – «Адам Ата
–
Хауа Ана»
ескерткіші. Ескерткіште мынадай түрлері кездеседі:
андағ // сонша, анһама //
сонша, анчунан // сонша (соншалық), мунча // осынша (осыншама, қаншама)
т.б.
Ал «Хусрау уа Шірін» поэмасында
анча // онша (сонша, көп), мунча // мұнша
(мұншама, сонша)
сияқты бірнеше түрі ғана кездессе, «Мұхаббатнаме»
ескерткішінде
мунча // мұнша, неча // қанша (қаншалық)
деген екі түрі ғана
кездеседі. Аталған мөлшер үстеулердің семантикалық ерекшелігінің өзі екі
түрлі: бірінші, белгілі бір
нақты мөлшерлік шаманы сілтей, нұсқай отырып,
соның орнына ауысып қолданылады; екінші, белгілі бір зат пен қимылдың
сандық, дүркіндік, шамалық мөлшерін одан сайын асырмалау, күшейту
семантикасын білдіреді.
Аталған мөлшер үстеулерді қазіргі қазақ тіліндегі мөлшер үстеулермен
салыстыра келіп, мынадай үш топқа бөлуге болады:
Бірінші, қазақ тілімен негізінен сәйкес келетін мөлшер үстеу –
мунча.
Бұл
дереккөз ретінде алынған қыпшақ ескерткіштерінің үшеуінде де бірдей кездеседі,
сондай-ақ тілдің көне-жаңа барлық тарихи кезеңдерінде кездеседі және бәрінде
бірдей белгілі мөлшерлік шаманы көрсету, күшейту семантикасын білдіреді.
Сондықтан
мұнча
сөзін мөлшер үстеулердің
ең жалпы және ежелгі
нұсқаларының бірі деп айтуға болады;
Екінші, семантикалық жағынан ерекшеленетін мөлшер үстеулер –
андағ,
анча, неча.
Бұлар негізінде мөлшер үстеулер емес. Алайда кей контекстік
қолданыстарда мөлшер үстеудің семантикалық қызметін атқарады. Мысалы:
1)
Йер андағ нала уа зары қылып йығлады
(АХ, 181/1-3)
// Жер сонша нала
болып, зар илеп жылады;
2)
Нічә дост ерсә йүз анча йағы
(ХШ, 46p-21)
// Неше досы болса, сонша
жүз жауы;
3)
Неча хошаматли султан болса болсун
Етман мал үчүн мадах-о санамин
(МН, А/611-612)
//
Қанша қошаметті сұлтан болса да,
Мал үшін мақтамаймын, мадақ етпеймін.
Бірінші
мысалда
андағ
сөзінің қазақ тіліндегі тікелей баламасы –
андай
.
Яғни, сілтеу есімдігіне салыстыру формасы жалғану
арқылы белгілі шаманы
ұқсату семантикасын білдіреді. Берілген мысалда белгілі процестің шамасын
нұсқаумен қатар, мөлшерлік семантика үстемеленіп тұр. Ал екінші мысалда
анча
118
сөзі
-ча
ұқсату формасы арқылы келгені анық көрінеді. Сондықтан да аталған
сөздің мағынасын А.Ибатов «онша, сонша» деп береді [206, 35 б.]. Бұл сөз
поэмада ең жиі қолданылған (66 рет) мөлшер үстеулердің қатарына жатады.
Берілген мысалдан
анча
сөзінің үстеуіштік мағынасынан гөрі, есімдіктерше,
белгілі
шаманы нұсқау, сол шаманың орнына ауысып жұмсалу қызметі анық
байқалады. Үшінші мысалдағы
нича
сөзі – сұрау есімдігі. Алайда контексте
сұраулық семантикадан гөрі, өзі белгілі шаманың орнына жұмсалып, мөлшерлік
мағына үстейді;
Үшінші, қазіргі қазақ тілінде кездеспейтін түрлері –
анһама
,
анчунан.
Бұл
мөлшер үстеулер қазіргі қазақ тілінде дәл осы тұлғада кездеспейді. Алайда сөздің
тұлғасына мұқият зер салғанда,
ан
сілтеу есімдігіне
-һа (-ша), -ма (-ма)
аффикстері жалғанған сияқты да,
соншама
сөзіне ұқсастығы байқалады. Ал
анчунан
мөлшер үстеуі де сол сияқты,
ан
сілтеу есімдігіне
-чу, -нан
аффикстері
қабаттаса жалғанған. Сондықтан бұл сөздердің морфонологиялық құрылымы
айтарлықтай өзгергені байқалады. Ал бұл сөздердің семантикалық ерекшелігіне
келгенде, белгілі шаманы нұсқау мәнінен гөрі, үстеу, күшейту семантикасы
басымдау. Мысалы:
1)
Йер анһама (соншама) нала уа зары қылды кә: хаддин (шектен) фузун
(тыс) уа ’аддин (саннан) бирун (сыртқары)
(АХ, 180/31-33)
// Жер сонша нала
болып, зарлады: тіпті шамадан асып, шектен шығып кетті;
2)
Анчунан (соншалықты) улуғ болды ким өзидин өзгани билмади
(АХ,
172/17-19)
// Бақ-дәрежесін ұлық сезінгені соншалық, өзінен өзге бар деп білмеді.
Бірінші мысалда
анһама
мөлшер үстеуі жер назасының нақты мөлшерін
білдіріп тұрған жоқ,
өте налыды, тым қайғырды
деген күшейтпелі семантиканы
білдіреді. Ал екінші мысалдағы
анчунан
сөзі бақ-дәреже ұлықтығының нақты
мөлшерін емес, солай сезінудің жоғары шегін күшейтпелі түрде сипаттап тұр.
Бұл екі сөздің де семантикалық ерекшелігі қазақ тіліндегі мөлшер үстеулердің
семантикалық ерекшеліктерімен сәйкес келеді. Демек, мөлшер үстеулер қай
кезеңде қолданылмасын, жекелеген сөздердің контекстік қолданысы мен
құрылымында
өзгешеліктер болғанымен, жалпы грамматикалық мағынасы,
семантикасы ұқсас болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: