Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет103/248
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#117158
түріМонография
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   248
Байланысты:
Verstka фразеологизмдер
67425079.a4, 67425079.a4
3.2 Фразеологиялық деривация
Неофразеологизмдермен байланысты сөз етілетін фразеологиялық 
деривация мəселесі.
Фразеологиялық құрамды кеңейту əрі байыту процесі ғылыми 
əдебиеттерде «фразажасау» термині арқылы беріледі [Виноградов, 1972, 
23-30]. Бұл термин жаңа фразеологиялық тіркес жасаудың бүкіл процесі 
мен оған қолданылатын тəсілдерінің жиынтығын көрсетеді.
Фразеологиялық қордың өсуі бүгінгі таңда жаңа түсініктердің жыл-
дам өсуіне байланысты, яғни ғылымның, экономиканың, мəдениеттің 
жетілуі тек жаңа сөздердің ғана емес, жаңа тұрақты тіркестердің пайда 
болуына да əкеледі. Жаңа тіркестердің пайда болуына тілде бұрыннан 
бар фразеологиялық тікестердің өзі де жаңа фразеологизмдердің жа-
салуына деривациялық база болады. Сөйтіп фразеологиялық қорды 


95
көбейту процесі тілде бұрыннан қалыптасқан фразеологизмдердің ая-
сында жасалуы да мүмкін. Тілді тұтынушылардың барлығына таныс 
фразеологизм арқылы фраза туындатуға болады. 
Жаңа форма туындатудың бұл түрі ғылыми əдебиеттерде фра-
зеологиялық деривация деп аталады [Кунин, 1980, 51-55]. Фразеологиялық 
деривацияны фразеологизмдер негізінде окказионал тіркес жасау ретінде 
қарастыруға болады. «Фразеологиялық деривация» термині лингвистика 
саласында кеңінен танылған жəне жаңа пайда болған фразеологиялық 
тіркес немесе сөздің жаңа мағынасының жасалу процесін белгілеу ба-
рысында қолданылады. 
Фразеологиялық тіркестердің өзгеруіне, жаңаруына жаңа бақылаулар, 
бейнелер, жаңа ассоциациялар себеп болады. Фразеологизмдер:
• 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет