Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет45/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.
1.2 тарау, физика 7.3.1.13, Өлшеу дәлдігі, Күш 9 сынып модо, Алгебра 2-тоқсан 10-сынып ҚГБ 1636369597, Ғылыми 12-4
ол сөзді естіп бектер көбі қайтайық деді
. Бұл үзіндіде Иарыс
 
жазығына 
жиналған қалың нөпір әскердің 
сандық шамасы
он мың (бір түмен) екені нақты 
айтылған. Сондықтан бұл заттың нақты сандық мөлшері болады.
Ал көне түркі ескерткіштерінде 
болжалды сандық мөлшерді
білдіретін 
мынадай сан есімді тіркестер кездеседі: 
екі-үч бің сүмүз келтечіміз 
(Тон., 14)
 // 
екі-үш мың қолмен; елігче ер 
(Тон., 42)
 // елудей ерін; йүзче ер 
(БҚ, 37)
 // жүздей 
ер, йүз артуқ оқун 
(КТү., 33) 
// жүзден артық оқ 
т.б.

Берілген тіркестерде заттың мөлшері болжалдық сан есімдер арқылы 
беріледі. Болжалды сандық мағына көбіне грамматикалық тәсілдер арқылы 
беріледі. Мысалы: 
1)
 Елігче ер тутдымыз ол оқ түн будунын сайу ытымыз ол сабығ есідіп он 
оқ беглері будуны коп келті йүкүнті 
(Тон., 42) 
// Елудей ерін ұстадық, 
тұтқындады сол түні халық сайын елші жібердік, ол хабарды естіп, он оқ 
бектері, халқы түгел келді, жүгінді;
2) 
Уйғур елтегер йүзче ерін ілгерү тезіп барды 
(БҚ, 37)
 // Уйғыр елтебері 
жүзге тарта ерімен ілгері /шығысқа/ қашып кетті
.
Бірінші мысалда тұтқындардың (әскер) саны елудің маңайында (елуден аз 
не елуден аздап көп) екені шамалай айтылған. Ал екінші мысалда да ұйғыр 
Елтеберінің әскері саны жүзшақты (жүзден жетер-жетпес) екені шамамен 
айтылған. Бірінші мысалдағы 
елігче ер 
тіркесін ғалым Ғ.Айдаров 
елудей ер
деп 
аударса, екінші мысалдағы 
йүзче ерін 
тіркесімін 
жүзге тарта
деп береді. 
Екеуінде де тіркестің беретін жалпы мағынасы сақталып, дұрыс аударылған. 
Алайда ескерткіштердегі болжалдық мағына тудыратын салыстыру мәнді 
-че (-
ча) 
жұрнағының тұлғасы
 -дей 
формасына немесе 
тарта
көмекші сөзіне сәйкес 
келмейді, бұлар 
-ша, -ше
жұрнағымен сәйкес келеді. Бұл туралы ғалымдар: 
«Тексте кездесетін болжалды сан есімдердің саны азғантай. Олар есептік сан 
есімдерге 
-ча, -че 
жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мұндағы 
-ча, -че
жұрнағының орнына қазақ тіліндегі
-дай, -дей 
жұрнағы сәйкес келеді»,
 
– деп 
мәлімдейді [179, 104 б.]. Негізінде тіркестердің тікелей аудармасы 
елуше ер, 
жүзше ер
болуы керек еді. Бірақ қазіргі қазақ тілінде мұндай қолданыс жоқ. 
Қазақ тілінде 
-ша, -ше 
жұрнағы форма, қасиет ұқсату мағынасын береді. Ал 
мысалдан көне түркі тілінде 
-че (-ше) 
жұрнағы заттарды сандық шама жағынан 
салыстыру мағынасын бергенін көруге болады. Демек, 
-че (-ше)
жұрнағы 
мағыналық
 
даму үдерісін бастан өткерген.
Жоғарыда берілген сан есімді тіркестердегі болжалды мағынаның берілу 
жолдарының өзі әртүрлі. Бірі сан есімдердің қосарлануы арқылы, бірі көмекші 
сөздердің тіркесі арқылы болжалдық мағына тудырып тұр. Мұның өзі 
«сандық 
мөлшер»
семантикасының берілу тәсілдері көне түркі тілі кезеңінде де мейлінше 
жетілгенін көрсетеді.
3. Ескерткіштерде «мөлшер» ұғымы 
есімдіктердің
бірнеше мағыналық 
топтары арқылы да беріледі. Бұл мағыналық топтардың қатарына 
сілтеу есімдігі, 
жалпылау есімдіктері
жатады. Сілтеу есімдіктері мен кейбір шылаулардың 
тіркесі белгілі үдеріс пен іс-әрекеттің орындалу уақытының созылыңқылық 
мөлшерін білдіреді. Бұған байланысты ескерткіштерде мынадай тіркесімдер 
кездеседі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет