Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет44/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

беңгу
. Қазақ тілінде 
мәңгі 
сөзформасы 
түрінде келетін бұл сөз уақыттың мейлінше шексіздік мөлшерін білдіреді. 
«Күлтегін кіші жазуында» әлденеше рет кездеседі. Мысалы: 
Өтүкен йыш 
олурсар, беңгү іл тута олуртачсен 
(КТк., 8) 
// Өтүкен қойнауында отырсаң
мәңгі елдігіңді сақтайсың сен /сонда/
;
 Неңнең сабым ерсер, беңгү ташқа уртым 
(КТк., 11)
 // айтар сөзім болса, мәңгі тасқа жаздым

Түркілер елдіктің ғұмырын мәңгілік уақытпен өлшейді (армандайды). Ал 
елдіктің өсиетін тозбас 
мәңгі тас
ұғымы арқылы береді. 
Беңгу 
сөзінің уақыт 
мөлшеріне мынадай болжам жасауға болады: ұзақ уақыт, дүниенің соңғы сәті, 
екі шексіздік – уақыт пен кеңістіктің соңы (шегі). Түркілердің Еуразия 
кеңістігіндегі күресінің ең басты өлшемдерінің бірі – жер бетінде мәңгілік 
үстемдік құру. Демек, түркілердің ең басты арманы да «мөлшер» (уақыт) ұғымы 
арқылы құрылымданады. Көне түркі тіліндегі сын есім сөздерінің 
көпмағыналылығы «мөлшер» ұғымы аясында да нақты көрініс табады.
2. Ескерткіштерде «мөлшер» ұғымы 
сан есімдер 
арқылы да беріледі. Жеке 
тұрғанда емес, анықтауыш компонент ретінде өзге атауыш сөздермен тіркесіп 
келгенде ғана заттардың
«сандық мөлшері»
ұғымын білдіреді. «Мөлшер» 
ұғымын берудің бұл тәсілін М.Томанов көптік мағына шеңберінде қарастырады 
да, 
синтаксистік әдіспен жасалған көптік мағыналар
деп береді. Одан әрі 
көптік мағына берудің синтаксистік тәсілін өз ішінен тағы үш түрге бөледі [26, 
71 б.]. Біздің ойымызша, заттардың сандық шамасын білдіретін мұндай сан есім 
тіркестерін синтаксистік деңгейде қарастырғаны – құптарлық. Сондықтан біз де 
мұндай тәсілмен жасалған тілдік бірліктерді «сандық мөлшер» ұғымы аясында 
қарастыра келіп, оның 
нақты сандық мөлшер, болжалды сандық мөлшер
деген 
екі мағыналық тобын ажыратамыз. Сандық мөлшер дегеніміз – заттар мен 
құбылыстардың сан арқылы анықталған шамасы (есебі).
Олай болса, көне түркі ескерткіштерінде 
нақты сандық мөлшерді
білдіретін 
мынадай сан есімді тіркестер кездеседі: 
ар біс йүз
...
кедімліг йадағ 
(МЧ, 33) // 
бес 
жүз жарақты
жаяу; бесінч ай 
(МЧ, 21)
 // бесінші ай; бің йонт 
(МЧ, 48, 49)
 // 
мың жылқы; біз
екі бің ертіміз
(Тон., 16) // 
біз екі мың екенбіз;
он түмен сү 
(Тон., 
36) 
// он мың әскер; он уйгур, тоқуа оғуз 
(МЧ, 3)
 // он ұйғыр, тоғыз оғыз; тоқуз 
йегірмі йыл 
(БҚ, 9)
 // он тоғыз жыл; түмен қон 
(МЧ, 48, 49) 
// он мың қой; үч 
отуз балық 
(Тон., 19) 
// жиырма үш қала; еліг йыл 
(МЧ, 4)
 // елу жылдай; екі йүз 
йыл 
(Тар., 16)
 
// 
екі жүз жыл
т.б.
 
Жоғарыдағы тіркестік қатарларда есептік сан есімдер зат есім сөздерімен 
тіркесіп келіп, сол заттың нақты 
сандық мөлшерін
білдіріп тұр. Бірақ мұнда 
заттардың сандық шамасының 
көп
немесе 
азды 
сатылы деңгейі айтылмаған. Тек 
сандық мәні ғана нақты берілген
.
Мысалы: 
Тылығ келүрті сабы антағ иарыс 
йазыда он түмен сү тірілті тір ол сабығ есідіп беглер қопан йаналым 
(Тон., 36)
 
// Тілдіні келтірді сөзі мынадай: Иарыс жазығында он мың әскер жиылды деді 


57 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет