Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет108/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)

199. Өткелек.
Ойыншылар саны: 20-30 адам. Ойынның мақсаты: сапта тұрып бұрылу арқылы тұрыстарын өзгертуге жаттықтыру. Өткізетін орын: спорт зал, алаң.
Ойынға дайындық: ойыншылардың арасынан жеребе бойынша екі ойын жүргізуші таңдалынып алынады. Олар алаңның шетінде бір-бірінен қашықтықта тұрады. Қалған ойыншылар алаңда бір тізбек болып жүріп келе жатып, бірнеше топқа бөлінеді.
Ойынның мазмұны: ойынды бастауға берілген белгіден кейін, бірінші ойын жүргізуші көшелердің (өткел) арасына кіріп қашады. Екіншісі оны қуа жөнеледі. Көше (өткел) құрып тұрған балалар бірінші ойыншының тез қолға түспеуіне жағдай жасап тұрады.
Ойынның ережесі: көшеде (өткелде) тұрған ойыншылар сап түзеп тік тұрулары керек; ойын жүргізушілерге тұрған балалардың арасынан өтуге болмайды, тек көшелермен жүгіреді. Ойынды жүргізуші бұйрықты уақытында беруі керек, берілген бұйрық тез орындалуы тиіс.
Әдістемелік нұсқау: ойын қызықты өту үшін көшедегі ойыншылар өлең тақпақ айтып, қолдарымен неше түрлі жаттығулар жасап тұруға болады. Тек ойынды жүргізуші бұйрық берген кезде тынышталса болғаны. Бұл ойынды жалпы ойыншылардың өздері басқаруына беріп, мұғалім сырттай бақылап тұруы тиімді.
Ойынның педагогикалық маңызы: сыныптағы оқушылардың бірдей ұйымдасып күрделі қимылдар жасап жаттықтыруға жақсы жағдай жасалады. Ойынды жүргізушінің айтқанын мұхият тыңдап, бірдей әрекеттенуге үйренеді. Барлық ойыншылар ортақ жанашыр болып, жаттығуларды іс жүзінде бірдей көрсетіп орындауға мүмкіншілік туады.
200. Зат жинау.
Ойыншылар саны: 15-20 адам. Ойынның мақсаты: тез жүгіре жүріп, ұсақ заттарды бір жерден екінші жерге жинауға жаттықтыру.
Керекті құрал-жабдықтар: неғұрлым ұсақ заттар: асық, доп, тастар т.б.
Өткізетін орын: спорт зал, алаң.
Ойынға дайындық: ойын алаңына шеңбер сызылады. Соның ішінде жиналған асық, доп және т.б. заттарды қояды. Ойыншылар санау арқылы екі топқа бөлінеді. Шеңберден қашықтықта тізбектеліп, сөре сызығының үстінде тұрады.
Ойын мазмұны: ойын бастаушының белгісімен әр топта бірінші тұрған ойыншы жүгіріп барып шеңбердің ішіндегі бір ғана затты алып тізбектің соңына келіп тұрады. Бірінші бала сызықтан өте сала келесі бала жүгіріп кетеді. Ойын осылай шеңбердің ішіндегі заттар таусылғанша созылады. Арнаулы төрешілер алқасы әр топтың жинаған заттарын санайды. Қай топ көп зат жинаса, солар жеңіске жетеді.
Ойынның ережесі: әр жүгіріс бойынша тек бір ғана зат алады. Зат жолда түсіп қалса, ол есепке алынбайды, түсіп қалған затты ойыншы қайта көтеріп алуына болады. Кезектегі тұрған ойыншы алдыңғы бала сызықтан өткенде ғана жүгіруін бастауы керек. Одан ерте шығып кетсе ойыннан шығады.
Әдістемелік нұсқа: ойын қызықты өту үшін ережені сақтау керек. Сыныптағы оқушылардың шамасына қарай ойынның мазмұнына қарай қосымша жаттығулармен толықтырылады.
Ойынның педагогикалық маңызы: балалар өздерінің ұжымдық іс-қозғалысын біріктіру іскерліктерін арттырады. Тез жүгірудің тәсілдерін үйренеді. Жүгіріп келіп, кілт тоқтап, еңкейіп затты алуға жаттығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет