Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет103/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)

190. Садақ ату
Садақ – жебе атуға арналған қол қаруы. Садақ ең көне қару түрі болып cаналады. Ерте кезде аң аулауда, кейін соғыс қаруы ретінде қолданылды. Қарапайым садақты тобылғы, үйеңкі, т.б. ағаш шыбықтарынан доғаша иіп, екі ұшын қайыспен, жіппен тартып байлайды.
Садақ ату спорты кең тараған. Ол садақшыдан жақсы дене дайындығын және дәл көздеу әдістерін меңгеруді талап етеді. Садақ атумен кез келген жастағы адамдар шұғылдана алады. Садақ ату өтетін орын атыс орны деп аталады. Садақ оғының ұшу бағытына қарай үш жағынан қауіпсіздік алабы (ені 20 м-кем емес) жасалуы тиіс. Садақ атудан жарыстар әйелдер үшін – 30, 50 және 70 метрлік, ерлер үшін – 30, 50, 70 және 100 метрлік қашықтықта өткізіледі. Орындайтын жаттығуына байланысты әрбір мерген нысанаға 72 жебені атады. Мұнда байқау атуы болмайды. Садақ тарту командасы әдетте 4 мергеннен тұрады, есеп 3 тәуір нәтиже бойынша жүргізіледі. Садақ атуды балалар жас кездерінен ойын түрі ретінде меңгеріп, дәлдеп атуға, алысқа атуға үйренеді.
191. Құсбегілік
Тарихи деректерге қарағанда бүркітті қолға үйретіп, аңшылыққа пайдалану 3 мың жылдан асыпты. Итальян жихангері Марко Полоның естелігінде Құбылай ханның саятшылыққа пайдаланған 500 бүркіті және басқа да құстарының болғандығы жазылады. Шыңғысханның ұлы Жошының 3 мың бүркітшісі болғандығы туралы деректер бар.
Қазақ халқы құсбегілікке: бүркіт, қаршыға, лашын, сұңқар, тұйғын, тұрымтай құстарын жиі пайдаланады.
Құсбегілік өнер қазақтың ұлттық ойындарына жатады және халық арасында салауатты өмір салтын дәріптеу құралы ретінде кең қолданылады. Құсбегілік адамға өмірлік маңызы бар қолданбалы дағдылар мен батылдық, епшілдік секілді қасиеттерді жетілдірумен қатар табиғатты қорғауды іске асырады.
2004 жылы «Бүркітші» федерациясы құрылып Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына енді. Елімізде бүркітшілер қатары жылдан-жылға өсіп келеді.
Жарыс өткізу орны мен тәртібі
1. «Құсбегілік» өнері бойынша жарыстар жарыс ұйымдастырушылардың байқауына қарай құс ұшыратын қырлы және аң жіберетін етегі арнайы таңдап алған жерде өткізіледі.
– алаңның кеңдігі 1000-1500 метрден кем болмауы тиіс;
– құстың ұшуына кедергі келтіретін электр сымдары, жасанды құрылыс заттары, тау, өзен, батпақ жерлер болмауы тиіс.
2. «Құсбегілік» өнері бойынша жарыстар бүркітшілер мен қаршыға тектес кіші құстар болып екі түрінен де ересектер арасында, жастар арасында және жасөспірімдер арасында өтеді.
3. Жарыс алдында жеребе тасталып, спортшыларға нөмер беріледі. Әр спортшы өзіне және құсына берілген нөмірімен жарысқа қатыстырылады.
4. Бүркітшілер жарысы: қолға шақыру, қоянға салу, кептерге салу бойынша өткізіледі.
Құсбегі спортшылардың киім үлгісі:
– ұлттық нақышта өрнектелген шалбар;
– ұлттық нақышта өрнектелген кеудеше шапан;
– ұлттық нақышта өрнектелген бас киім;
– биялай;
жем қалта;
– кездік;
– түтік;
– тұғыр;
– томаға;
– балдақ;
– жемаяқ;
– балақбау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет