лексикалық
•
семантикалық
•
лексика-семантикалық
өзгерістерге түседі. Мұндай тұрақты тіркестер окказионал фра-
зеологизмдердің жасалу үлгісін көрсетеді. Айтушының лингвокре-
ативтік ойлау əсерінен тілдің əлеуеттік мүмкіндіктерін пайдалану
мақсатында қалыптасқан, қолданыс өрісінде əбден тұрақталған фразео-
логизмдер семантикалық, прагмастилистикалық өзгерістерге ұшырайды.
Фразеологизмдердің «стандарт» үлгілері сөйлеушінің бұрынғы қа-
рапайым прагматикалық интенциясы шеңберінен шығып,
лексикалық,
семантикалық, эмотивтік, бағалауыштық, компоненттік
деңгейде
түрлі өзгерістерге ұшырайды.
Окказионал фразеологизмдер – тыңдаушыға ерекше эмотивті əсер
ететін тілдік бірліктер. Окказионалды фразеологизм өзінің тілдік про-
тотиптерімен деривациялық байланысқа түсетін фразеологиялық тұлға-
ның трансформациялануының түрлі тəсілдері арқылы жасалады.
Сөйлеу жүйесінде белсенді қызмет атқаратын фразеологиялық
тұлғалардың окказионалды пайда болу жолдары əрдайым ғалымдардың
назарынан тыс қалмаған. Орыс тіл білімінде окказионал фразеологизм-
дер туралы ғалымдардың еңбектерінде (М.М. Копыленко, З.Д. Попова,
А.В. Кунин, А.М. Мелерович, В.М. Мокиенко, В.Н. Телия, Н.Ф. Алефи-
ренко, А.В. Жуков, жəне т.б.) деривацияның түрлі тəсілдері мен амалда-
ры айқын сипатталған.
|