Монография қазақстан Республикасы Алматы 2013


Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтен халықаралық – құқықтық қорғаудың обьектісін анықтау мәселесі



бет12/24
Дата20.12.2023
өлшемі0,95 Mb.
#198208
түріМонография
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Байланысты:
annotation6558
Мақала Аманова С.Т, Қорытынды ситуациялық есеп, 150357.pptx, практикалық сабақ 4
2.3 Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтен халықаралық – құқықтық қорғаудың обьектісін анықтау мәселесі
Барлығына белгілі болатындай, ғарыштық қызметті жүзеге асыру барысында ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғау қағидасы халықаралық ғарыш құқығының негізгі қағидаларының жүйесінен шығады, сонымен қатар халықаралық құқықтың жалпы қағидаларына да тәуелді.
Халықаралық құқықтық реттеу әлеуметтік басқарудың бір түрі ретінде өз обьектісі ретінде халықаралық, соның ішінде мемлекетаралық қатынастар жүйесін таниды [86]. Халықаралық қатынастар жүйесі өз алдына кешенді және күрделі құбылыс болып танылады. Халықаралық құқықтық реттеудің біртұтас обьектісі бола тұра ол айтарлықтай бірыңғай емес. Халықаралық қатынастардың барлық жиынтығынан мысалы, оның мемлекеттің қандай мүддесімен байланыстылығына тәуелді қатынастардың алуан түрлерін бөліп көрсетуге болады.
Біздің пікірімізше, келесідей түйін жасауға толық негіздер бар, ол қазіргі күнде айтарлықтай оқшауланған, ұтымды табиғатпайдалану саласында мемлекеттер арасында қалыптасып жатқан қатынастардың автономды тобының болуы, ол ең алдымен кейбір мемлекеттердің және барлық дүниежүзі қауымдастығының ғарыш және адамзатты қоршаған табиғи ортаны сақтау және олардың құрамдастарын ұтымды, ғылыми негізделген түрде пайдалануын қамтамасыз етумен шартталған.
Халықаралық қатынастарды халықаралық құқықтық реттеудің обьектісі деп тану келесідей ақиқатты жоймайды ол “ерекше ұғым сыртқы обьект немесе құқықтық қатынастың пәнін бөліп көрсету” [90, 81б.]. Материалды дүниенің заттары, ғарыш пен қоршаған ортаның бөлшектері мен аумағын қоса алғанда, құқықтық ықпал етудің тікелей обьектісі бола алмайды. Сонымен қатар, ғарыш пен қоршаған ортаның маңызды құрамдастарын халықаралық құқықтық қорғаудың ерекше обьектілері деп бөліп қарау мүмкін және орынды деуге болады.
Заң әдебиеттерінде осы сұрақ бойынша келесідей көз қарас қалыптасқан, оған сәйкес халықаралық құқықтың нормаларымен қорғалатын табиғат обьектілеріне, жеке мемлекеттердің юрисдикциясынан тыс болатын және өзінің географиялық орналасуына байланысты немесе өзінің табиғи қасиеттеріне байланысты екі, бірнеше немесе барлық мемлекеттермен пайдаланылатын табиғи обьектілер, табиғи, табиғи аумақтық кешендер жатады [87].
Осы мағынада қорғаудың бірыңғай жүйеленген обьектісіне толықтай ғарыш кеңістігі және Жердің планетарлық ортасы жатады. Халықаралық құқықтық қорғаудың маңызды обьектілерінің қатарына сонымен қатар қоршаған ортаны, атмосфералық ауаны, жердің маңайындағы ғарыш кеңістігін және тағы басқаларын жатқызуға болады. Аталғандарды жеке категория ретінде бөліп қарастырудың неғұрлым ортақ критерииі ол, олардың ешкімнің меншігінде болмайтындығы немесе қандай да бір мемлекеттің юрисдикциясында болмайтындығы және де оларды сақтап қалу мен пайдаланудың кейбір мемлекеттермен жүзеге асырылуы, басқа елдер мен барлық халықаралық қауымдастықтың заңды мүдделері мен құқықтарын ескермейінсіз мүмкін емес.
Ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғаудың қағидалар кешенін анализдей отырып келесідей қорытындыға келеміз, ол халықаралық ғарыш құқықғында ғарыш пен қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттердің қарым қатынасын реттеуге бағытталған арнайы қағидалар мен нормалардың бүтіндей бір кешенінің қалыптасқандығы. Осы нормалардың сақталуының және ғаламдағы экологиялық тепе - теңдікті сақтаудың, табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың ең маңызды кепілі ол халықаралық құқықтық жауаптылықты қолдану мүмкіндігі.
Айталық, ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық- құқықтық реттеудің арнайы обьектісі қағидалардың арнайы жиынтығын анықтайды. Сөзсіз, бұл қағидалар ғарыш пен қоршаған ортаны қорғау процессі барысында жетекшілік мәнде бола тұра, халықаралық құқықтың жалпы қағидаларымен және халықаралық қауымдастықтың негізгі ережелерімен өзара әрекет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет