Монография қазақстан Республикасы Алматы 2013


Нәтижелерді нақты пайдалану бойынша ұсыныстар



бет17/24
Дата20.12.2023
өлшемі0,95 Mb.
#198208
түріМонография
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Байланысты:
annotation6558
Мақала Аманова С.Т, Қорытынды ситуациялық есеп, 150357.pptx, практикалық сабақ 4
Нәтижелерді нақты пайдалану бойынша ұсыныстар. Қазақстан Республикасында келесідей нормативтік құқықтық актілерді дайындау және қабылдау дұрыс деп есептейміз:
1) «Ғарыштық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ол ғарыштық қызметтің құқықтық негізін анықтауға, ғарыштық қызметтің қағидалары мен бағыттарын анықтауға, ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі ұғымының мазмұнын анықтауға мүмкіндік берер еді.
«Ғарыштық қызмет туралы» заңнын жобасын төмендегі негізгі қағидалардың негізінде дайындау қажет:
- ғарыш саласындағы ұлттық мүдделерді, айқын мақсаттарды және ғарыш саясатының міндеттерін, ғарыштық қызметті жүзеге асырудың негізгі қағидаларын бекіту;
- Қазақстанның ғарыш қызметінің басымдықтарын анықтау, елде және әлемде болып жатқан саяси өзгерістер мен экономикалық жағдайды, мемлекеттік билік және басқару құрылымдарын ескере отырып;
- Қазақстанның ғарыштық қуатын, экономиканы, ғылымды және халықаралық әріптестікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті бекіту мақсатында кешенді дамыту мен тиімді пайдалану;
2) «Ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалану саласындағы кәсіпкерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
3) ҚР - ның Экологиялық Кодексі мен ҚР - ның Жер кодексіне ғарыш қызметінің экологиялық қауіпсіздігі мен осы қызмет үшін пайдаланылатын жер учаскелерін пайдалану туралы баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыштық саясаты тұжырымдамасы;
«Ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалану саласындағы кәсіпкерлік қызмет туралы» ҚР Заңын дайындау мен қабылдау қажеттілігі кәсіпкерлік қарым қатынастарды реттеудегі негізгі заңи құжат, ҚР - ның Азаматтық кодексі болғандықтан, онда арнайы сала – ғарыш саласындағы кәсіпкерлік қызметті реттейтін ерекшеліктер ескерілмеген.
Нақты айтатын болсақ, ҚР ЭК - нің Ерекше бөлімінің 8 - ші тарауын келесідей аталатын 46 - шы бөліммен толықтыру қажет: «Ғарыштық қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар». Сонымен қатар, ғарыш инфрақұрылымының барлық элементтерінің нысаналы мақсатын бекіту қажет, оның ішінде, ғарыш қажеттіліктеріне бөлініп берілетін жер учаскелерінің режимін анықтау қажет.
Осыған байланысты, біздің ойымызша, жер учаскелерін бөліп беру және оларды ғарыш инфрақұрылымының обьектілері үшін пайдалану және оған жалғасып жатқан аумақтар Қазақстан Республикасының Жер туралы заңнамасына сәйкес жүргізілуі тиіс. Біздің ұсынатынымыз, 20.06.2003 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің Қазақстан Республикасындағы жерлердің категориясы туралы 1 – ші бабына төмендегідей толықтыру енгізу. Нысаналы мақсаты бойынша, «ғарыштық қызметті қамтамасыз ететін жерлер» категориясын бөліп шығару және осындай жер учаскелерінің құқытық режимінің ерекшеліктерін анықтау.
2 - ші шілде 2005 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында Ресей Федерациясының жалға алу жағдайында «Байқоңыр» кешенінің аумағында табиғат пайдалану мен экологиясы бойынша Келісім жасалды. Бұл келісім осы уақытқа дейін күшіне енбеген. 10 - шы бапқа сәйкес бұл келісім, оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекет ішіндегі процедураларды орындағаны жайлы Тараптардың соңғы жазбаша ескертуін алған сәттен басталады.
Сонымен қатар, Келісімнің 2 - ші бабына сәйкес «Байқоңыр» кешенінің аумағында қоршаған ортаны қорғауға, ұйымдар мен мекемелердің, әскери бөлімшелердің қызмет етуіне қатысты сұрақтар Тараптардың арасында жасалатын бөлек Хаттамалармен шешіледі. Бұл бөлек хаттамалар да осы күнге дейін жасалмаған. Нақты мәселені шешпейтін бұндай Келісім тез арада жеке хаттамалардың қабылдануын қажет етеді. Осы орайда ұсынатынымыз, келесідей сипаттағы жеке хаттамаларды Қабылдау: «Байқоңыр» кешенінің қоршаған ортасын қорғауға байланысты мәселелерді реттеу туралы Хаттама; Зымырандар мен зымыран тасығыштардың үлгілерінің жобалау құжаттарының мемлекеттік экологиялық сараптамасын өтуізу және т.б.
Ғылыми зерттеудің өзіндік қажетті тұжырымдық негізі бар. Бұл тақырып Еуропа елдерінде, Америка Құрама Штаттарында, Ресейде және Қытай елдерінде белсенді түрде зерттелу үстінде. Зерттеудің ерекшелігі ол ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны қорғау мәселесінің Қазақстандық заңнама тұрғысынан қарастырылғандығы, сонымен қатар бірқатар халықаралық құжаттарды зерттеу негізінде өзіндік жаңа тұжырымдар жасалғандығында.
Жүргізілген ғылыми зерттеуді қорытындылай келе, аталған тақырыптың тек бүгінгі Қазақстан үшін ғана емес, сол сияқты адамзаттың ертеңгі күні үшін де маңызды тақырып екенін атап өткен жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет