Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет55/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)

67. Жер, теңіз, ауа
Ойынды далада, не бөлмеде ойнауға болады. Ойын жүргізуші тағайындалады, оның қолында орамал болады. Ойнаушылар қатарласып отырады. Жүргізуші отырғандардың бірін нұсқап: «Жер», «Теңіз» немесе «Ауа» деген сөздердің бірін айтады. Мысалы, ол «Жер» деген сөзді айтты делік, сол сөзді айтысымен нұсқаған ойыншыдан жауап күтеді. Жүргізуші үшке дейін санап болғанша нұсқаған ойыншы бір жануардың атын атап үлгеруі керек. Сонда нұсқаған бала мүдірмей жерде тіршілік ететін жануарлардың бірін атауы керек. Үшке дейін санағанша жауап беріп үлгермесе жауап беруші баланы орамалмен арқасынан ұрып жібереді. Ал жауапты тез айтып үлгерсе ойында қала береді. Жүргізуші келесі ойыншыға сұрақ қояды. Бастаушы «теңіз» деген сөзді айтса, теңзде өмір сүретін жан-жануарлардың, балықтың, «ауа» десе ауада ұшатын құстардың атын атауы керек.
Кімде-кім ойын аяғына дейін дұрыс жауап беріп отырса, сол жеңіске жетеді.
Ойын білімді терендетеді, тапқырлыққа жаттықтырады.
68. Мырыш
Ойын жүргізуші ортадағы орындыққа бір ойыншыны отырғызып, оның көзін орамалмен байлап, аузына тиын тістетеді де, сұқ қолымен кез келген ойыншыны көрсетіп «Мырыш» дейді. Осы кезде көзі байлаулы ойыншы ауыздағы тиынды бергісі келсе «мияу» дейді, ал бергісі келмесе, ойын жүргізушінің айтқан «мырыш» деген сөзін қайталайды. Сонымен көзі байланған ойыншы «мырыш» деген жағдайда жүргізуші көрсеткен ойыншы орнынан тұрады да, білдірмей келіп, көзі байлаулы отырған ойыншының аузынан тиынды тісімен тістеп алып кетеді. Ол білдірмей орнына қайта отырады. Осы кезде жүргізуші ортадағы ойыншының көзін ашып, аузынан тиынды алған адамды тап дейді. Көзі байланған ойыншы кім алғанын тапса, онда ол екеуі орындарын ауыстырады. Ал көзі байланған ойыншы тиынды кім алғанын таба алмаса, онда ортада тұрып өзі білетін өнерін көрсетеді. Сонан соң оның көзін қайта байлайды, немесе көптің шешуімен басқа ойыншыны ортаға шақырады. Көбінесе ойын қызықты болу үшін көзі байланған қыз болады, онда оның аузындағы тиынды алу үшін ер баланы шақырады, ал ұл болса, керісінше қыз бала болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет