Монография центр уйгуровед 13112019. indd



Pdf көрінісі
бет88/108
Дата15.09.2022
өлшемі2,74 Mb.
#149617
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   108
Байланысты:
2019 УЙГУРОВЕДЕНИЕ В КАЗАХСТАНЕ И ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ, АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ, СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ - материалы конференции(отв.ред. А.Б. Дербисали, Р.У. Каримова)

269
Алия Арзиева,
/Алматы қ., Қазақстан Республикасы/
 БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ РӨЛІ
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт 
жоспарының 76,79, 89-қадамдарын жəне Білім мен ғылымды дамы
-
тудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын 
іске асыру мақсатында білім мазмұнын кезең-кезеңмен жаңа фор
-
матқа көшу жұмыстары басталды. Елбасы Н.Назарбаев «Біз қазір 
«білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постинду
-
стриялық əлемге қарай бағыт алып барамыз», деген болатын өз сөзін
-
де. Сондықтан бүгінгі күні білім беру жүйесін жаңа сатыға көтеріп, 
сапалы білім беру ең басты мəселелердің бірі болып табылады
1
. Осы 
жəне басқа да факторларға байланысты, бүгінкі күнде, біліктілікті 
арттыру жүйесіндегі негізгі мəселелердің бірі – мұғалімдерді жаңа 
білім мазмұнына көшуге дайындау, олардың іс-тəжірибесіне өзгеріс 
енгізу, педагогика жəне психологиядағы заманауи теориялар, оқу мен 
оқытудағы соңғы тұжырымдар туралы терең білім беру, инноваци
-
ялық технологиялар мен тиімді стратегияларды қолдану жолдарын 
үйрету. Осыған байланысты əр бір деңгей бойынша мұғалімдердің 
біліктілігін арттыру бағдарламалары дайындалды.
Орта білім беру жүйесіне енгізілген жаңартылған білім беру 
бағдарламасы - заман талабына сай тың бағдарлама. Оның негізгі 
мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау 
жүйесін енгізу жəне оқытудың əдіс-тəсілдері мен əртүрлі құралда
-
рын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Білім мазмұнын 
жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, 
оқыту мен тəрбиелеудің əдістері мен тəсілдерін қайта қарастыру 
болып табылады. Ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтарды 
бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сау
-
аттылығы мен бəсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үй
-
1
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жол
-
дауы, желтоқсан, 2012ж.


270
лесімді қалыптасуына жəне зияткерлік дамуына қолайлы білім беру 
ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нəтижесі 
болуы керек. 
Замануи тұжырымдар Қазақстандағы оқу бағдарламаларын өзгер
-
тудің қажеттілігін нақтылай түседі. Технологиялар, коммуникациялар 
мен ғылым салалардағы елеулі өзгерістер əлемдік экономикаға жəне 
ХХІ ғасырда табысты болу үшін əрбір азаматқа қажетті білім мен дағ
-
дыға терең əсерін тигізуде. Бүкіл əлемде білім беру жүйелерінің келе
-
шек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мəселе қайта қаралуда. Осы 
мəселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені оқыту 
керек?» жəне «Оқытудың тиімді əдістері қандай?» деген сияқты негізгі 
сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен жəне 
білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагоги
-
калық əдістемелермен тығыз байланысты
1
. Сондықтан, жаңартылған 
білім беру бағдарламалары бойынша педагог кадрлардың біліктілік
-
тілігін арттыру курстарында - мұғалімдердің педагогикалық шебер
-
лігін дамыту, оқытудың интербелсенді əдістері мен инновациялық 
технологияларды, критериалды бағалауды іс-тəжірибесінде қолдану 
жəне сабақтарын жаңаша жоспарлауға (қысқа мерзімді жоспарлау, 
орта мерзімді жоспарлау, ұзақ мерзімді жоспарлау) бағыт-бағдар 
беру мəселелері қарастырылады. Демек, жаңаша білім беру – жаңа 
білім мен дағдыны меңгерген, шығармашылық қабілеті жоғары, сын 
тұрғысынан ойлауы дамыған, ақпараттық-коммуникациялық техно
-
логияларды меңгерген, алған білімін өмірде қолдана алатын тұлғаны 
қалыптастыруды көздейді
2
. Осы нəтижелерге жету үшін білім мазмұ
-
нын жаңарту жағдайында критериалды бағалауды қолдану өзекті 
мəселелердің бірі болып саналады. Тəуелсіз елді өркениетті əлемге 
танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім 
жəне білімді ұрпақ. Осыған байланысты білім беру саласына көпте
-
ген өзгерістер енгізіліп жатыр. Мысалы, 2016-жылдан бастап орта 
білім беру саласына жаңартылған білім беру бағдарламасы енгізілді.
Оның құрылымы: 
1
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан 
халқына Жолдауы, 2014 ж.
2
Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемле
-
кеттік бағдарламасы; Астана, 2016 ж.


271
1. Пəннің маңыздылығы;
2. Пəн бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3. Үштілділік саясатты іске асыру;
4. Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5. Пəнді оқытуда қолданылатын педагогикалық əдіс- тəсілдер;
6. Түрлі мəдениет пен көзқарастарға құрмет;
7. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану 
құзіреттілігі;
8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9. Оқу нəтижелерін бағалау жолдары;
10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі
1
.
Жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін оқушы 
білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туын
-
дайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден-бір жолы оқушы 
білімін əділ, шынайы, ашық түрде бағалау жүйесін қолдану. Ұлы пе
-
дагог Ы. Алтынсарин 
«Оқытушы бағалағанда олардың іске қаты-
сы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан 
жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау керек»
деп, айтқан
-
дай, оқушы жетістігін нақты бағалау мəселесі-білім беру жүйесін
-
дегі өзекті мəселелердің бірі. Сондықтан, оқушылардың білім нəти
-
желерін бағалау оқыту үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады, 
яғни, оқыту үдерісін басқарудың түйінді кілті бағалауда деп те ай
-
туға болады. Деңгейлік бағдарламалар мазмұнындағы «Оқыту үшін 
бағалау жəне оқуды бағалау» модулі – оқудың тиімді бағасын жəне 
оқыту үшін тиімді бағаны түсіну, оқыту мен оқудағы барлық жаңа 
тəсілмен байланысты
2
. Жалпы алғанда, жаңа критериалды бағалау 
жүйесі үздік қазақстандық жəне халықаралық тəжірибені кіріктіреді 
жəне білім беру сапасын арттырудағы нақты артықшылықтарға қол 
жеткізуге мүмкіндік береді. Дұрыс қойылған басымдық пен анық кри
-
териалды бағалау жүйесінің əдістемесі: 
• оқушылардың оқу жетістіктерін объективті жəне анық бағалауға 
жетуге; 
1
Нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2015ж.
2
«Оқушылардың оқу жетістіктерін критералды бағалау жүйесінің əдісна
-
масы» «НЗМ»; Педагогикалық өлшеулер орталығы; Оқу-əдістемелік құрал 
Астана, 2017 ж.


272
• оқу, оқыту жəне бағалауды жетілдіру мен интеграциялауға бағыт
-
талған бағалау жүйесін жүзеге асыру механизмдерінің реттілігін қа
-
лыптастыруға;
• бағалау құралдарын құрастыруға, оның ішінде жоғары деңгей 
дағдыларының қалыптасқанын тексеру үшін; 
• оқудың жеке траекториясын бақылау арқылы оқушылардың 
тұлғалық дамуына оң əсер етуге (оқуға деген ынтасын, өзін-өзі ретте
-
уін, жауапкершілігін, бірлесе жұмыс жасауын арттыру); 
• тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ақпараттық не
-
гізді ұсынуға мүмкіндік береді.
«Тұжырым жасай білген адам, алдына мақсат та қоя біледі» де
-
ген екен белгілі шығыс ойшылы. Олай болса, бағалауға деген көзқа
-
расымызды өзгертсек, сабақтарымызға критерий арқылы бағалауды 
енгізіп, оқушыларымыздың тұлғалық бағытын белсенді позицияға 
бағыттасақ, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, нəтижеге жеткізу, ал 
оқушыларымыз əр сабақта белгілі бір нəтижеге жету барысында ең
-
бектенсе, оқушы да, мұғалім де өз еңбектерінің табысын көре алады 
деп ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет