Монография қазақстан Республикасы Алматы 2013


Ғарыштық қызметтен болатын ластану мен жағымсыз салдар үшін халықаралық үкіметаралықаралық ұйымдарға тағайындалатын жауаптылықтың маңызды қырлары



бет15/24
Дата20.12.2023
өлшемі0,95 Mb.
#198208
түріМонография
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
annotation6558
Мақала Аманова С.Т, Қорытынды ситуациялық есеп, 150357.pptx, практикалық сабақ 4
3.3 Ғарыштық қызметтен болатын ластану мен жағымсыз салдар үшін халықаралық үкіметаралықаралық ұйымдарға тағайындалатын жауаптылықтың маңызды қырлары
Қазіргі таңда ғарыштық қызметті белгілі бір деңгейде әлемнің жетпістен астам мемлекеті жүзеге асырады. Сонымен қатар, мемлекеттермен бірге, ғарыштық қызметтің толыққанды субьектілері болып, халықаралық ұйымдар танылады. Ғарышты игеру саласындағы халықаралық қатынастардың субьектілік құрамының ерекшелігі, оның мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарды конвенциялық тұрғыдан (кейбір шектеулерді қоспағанда) теңдей тануымен түсіндіріледі.Осылайша, 1979 жылғы Ай туралы Келісімнің 16 бабында, келісімдегі мемлекет деген сілтемелер ғарыштық қызметті жүзеге асыратын, өзіне тиісті құқықтар мен міндеттерді алған кез келген халықаралық ұйымдарға да қатысты қолданылады.
Ғарыштық қызметтің барлық субьектілері ғарыш құқығының келесідей әмбебап қайнар көздерін басшылыққа алады:

  • 1967 жылғы Ғарыш кеңістігін, Ай мен басқа да аспан денелерін қатар алғанда зерттеу мен пайдаланудағы мемлекеттердің қызметінің қағидалары туралы Шарт (Қазақстан 30 мамыр 1997 жылы қосылған);

  • 1968 жылғы Ғарышкерлерді құтқару, ғарышкерлерді қайтару және ғарыш кеңістігіне жіберілген ғарыш обьектілерінің қайтып келуі туралы Келісім (Қазақстан 30 мамыр 1997 жылы қосылған);

  • 1972 жылғы Ғарыш обьектілерімен келтірілген зиян үшін халықаралық жауаптылық туралы Конвенция (Қазақстан 30 мамыр 1997 жылы қосылған);

  • 1975 жылғы Ғарыш кеңістігіне шығарылатын обьектілерді тіркеу туралы Конвенция (Қазақстан 15 мамыр 1997 жылы қосылды);

  • 1979 жылғы Айда және басқа да аспан денелерінде мемлекеттердің қызметі туралы Келісім (Қазақстан 15 мамыр 1997 жылы қосылды);

Аталған келісімдерден өзге, мемлекеттердің халықаралық әріптестігіне, сонымен қатар, «жұмсақ» құқық нормалары да ықпал етеді, яғни ол халықаралық ұйымдардың шешімдері мен резолюциялары.
Ғарыш обьектілерінің қызметі салдарынан туындаған, қоршаған орта мен ғарыш кеңістігіне келтірген зиян мен жағымсыз өзгерістер үшін, Конвенцияға сәйкес халықаралық жауаптылыққа сәйкес, мемлекеттермен қатар, сол сияқты үкіметаралық ұйымдар да қатыса алады. Бұндай ұйымдар кейбір реттерде дауларды немесе наразылықтарды реттеу тарабы болуы мүмкін.
Ғарыш обьектілерінің қызметі салдарынан туындаған, қоршаған орта мен ғарыш кеңістігін ластағаны және жағымсыз өзгерістер үшін, халықаралық жауаптылыққа байланысты, халықаралық үкіметаралық ұйымдардың қатысуымен болу жағдайында туындайтын сұрақтар, оның ішінде келтірілген зиян үшін өтемақы төлеуге байланысты дауларды реттеу сұрақтары, төмендегідей жағдайдан туындап отыр, яғни оған сәйкес, халықаралық ғарыш құқығының негізгі құжаты – ғарыш бойынша шартқа сәйкес – ондай ұйымдардың қызметінің құқыққа қайшы еместігі танылады. Шарттың XIII-ші бабында жазылған, яғни «шартқа қатысушы мемлекеттердің қызметіне қатысты, барлық ережелер оның бір ғана шартқа қатысушы мемлекетпен не болмаса басқа мемлекеттермен бірлесіп, оның ішінде халықаралық үкіметаралық ұйымдардың құрылымын қоса алғанда барлығына бірдей қолданылады».
Ғарыш бойынша шарт халықаралық үкіметаралық ұйымдардың ғарыш кеңістігіндегі қызметін, ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалану бойынша, мемлекеттердің бірлескен қызметінің бір түрі ретінде қарайды.
Осымен қатар шарт келесіні мойындайды, яғни халықаралық үкіметаралық ұйым – халықаралық ғарыш құқығының субьектісі болып табылады, яғни өзінің құқыққабілеттілігі бар, бірақ шартқа мүше мемлекеттердің құқыққабілеттілігінен ерекшеленеді. Бұл шарттың ережесінен туындайды, онда былай деп айтылған, яғни халықаралық ұйым өзінің ғарыш кеңістігіндегі қызметі үшін жауаптылықта болады. Дегенмен, ескеретін жағдай, халықаралық ұйыммен қатар, оның ғарыш кеңістігіндегі қызметі үшін, сонымен қатар осы шартқа қатысушы мемлекеттер де жауаптылыққа тартылады (VI - шы бап) .
Е.А. Шибаеваның көз қарасымен келіспеске болмайды, яғни халықаралық құқықтың субьектісі ретінде халықаралық ұйымдардың ерекшеліктері туралы. Ол өзінің монографиясында төмендегідей пікір білдіреді, яғни «халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың туынды субьектілері болып табылады, олардың құқықсубьектілігі мемлекеттердің құқықтық субьектілігінен туындайды». Олардың халықаралық құқықтың негізгі және басты субьектісі мемлекеттен айырмашылығы, аталған екеуінің де құқықтық табиғатының әр түрлілігінде [78, 53б.].
Басқаша айтқанда, бұндай ұйымдар, халықаралық құқықтың жаңа субьектісі бола тұра және де мемлекеттермен қатар, халықаралық әріптестік саласында бірқатар құқықшығармашылық, құқыққолданушылық және құқыққорғаушылық функцияларды жүзеге асыруда, бірақ, дегенмен де, олар мемлекеттермен салыстырғанда құқыққабілеттілігі көлемі бойынша айтарлықтай көп емес, және оның мақсаттылық және функционалдылық сипаты болады. Халықаралық ұйымның артында әрқашан да мемлекеттер тұрады – ғарыштық қызмет үшін басты жауаптылықта болатын, халықаралық құқықтың басты субьектілері.
Нақ осы жағдайда, ғарыштық қызметті жүзеге асыратын, халықаралық үкіметаралық ұйымдар, қоршаған орта мен ғарыш кеңістігіне келуі мүмкін ықтимал зиянның алдын алуы мүмкін. Сондықтан да Жауаптылық туралы Конвенция былай деп анықтайды, яғни халықаралық үкіметаралық ұйым, өзінің ғарыштық қызметінің нәтижесінде келтірген зиян үшін жауаптылыққа тартылады.
Жауаптылық туралы Конвенция төмендегіні қарастырған, яғни «конвенцияның жазылу тәртібі, қосылу, ратификациялау, күшіне ену, Конвенциядан шығу, Конвенцияны қайта қарастыру сұрақтарын қоспағанда, мемлекеттерге сілтемелер, ғарыштық қызметті жүзеге асырушы, кез келген халықаралықлық үкімеаралық ұйымға сілтеме ретінде қарастырылады, егер де ол ұйым осы Конвенцияның ережелерін ұстанамын деп жарияласа, яғни оған сәйкес құқықтар мен міндеттерге ие болса, егер де мемлекеттердің көпшілігі осы ұйымның мүшелері болып табылатын болса және осы Конвенцияның қатысушы мемлекеті болса, сонымен қатар Ғарыш кеңістігін, айды және басқа да аспан денелерін зерттеу мен пайдалануға байланысты мемлекеттердің қызметінің қағидалары туралы Шарттың мүшелері болса. Осындай ұйымдардың халықаралық жауаптылығын анықтау кезінде, жауаптылық туралы Конвенция, халықаралық үкіметаралық ұйымдарға халықаралық құқықтың туынды субьектілері ретінде қарайды және олар ғарыш бойынша Шарттың ғарыш кеңістігіндегі халықаралық ұйымның қызметі бұл мемлекеттердің бірлескен ғарыштық қызметінің бір түрі деген ережелеріне негізделген. Сондықтан да, жауаптылық туралы Конвенция бекітеді, яғни «егер де қандай да бір халықаралық үкімеаралық ұйым осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес келтірілген зиян үшін жауапты болатын болса, онда осы ұйым және осы Конвенцияның қатысушысы болып табылатын, оған мүше мемлекеттер солидарлық жауаптылықта болады. Бұл ережеде талапкер – мемлекеттің құқықтары анық қарастырылмаған, яғни халықаралық солидарлық жауаптылықтың субьектілері халықаралық ұйым мен оның мүше – мемлекеттеріне қатысты.
Осымен қатар, екі немесе бірнеше мемлекеттердің бірлескен ұшыруларының нәтижесінде болған зиян үшін жауаптылыққа арналған Конвенцияның V - ші бабында, қарастырылған, яғни талапкер – мемлекеттің солидарлық жауаптылықта болатын кез келген ұшырушы мемлекеттен, осы Конвенцияға негізделе отырып, келтірілген зиянның орнын толтыру немесе шығынды өтеу туралы талап етуге құқығы бар.
Бұл ереже солидарлық жауаптылық туралы тұжырымдаманың көрінісі сияқты және сәйкесінше, ғарыш обьектісімен болған, зиян үшін солидарлы жауаптылыққа халықаралық ұйым мен оның мүше мемлекеттері тартылатын болса. Дегенмен, егер де ғарышта бірлескен қызметі үшін екі немесе бірнеше мемлекеттер жауаптылыққа тартылатын болса, талапкер мемлекет аталған қызмет үшін жауапты кез келген мемлекеттен келтірілген зиянның орнын толтыру не өтемақы өндіру туралы талап қоя алады, ал халықаралық үкіметаралық ұйымдардың жауаптылығы жағдайында, келтірілген зиянды өтеу туралы, талапкер мемлекеттің талаптануының арнайы тәртібі көзделген. Бұл тәртіптің мазмұны келесідей, егер де халықаралық ұйым мен және оның мүше мемлекеттері солидарлы жауаптылықта болатын жағдайда, «келтірілген шығынды өтеу туралы кез келген талап, бірінш кезекте, аталған халықаралық ұйымға қатысты қойылады, бірақ, егер де бұл ұйым алты ай мерзімнің ішінде өтемақы ретінде белгіленген және келісілген сомманы төлей алмаса, онда шығынды өтеу туралы талапты талапкер мемлекет осы ұйымға мүше мемлекеттердің және Конвенцияға мүше мемлекеттердің жауаптылығы туралы сұрақ қоя алады».
Талап қоюға байланысты және оның басталуын реттеуге қатысты осындай арнайы тәртіпті бекітуді, келесідей түсіндіруге болады, барлығымызға анық ол, яғни, ғарыш кеңістігінде ғарыштық қызметті жүзеге асырушы халықаралық үкіметаралық ұйымның болуы, ол мемлекеттердің арнайы бірлесіп қызмет істеуін білдіреді, яғни осындай бірлескен қызметті басқаратын басқару органдарының болуы, меншіктің болуы, өзіндік қаражат мүмкіндігі және т.б.
Халықаралық ұйымға қатысты қойылған, талаптарды реттеу, ХХП - ші баптың 3 (а) тармағы мен тармақшаларына сәйкес, мүдделі тараптардың келісім сөздер жүргізуі нәтижесінде болады, оның барысында талапкер мемлекет келтірілген зиянның орнын толтыру үшін сұрап отырған өтемақының көлемін анықтап оны келіседі. Егер де, халықаралық ұйым аталған сомманы өтеп берсе, онда ол ұйымға қатысты талапты реттеу тоқтатылады.
Осылайша, жауаптылық туралы Конвенцияда, мүше мемлекеттерге регрестік талап қою туралы ішкі ұйымдастырушылық мәселелері қарастырылмаған, себебі ондай сұрақтар мемлекеттердің және ұйымдардың өзімен шешілуі мүмкін.
Сонымен қатар, басқа да балама жол болуы мүмкін, егер де халықаралық ұйымдарға қойылған талап қатынастарын реттеу, мүдделі тараптармен ортақ келісімге келуге қол жеткізілмеген жағдайда.
Осылайша, халықаралық ұйым талапкер мемлекетке, келіс сөздер жүргізу кезінде келісіп анықтаған өтемақы соммасын төлеуден бас тартуы мүмкін, ол сонымен қатар, өтемақы төлеуден бас тартуы мүмкін, яғни өзінің келтірілген зиянға еш қатысының жоқтығын айтып немесе ондай зиян қатаң немқұрайлық немесе әрекет не әрекетсіздік негізінде, яғни талапкер мемлекет тарапынан зиян келтіру мақсатымен жасалған және т.б. Осы жағдайда, талапты реттеуге байланысты, дау туралы сөз қозғауға болады, оның тараптарының бірі халықаралық үкіметаралық ұйым болып табылады. Егер де, талапкер мемлекет алты ай мерзім өткеннен кейін, осы ұйымға мүше кез келген мемлекетке қатысты талап қою мүмкіндігін қолданса, онда, нақты даудың тараптарының бірі халықаралық ұйым болып табылатын дау, сол сәтте аяқталады.
Екінші жағынан, жауаптылық туралы Конвенцияның ережелеріне сәйкес, XXII - ші баптың 1 - ші тармағында көрсетілген, халықаралық ұйымға қатысты айтылғаны, ол оның келтірілген зиян үшін өтемақы төлеу туралы талапты ұшырушы мемлекетке қоя алмайды.
Қандай да бір ұйыммен келтірілген зиян үшін өтемақы төлеу туралы талап, сол ұйымға мүше мемлекеттің не Келісімнің қатысушысының бірімен қойылады (ХХП - ші бап, 4 - ші тармақ).
Осыған орай, біздің алдымызда «ұшырушы халықаралық ұйым» деп нені түсінеміз? деген сұрақ туындайды. Мемлекетке қатысты, жауаптылық туралы Конвенцияда «ұшырушы мемлекет» ұғымы жайында толық анықтама берілген, сонымен қатар жауаптылық туралы Конвенцияның негізінде талап қоюға құқығы бар мемлекеттер де қарастырылған.
Халықаралық үкіметаралық ұйымдарға қатысты, ортақ ереже бар, яғни оның мазмұны келесідей, «Конвенцияға жазылуға, қосылуға, ратификациялауға, күшіне енуіне, одан шығуға немесе конвенцияны қайта қарауға байланысты ережелерді қоспағанда, мемлекеттерге жасалған барлық сілтемелер, кез келген халықаралық үкіметаралық ұйымдарға қатысты қолданылады» (ХХП - ші бап 1 - ші тармақ).
Көріп отырғанымыздай, мемлекеттерге қатысты ережелерді, механикалық түрде халықаралық ұйымдарға қолдануға жол беруге болмайды, себебі: халықаралық ұйымдардың аумағы жоқ, оларға азаматтылық тұжырымдамасы қолданылуға келмейді және тағысын тағылра. Осы тұрғыда А.А. Рубанов, «Конвенцияның ХХП - ші бабының 1 - ші тармағында көрсетілген жалпы ережені халықаралық ғарыш құқығының субьектілерінің, екі ұқсас категориялардың айтарлықтай ерекшелігін ескере отырып қолданған жөн», деп айтқаны өте дұрыс [100]. Оның тағы да ескертетіні, халықаралық ұйымның, негізінде түптеп келгенде, мемлекеттік аумағы жоқ, және оның, яғни ұйымның штаб квартирасы мен мемлекеттің аумағының арасына теңдік белгісін қоюға болмайды», деген. Сәйкесінше, егер де, ұшырушы мемлекет туралы ережелерден, халықаралық ұйымдарға қолданылуға келмейтіндерін шығарып тастайтын болсақ, онда, жағдай келесідей көріністе болады: «ұшырушы халықаралық ұйым» - ол:

    • Ғарыш обьектісін ұшыратын немесе оны ұшыруды жүзеге асыратын ұйым;

    • Оның құрылғылары арқылы ғарыш обьектісін ұшыруды орындаған ұйым.

Дегенмен, бұл жағдай, бір жағынан, таза тұжырымдамалық ережелерге негізделген, керісінше, нақты құқық нормаларында көрсетілмеген, екінші жағынан, ол ережені ең жетілдірілген және басқа пікір талас тудырмайтын деп бекіту мүмкін емес.
Біздің ойымызша, «ұқсастық бойынша қолдану» ережесін халықаралық ұйымның зиян келтіруі жағдайларында, талапкер мемлекетке қатысты қолдануы, егер де нақты құқықтық норма болмаса, тек теоретикалық ережелерге негізделуі мүмкін, ал ондай жағдайда олардың түрлі бастапқы жағдайлары және нәтижесінің де әр түрлі қорытындымен аяқталуы мүмкін.
Сонымен қатар, Конвенцияда халықаралық ұйымдардың жауаптылығына байланысты жеке сұрақтарды арнайы реттейтін ережелер бар және ол қандай да бір басқа ережені қолдануды жоққа шығарады – ол халықаралық ұйыммен келтірілген зиянды өтеу туралы талапты ұсыну және реттеу тәртібі туралы және егер де, осы ұйымға қатысты зиян келтірілген ретте болатын жағдайды реттеу туралы ереже.
Біздің ойымызша, ғарыштық қызметтің дамуы барысында халықаралық үкіметаралық ұйымдардың маңызы айтарлықтай арта түсуде, бұл қарқын адамзаттың ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалану кезіндегі халықаралық әріптестік процесінің барысында біртіндеп байқалуда, халықаралық үкіметаралық ұйым оператордың рөлін атқарады, бұнымен қатар халықаралық құқықтың субьектісі ретінде халықаралық ұйым, өзінің ғарыштық қызметі саласында туындайтын кез келген жауаптылықты көтеретіні сөзсіз.
Осыған орай, ғарыштық қызмет кеңістігін игеру барысында халықаралық ұйымның жауаптылығы туралы теориялық зерттеу, оның ішінде қоршаған ортаны қорғауға байланысты сұрақ бүгінгі күнде өте өзекті және маңызды мәнге ие.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет