156
этнология мен фольклористика, жалпы мəдениеттану салалары этнос
өркениетінің əлденеше ғасыр бойындағы даму жолын, заттық жəне
рухани мəдениетін, салттық дəстүрлерін, мифология этностың жалпы
дүниетанымын, наным-сенімін, өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын
қарастырады. Ал олардың бəрі тілде көрініс тауып, ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасады. Оны қарастыру лингвистика үлесіне тиеді. Яғни, диалекто-
логия да, этнология да, фольклористика мен мифология да, лингвисти-
ка да – бəрі де тікелей этносқа қатысты, бəрі де этностық ерекшелікті
сипаттайды.
Орыс тіл білімінде этнолингвистиканың негізін салушылардың бірі
Н.И.Толстой этнолингвистика жəне оның тіл мен этносты зерттеудегі
рөлі туралы айта келіп: «Основанием для работ этнолингвистического
направления является и то, что язык сам-составная часть орудие куль-
туры, и может быть описан и часто описывается через признаки, об-
щие для всех явлений культуры», – дейді [1995, 19]. Бұдан этнос пен
оның тілі біртұтас деген тұжырым қалыптасады. Өйткені тіл – этностың
бүкіл дүниетанымы, əдет-ғұрпы, салт-дəстүр, өмір-тіршілігінің көрінісі.
Этностың барлық мəдени байлығы осы тіл арқылы сақталып, бізге жетіп
отыр. Демек, тіл мен этнос тағдыры қашанда бір-бірімен тығыз байла-
нысты. Қазақ тіл білімінде ғылымның бұл саласы ең алғаш 80-жылдар-
дан бастап сөз етіле бастады. Оның қалыптасуы акад. Ə.Қайдар есімімен
байланысты. «Қазақ тілінің өзекті мəселелері» атты жинағында Ə.Қайдар
этнолингвистиканың зерттеу объектілері мен мақсат-мүдделеріне
тоқтала келіп, оның қоғамдық (мəдениеттану, этнография, этнология,
өлкетану, фольклористика, мифология, дінтану, астрология т.б.) жəне
лингвистикалық (этимология, диалектология, ономастика фразеология,
терминология, лексикография т.б.) пəндермен байланысына тоқталады.
«Өйткені өзіндік мақсат-мүддесі бола тұрса да, бір ортақ объектіге – «тіл
əлеміне», «тіл қазынасына», «тіл құдіретіне» т.б. – соқпай кете алмай-
тын аталған пəндерден этнолингвистика да бөлініп, жарылып өз алдына
оңаша тұра алмаса керек», – дейді [1998, 13].
Сонымен қатар, ғалым осы бірнеше
жылдар ішіндегі ізденістер,
зерттеулер нəтижесінде қазақ этнолингвистикасы шарықтау шегіне жет-
песе де, өзіндік ерекшеліктерінің, бағыт-бағдар, мақсат-мүдделерінің
қалыптасқанын сөз етеді. Соның бірінде «Қазақ этносының ұлттық бей-
несін, өзіндік болмысын толық та түбейгейлі түрде тек оның тіл байлығы
157
– «Тіл əлемі» арқылы ғана жан-жақты танып білуге болады» десе,
енді бірінде «Тіл əлеміндегі этнос бейнесін тек лексика қорының жиі
қолданылатын «үстіңгі қабатындағы» мағыналық бірліктер негізінде ғана
емес, сонымен
қатар оның төменгі қабаттарына, қойнау-қолаттарында
тұнып жатқан сөз маржандары арқылы да жаңғыртуға тырысады» деп,
осы «Тіл əлеміне» келіп құйылып, тілдің
лексика-семантикалық қорын
дамытудың этнолингвистикалық арналарын ұсынады. Олар:
1. Баламалар. Бұларға тіліміздегі негізгі атауларды бейнелі түрде су-
реттеуден туындаған (мысалы, көмір «қара алтын», телевизор – «көгілдір
экран» т.б.) жасанды баламалар (перифраздар) мен əр түрлі наным-сенім-
ге, əдет-ғұрыпқа байланысты тыйым салынған «табу» сөздерді алмас-
тыратын эвфемистік баламаларды жатқызады.
2. Тұрақты теңеулер. Бұларға бір зат пен
екінші бір затты өзара са-
лыстыру, ұқсату, бір-біріне балау, теңеу арқылы оларды анықтау, си-
паттау, бағалау, өлшеу т.б. осы сияқты
танымдық мақсаттан туындап,
тұрақталған тіркестерді жатқызады.
Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: