Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы


Зерттеудің ауқымы мен болашағы



Pdf көрінісі
бет6/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

Зерттеудің ауқымы мен болашағы.
Мөлшер категориясы – көптеген 
логика-семантикалық құрылымдардан құралатын, қазақ тілінің барлық 
деңгейлері мен тарихи кезеңдерін қамтып жататын өте ауқымды категория. 
Сондықтан мөлшер категориясының тілдік табиғатын бірер ғылыми жұмыстың 
көлемінде және бірнеше ғылыми бағытта ғана ашу мүмкін емес. Болашақта 
ұлттық тілдің даму кезеңдеріндегі мөлшер тілдік категориясының негізгі базасы 
мен ұлттық құндылықтардың қалыптасуын анықтауға баса назар аударылады.
Жұмысқа енбей қалған әр тарихи кезеңдердегі тілдік деректер толықтай 
жинақталып, жұмыстың мазмұны және материалдық аясы ұлғайтылады. Әрі осы 
жинақталған ауқымды тілдік деректер негізінде мөлшер категориясы 
этимологиялық, концептуалдық бағытта арнайы қарастырылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Қойылған міндеттер негізінде 
жүргізілген зерттеудің жаңалықтары мынада:
- мөлшер категориясының тілдік табиғаты алғаш рет қазақ тілі дамуының 
бес тарихи кезеңдері бойынша, әрі функционалды бағытта зерттеу нысаны етіліп, 
мөлшер семантикалы синхронды және диахронды тіл бірліктерінің ұқсастығы 
мен айырым белгілері анықталды
- мөлшер лингво-семантикасының поэтикалық тілдегі көрінісі, көркемдік 
тәсілдер арқылы берілу жолдары XV–XVIII ғасырларға жататын жыраулар 
поэзиясы негізінде алғаш рет анықталып, «поэтикалық мөлшерлік» ұғымы негізделді;
- мөлшер категориясының он түрлі логика-семантикалық құрылымы мен 
микроөрісі лингвистикалық аспектіде алғаш рет анықталды.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. 
Қазақ тіл білімін теориялық 
тұрғыдан толықтыра түседі. Функционалды-семантикалық, концептуалдық 
бағыттағы зерттеулерге теориялық материал бола алады. Сондай-ақ 



«мөлшер» категориясының даму барысын ауқымды үдеріс ретінде көрсетеді. 
Түркі мәдениеті мен дәстүрлі және қазіргі қазақ мәдениетінің сабақтастығын 
дәлелдейді. Мөлшер категориясы қоғамның, тарихтың, саясаттың бет-
бейнесін көрсететін ұғымдар, тілдік құрылымдар жүйесі саналады. 
Сондықтан мөлшер категориясы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, 
дүниені танудың ұлттық кодтарын анықтауға септігін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет