Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет131/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)

265. «Сауатсыздықты жою»
Ойынды бір топ болып ойнайды. Ойыншылар орталарынан сауат ашқыш «мұғалімді» тағайындайды. Қалғандары «хат танымайтындар» болып есептеледі. Ойын үшін жазық алаңда шеңбер сызылады да, ортасына «мұғалім», оны айнала «сауатсыздар» тұрады. «Мұғалім» екі қолын жайып, алаң ішіндегі ойыншыларға қарай жүгіреді. Куып жеткен кез келген ойыншыны құшақтай алады, ұсталған ойыншыға өзі қалаған сөздің бірінші буынын тез айтады, ұсталған ойыншы оған тез жауап қатуы керек. Мысалы «қа»... дейді. Оған ұсталған бала «қағаз», «қасқыр», «қалам» т.б. деп жылдам жауап беруі қажет. Тез жауап бере алған ойыншы хат таныған болып есептеледі де, енді ол «мұғаліммен» бірге, «сауатсыздарды» ұстауға кемектеседі. Сөйтіп ойыншылар түгел ұсталғанша ойын жалғаса береді. Ойын арасында «мұғалім» сауатын ашқан, яғни ұсталған шәкірттеріне нұсқау беріп, кімді ұстау керектігін айтып отыруына болады. Ойыншылардың қай-қайсысы да белгіленген ойын алаңынан сыртқа шықпауы керек.
266. Күн мен түн
Бұл ойынды өткізу үшін ұзындығы 40-60 м, ені 20-30 м алаң таңдап алынады. Алаңның дәл ортасынан көлденең сызық сызылады да, оған параллель етіп екі жағынан бір метр қашықтықтан тағы екі сызық сызылады. Ойыншылар саны жағынан бірдей, жас деңгейлері де шамалас екі топқа бөлінеді. Топтың біріне «күн», екіншісіне «түн» деп ат қойылады.
Ойын жүргізу үшін төреші тағайындалады. Төреші ортаңғы сызықтың екі жағына сызылған сызық бойына топтарды тұрғызады. Ойын шарты бойынша төреші атын атаған топ, екінші топтағы ойыншыларды мәреге жеткізбей қуалап ұстаулары керек. Төреші топтың бірінің атын атайды, мәселен: «күн» деп дауыстаса, «күн» тобындағылар «түн» тобындағы ойыншыларды мәре сызығына дейін қуып ұстайды. Ойынның мақсаты, қарсыластар тобынан көп адам ұстау.
Төреші ойыншыларды жаңылыстыру үшін, кейде «күн» деп, кейде «түн» деп қатарынан бірнеше рет айтуына да болады. Ал жалпы екі топ қууға да, қашуға да дайын болулары керек. Қай топ ойыншылары қарсылас тобынан көп адамды көмбеге дейін жеткізбей ұстап алса, сол топ жеңіске жеткен болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет